СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бөлме гүлдері «Алоэ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жобаның мақсаты: Алоэ гүлімен таныстыру.Емдік қасиеті түсіну олардың , балалардың  түсініктерін кеңейтіп, оларды тани білуге,  және түрлерін ажыратуға  үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Бөлме гүлдері «Алоэ»»

Қазақстан Республикасы Білім мен Ғылым министрлігі

Солстүк Қазақстан облысының Білім басқармасы











Бөлме гүлдері «Алоэ»







Орындаған : Искакова Г.С

Тасмағанбетова Ә.Т.














2013 оқу жылы




Жобаның тақырыбы:Бөлме гүлдері «Алоэ»

Жобаның мақсаты: Алоэ гүлімен таныстыру.Емдік қасиеті түсіну олардың ,

балалардың  түсініктерін кеңейтіп, оларды тани білуге,

және түрлерін ажыратуға үйрету.

Балаларды қоршаған ортаны, алоэ гүлін қорғай, аялай

білуге тәрбиелеу.

Жобаның өзектілігі:алоэ гүлінің емдік қасиеті


Күтілетін нәтиже: Көрме ұйымдатыру

Жобаның түрі: шығармашылық –зерттеу

Жобаның кезеңдері:

1.Дайындық кезеңі: суреттер жинау,гүлдер саябағына саяхатқа бару

2 Негізгі кезеңі: саяхатқа бару, сурет салу

3Қорытынды кезеңі: Көрме ұйымдастыру


Өтілетін мерзімі: 1 апта

Жобаға қатысушылар: тәрбиеленушілер, тәрбиеші, ата-аналар

Жобаның жоспары:


Өтілетін уақыты

тақырыбы

Іс-әрекет

мазмұны

Дайындық кезеңі

1

1.10 .2013

Алоэ гүлі


Таныстыру Әңгімелеу

Ақпарат жинау


Алоэ гүлін танып , білу

Негізгі кезеңі

2

3.10.2013

Алоэ гүлі жайлы

саяхат

Түрлерін танып, білу

3

4.10.2013

Ыдыстағы алоэ

Сурет салу

Қасиеттерін ескере отырып ,салу

Қорытынды кезең

4

5.10.2013

Суреттер көрмесі

Көрме ұйымдастыру












Дайындық кезеңі:


Тақырыбы: Алоэ гүлі

Мақсаты : - Алоэ гүлімен таныстыру

-Алоэ гүлі туралы әңгіме дүкен құру

-Алоэ гүлі жайлы ақпарат жинау (суреттер,құрамында алоэ гүлі

бар кремдер мен дәрі-дәрмектер, ыдыстағы алоэ гүлі)

Күтілетін нәтиже: Алоэ гүлін танып , білу


Қолданған құрал-жабдықтар: гулдердің суреттері, интернет

Негізгі бөлім: Алоэ гүлі жайлы мағұлмат беру оның емдік қасиетеріне

тоқталу, суреттерін көрсету,ақпарат көздерін пайдалана

отырып алоэ гүлін сан қырынан көрсету.Алоэ гүлі және

суреттерін көрсету




Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” дегенсөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдікқасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие.
Алоэнің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.
Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.
Орны
Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады.
Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің сусақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтыңкебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыссуармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды.
Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады.
Көбеюі
Тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту процесі тұқым, жанама тымыр және сабақты құмды топыраққа отырғызу/егу арқылы іске асады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.
Алоэ дарақ (тал) тәріді өсімдік болғандықтан, өсу барысында жан-жағына өркен жаяды. Сол себепті де үлкен әрі биік болып өсуі ықтимал. Алайда, мұндай үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ салынған құмыраға (горшок) немесе ауыр капшоға отырғызу керек.
Алоэнің түрлері
Алоэ вера
Үйде өсірілетін алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ

Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...

Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жазбадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.



Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады.



Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: "Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады" деп жазып кеткен.

Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өт қабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді.

Алоэны қандай жағдайда қолдануға болады?

Тәніңізді тыныштандыратындай ванна қабылдағыңыз келсе, 3 ас қасық шырынды 2 стақан сүтке және жалбыз тұнбасына қосып, жылы ваннаға қосасыз. Мұндай ваннада 15 минут жатуға болады.

Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.






Ол үшін алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол үшін алоэның бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі.

Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.

Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.

Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.



Қорытынды: Тәрбиеленушінің жан-жақты білім-білік дағдыларын жетілдіру үшін , алоэ гүлімен таныстырып көптеген мәліметтер жиналды (алоэ гүлінің суреті,құмырыдағы өсіп тұрған өскіні , Әдебиеттерден алынған мәліметтер қолданылды). Алоэ гүлінің емдік қасиетіне тоқталу



Негізгі кезеңі:

Тақырыбы: Алоэ гүлі жайлы


Мақсаты : - Алоэ гүлімен танысу мақсатында гүлдер гүлзарына

тәрбиеленушілер, ата-аналар , тәрбиешілермен бірге саяхатқа

бару.

- Алоэ гүлінің сан түрлерін көріп танып білу

Күтілетін нәтиже: Алоэ гүлінің сан түрлерін танып , білу


Қолданған құрал-жабдықтар: гулдер гүлзары, гүлдер

Негізгі бөлім: Алоэ гүлінің сан алуан түрін танып білу

















Қорытынды: Алоэ гүлінің сан алуан түрін танып білу

















Қорытынды кезең:

Тақырып: Суреттер көрмесі

Мақсаты: Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиетінің зерттеу мақсаты көрме ұйымдастыру арқылы балалардың қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже: Көрме ұйымдастыру

Барысы: Ұйымдастыру, көпшілікке ұсыну, сын пікір ұсыну

















Көрме арқылы алоэ гүлімен танысып оның емдік қасиеті, түрлері және қалай өсуі оның суреттерімен танысып көптеген мәлімет алды