| Ребус «Бөлшектеп тігу. Біріктіріп тігу.» Ендеше , балалар, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бөлшектеп тігу. Біріктіріп тігу.» деп аталады. Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырды. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістері қолданылады. Ең алдымен тігіс түрлеріне тағы бір мәрте шолу жасап кетсек.  Қиғаш тігіс. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.  Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шашылады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.  Ілмек тігіс. Матаның шеті сетінемес үшін және түймектерді торлау үшін қолданылады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі. Біз бүгін осы тігіс түрлерін пайдалана отырып, қалташалар тігетін боламыз. Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі.Қалтаның жапсырма, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта т. б. түрлері болады. Орналасуына қарай жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты (клапанды) болып келеді де, олар әдіптелген тілікті, бүрмелі, оюлы және сырып тігіледі.    Сұрақтар. -Киім неден тігіледі? (мата) -Мата неден тұрады? (талшық) -Екі басты жалмауыз, керіп аузын ашады, алдына түскен нәрселер, өзінен — өзі қашады. (қайшы) -Бір тышқанды екі құйрық. (ине) -Үйінде … бар адамның үсті – басы ұқыпты болады? (ине мен жіп) -… бірінші кезектегі қажетті нәрселердің бірі болып табылады. (киім). -Киімнің сәнді, әрі жарасымды болып көрінуіне ықпал ететін … маңызы өте зор. (қалта) -Тігін құралы (оймақ) -Қалтаны матадан немен ойып аламыз? (қайшы) |