Просмотр содержимого документа
«Боленова Аяулым Думановна»
Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж
Дәріс № 5
Пән: Математикалық теория негіздері мен әдістері
Курс тақырыбы: Арифметикалық ұғымдар және оларды оқыту әдістемесі
Сабақ тақырыбы: 100 (1000) көлеміндегі қосу және азайтудың ауызша жағдайлары
Математиканы бастауыш буында оқытудың белгілі бір кезеңінде арифметикалық амалдарды орындаудың тәсілдері үйретіледі. 100 көлеміндегі сандар мен 1000 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу мен азайту 2- сыныпта енгізіледі, ал көбейту мен бөлу сндай-ақ үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін қарастыру 3- сыныпта көзделеді.
4- сыныпта амалдарды орындаудың жазбаша тәсілдері көп таңбалы сандарға қолданылады да, сәйкес есптеулер жүргізу біліктері мен дағдылары қалыптастырылады. Жазбаша есептеу тәсілдері амал алгоритмдерінің мән-мазмұны болып табылады.
Амал алгоритмі- қандай да бір амалды орындау процесіндегі саналы іс-әрекеттің әр қадамын бағыттап отыратын орныққан тәртіп-ережелердің жүйесі.
Қосу мен азайту амалдары алгоритмдерінің мән-мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: сандарды разряд бірліктерін бірінің астына бірін дәл келтіріп ретті жазу, амалды кіші разрядтан бастап біртіндеп орындау кезінде разряд бірліктерін «ірілеу» немесе «ұсақтау», нәтиженің дұрыс табылғанына тексеру арқылы көз жеткізу.
Оқушылар күнделікті тәжірибеде мысалдарды қарастыру барысында сандарды разрядтар бойынша қосу мен азайту дағдысын игереді. Есептеулерді ауызша немесе жазбаша жүргізуге жаттыға келе оқушының екі таңбалы санды қосу мен азайтуға қатысты дағдылары олардың шұғыл түрде орындайтын іс-әрекеті деңгейіне жеткізіледі. Балалар мысалды оқылғанда (есту) және жазылғанда (көру) бірден ондықтар, бірліктер разрядындағы цифрларға назар аударып, іштен есептей отырып нәтижені бірден айтады немесе жазады.
Сонымен «Жүздік» тақырыбын оқып-үйренудің соңын ала оқушылар қосу мен азайту алгоритмдерінің мән-мазмұнын игеріп шығады деуге толық негіз бар. Ал «Мыңдар» тақырыбында қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері бойынша оқушылар өздерінің игерген білім, білік және дағдыларын сандардың жаңа облысына қолданады. Жазбаша қосу мынадай ретпен қарастырылады:1) бірліктерінің қосындысы мен ондықтарының қосындысы 10-нан кіші (кем)болатын жағдайлар;2) бірліктерінің қосындысы, ондықтарының қосындысы 10-ға тең болатын жағдайлар;3) бірліктерінің қосындысы, ондықтарының қосындысы 10-нан үлкен болатын жағдайлар;Оқушылар жазбаша есептеулермен қатар ауызша есептеулерге төселуі үшін мынадай тапсырмалар берген орынды: х – 290 =610, х+294 = 638
Азайтудың жазба әдістерімен орындалатын жұмыс осыған ұқсас жүргізіледі. Қосу амалындағыдай, мысалды баған түрінде жазса, нәтижені табу оңай және жылдам болатынын балалар байқайды.
Бұдан кейін ортасында немесе соңында нөлдері бар сандарды азайту жағдайлары қарастырылады : 547-304 = , 547-340 = Оларды енгізуден бұрын 0- мен байланысты амалдарды қайталап алған дұрыс 5+0 , 5-0, 0-7 Есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі жаттығулар енгізіп отыру қажет.
540 603 875 900 - 126 - 281 - 528 - 547 ------- --------- -------- ---------
Жаттығуларды орындау процесінде оқушылардың пайымдаулары неғұрлым қысқа болып, ал есептеу тезірек орындалуы тиіс.«Мыңдар» тақырыбын оқып үйренуде жазбаша қосу мен азайту дағдылары кемелдене түседі де, ол тақырыпты оқып үйренудің соңында барлық оқушылар сәйкес алгоритмдердің мән-мазмұнын және орындаудың кезеңдерін еркін игеруі тиіс, осыған жету үшін қосу және азайту амалдарын орындаудың ерекшелігі мынадай ретпен ашылады.Ондықтан аттап қосу не азайту кезінде оқушылар қателесетін немесе қиналатын болса, ондай оқушылармен жеке көмек көрсетіліп, оларға мынадай жазулардың көрсетілуі мүмкін: 378 564 570 1010 + 419 + 398 - 246 - 268 ------- ---------- ---------- ----------
«Миллиондар» көлеміндегі сандарды нөмірлеу мен оларға жүргізілетін амалдарды оқып –үйрену барысында жазбаша қосу мен азайту дағдылары дамытыла түседі.Мұнда оқушылар өздеріне үйреншікті алгоритмдерді тек қана көп таңбалы сандарға қолданады.Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтумен танысу кезінде оқушылар әрбір келесі мысалдың құрамына алдыңғы сандар еніп отырған жағдайларды қарастырады. Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтусияқты орындалатындығы жөнінде қорытынды жасайды.
Бұдан кейін қосу мен азайту жағдайлары біртіндеп қиындай түседі.Бірте-бірте разрядтық бірліктерді аттап өту саны артады: азайтуда азайғыштың нөлдері бар болатын жағдайлары енгізіледі; бірнеше қосылғыштарды қосу, сондай-ақ атаулы сандарды қосу мен азайту үйретіледі.
Азайтуда азайғыштың кіші разрядтық санмен берілген жағдайлары біршама қиындық келтіреді, жоғарғы разряд бірліктерін төменгі разряд бірліктеріне ұсақтауды көрсеткен тиімді. Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды үйренген кезде сол амалдарды ауызша орындау тәсілдеріне көңіл бөлудің маңызы зор, олай болмағанда есептеудің жазбаша әдістерін меңгеріп алғаннан кейін балалар оларды жазбаша үшін де, ауызша жағдайлар үшін де қолдана бастайды. Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды оқып үйренгеннен кейін метрикалық өлшеуіштермен өрнектеліп жазылған құрама атаулы сандарды қосуға және азайтуға кіріседі, өйткені бұл есептеулердің әдісі ұқсас.
Оқытушы: Боленова А.Д.