СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бөлме өсімдіктері және оларды күту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін бекіту (атауы, құрылысы), өсімдіктерді салыстыра білу, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба алу, олардың өсуіне қажетті жағдаймен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«Бөлме өсімдіктері және оларды күту»

Технологиялық карта


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері және оларды күту.

Мақсаты:

  1. Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін бекіту (атауы, құрылысы), өсімдіктерді салыстыра білу, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба алу, олардың өсуіне қажетті жағдаймен таныстыру.

  2. Практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттыру, өсімдіктер туралы білімдерін дамыту.

  3. Әңгімеге араласа білуге, өз көзқарасын айта алуға тәрбиелеу, өсімдіктерді өсіруге, күтуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, бөлме өсімдіктері, таяқшалар, су сепкіш, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: бөлме өсімдіктері.

Билингвальды компонент: бөлме өсімдіктері - комнатные растения, су бүрку - опрыскивать водой, топырағын қопсыту -разрыхлять почву.


Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

1

2

3

Мотивациялық қозғаушылық

- Балалар, табиғат бұрышынан білуге құмар Қоянның хатын тауып алдым. Ол хатында бөлме өсімдіктерін жақсы көретінін, бірақ оны қалай күту керектігін білмейтінін айтыпты.

Балалар Қоянның хатымен танысады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

- Олай болса, Қоянға біздің бөлмедегі өсімдіктерді көрсетіп, оны қалай куту керектігін үйретейік.

- Қоян, қарашы біздің топта бөлме өсімдіктері қандай көп. Балалар, осы өсімдіктердің атын атап көрейікші.

- Балалар, өсімдіктердің бөріне ортақ ұқсастықты айтып

Балалар педагогтің көмегімен өсімдіктердің атын атайды: бегония, бальзамин, герань, папортник, кактус т.б.

- Олардың тамыры, жапырағы, сабағы бар.

- Олардың жапырақтары әртүрлі, бірінің сабағы жуан, бірінің сабағы жіңішке.

1

2

3


беріңдерші.

- Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Билингвальды компонент: Бөлме өсімдіктері - комнатные растения, су бүрку - опрыскивать водой, топырағын қопсыту -разрыхлять почву.

- Енді Қоянға өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдеп беріңдер.

- Олар аузы жоқ болса, қалай қоректенеді, су ішеді?

- Ал ауамен қалай демалады?

- Жарайсыңдар, балалар, Қоянға көп нәрсе айтып бердіңдер.

Сергіту минуты:

- Өсімдіктер алғаш өнген кезде ңандай болады?

- Қалай өседі?

- Жапырағын қалай жаяды?

- Гүлдері қайда өседі?


- Жаңбыр жауғанда гүлдер қайтеді?


Практикалық жұмыс.

- Балалар, енді Қоянға өсімдіктерді қалай күту керек екендігін көрсетейік.


- Өсімдік жақсы өсу

















- Өсімдіктер өседі, қоректенеді, су ішеді, ауамен демалады, өсуін тоқтатады.

- Ол тамыры арқылы топырақтан қоректік затты, суды алады.

- Жапырағы арқылы демалады.




Балалар отырады.

- Жайлап көтеріледі.



- Қолдарын екі жағына жаяды.

- Қолдарын жоғары созады.


- Қолдарымен бастарын жабады.


Балалар алжапқыштарын киеді, қолдарына таяқшаларын, су

1

2

3


үшін не керек?

Олай болса, өсімдіктерді жарық жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайық.

  1. Топырақты таяқшамен қопсытамыз.

  2. Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз.

  3. Су құямыз.

  4. Жапырақтарына су бүркеміз.


- Өсімдіктердің жапырағы, тамырына зақым келтірмес үшін, күту жұмысын қалай орындадыңдар?

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер Қоянға өсімдіктерді күтуді үйреттіңдер. Енді ол да өсімдіктер өсіретін болады.

- Ал енді олар неге бөлме өсімдіктері деп аталады?

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.

сепкішті алады.


- Өсімдік жақсы өсу үшін ауа, жарық керек. Балалар екі - үштен бірігіп, топтағы өсімдіктердің топырағын қопсытып, су құяды.
















- Мұқият, ұқыпты, баппен, мейіріммен.

Өйткені олар бөлмеде өсіріледі.


Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, алдарыңда әдемі құмыралардың суреті тұр. Осы құмыраларға гүлдер өсіруіміз керек. Мен жақсы музыка қоямын, музыканың көмегімен әдемі гүлдердің өсуіне көмектесіңдер. Қоян балаларға алғысын айтып, қоштасады.

Балалар құмыраға өздері қалаған гүлдің суретін салады. Олар гүлдерін Қоянға сыйлайды.


Күтілетін нәтиже:

орындайды: бөлме өсімдіктеріне дұрыс күтім жасауды, оның өсуіне қажетті жағдайды;

түсінеді: өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын, өсімдік мүшелерін ажырата білуді, өсімдіктердің өсуі үшін ауа, жылу, жарық, судың қажет екендігін;

қолданады: практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттырады, өсімдіктерді өсіруге деген қызығушылықтарын арттыруды.