СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Болымды және болымсыз етістіктер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Болымды және болымсыз етістіктер

Просмотр содержимого документа
«Болымды және болымсыз етістіктер»

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістіктер
Сабақтың мақсаты: білімділік – болымды және болымсыз етістіктер туралы білімді қалыптастыру;
дамытушылық – теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту, ойын жинақтай білуге дағдыландыру;
тәрбиелік – оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, алғырлыққа баулу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс, пікір айту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: тірек – сызбалар, үлестірме қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабаққа даярлығын тексеру.
Хош келдіңдер балалар!
Оқуға құмар даралар!
Сабағымызды бастайық,
Маған назар салыңдар!
“... Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” (Н. Назарбаев)

Иә балалар сендер еліміздің болашақ иесісіңдер. Болашақ ұрпақ білімді, ғылымды, техниканы жақсы меңгеруі қажет. Олай болса, балалар біз бүгінгі сабағымызды бастайық.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген.
(Сыныпты 2 топқа бөліп отырғыздық)
І топ «Үш биік» ----------------------- ІІ топ «Үш қуат»
Ұраны: ----------------------------------- Ұраны:
Оқу – білім бұлағы, ----------------- Оқусыз білім жоқ,
Білім – өмір шырағы. ----------------- Білімсіз күнің жоқ.

Психологиялық дайындық
«Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады»
І Ойды бөлісу стратегиясы.
(Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1. Елімізге тыныштық тілеймін. ---------- 1. Күніміз жарық болсын!
2. Деніміз сау болсын! ---------------------- 2. Елбасымыз аман болсын!
3. Нанымыз көп болсын! -------------------- 3. Аспанымыз ашық болсын!
4. Көк туымыз биік болсын! ---------------- 4. Аналарымыз аман болсын!
5. Еліміздің тірегі – әкелеріміз ------------- 5. Балалар бақытты болсын!
Аман болсын!
6. Жарқын болсын күніміз. ----------------- 6. Жарқын шықсын үніміз.
7. Елін сүйіп ер жетер, ------------------------ 7. Біз болашақ гүліміз.

ІІ Мұғалім: Жақсы, құрметті оқушылар. Осындай жақсы көңіл күйде сабағымызды жалғастырайық.

ІІІ «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»
Өткен тақырыптар бойынша білімдеріңізді байқап көрелік!
«Ақылды адам – батпан - ақ, ақылсыз адам сасқалақ» деп сасқалақтамай сұраққа дұрыс жауап береміз.

Сөз таптары
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
1. Етістік дегеніміз не?
2. Негізгі етістік дегеніміз не?
3. Туынды етістік дегеніміз не?
4. Дара етістік дегеніміз не?
5. Күрделі етістік дегеніміз не?

«Біліп қана қою - аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыру керек» /И. Гете/

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру. (тірек – сызба арқылы)
а) Ой тастау.
Абай Бөжейдің пішінін жаңа жақсылап көрді. Жан – жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс – әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады?
Ал енді бұл сөйлемдердегі іс – әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?

Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік.
1. Бос бесікті тербетпе.
2. Малды теппе.
3. Үй ішінде ысқырма.
4. Көпке топырақ шашпа.
5. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды. 6. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
7. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер.
8. Малды аяғыңмен теппе.
9. Нанды бір қолмен үзіп жеме.
10. Кітапты таза ұста.
11. Құстарға жемсауыт жаса.
12. Сүт тағамдарын жерге төкпе.

б) Тұжырым жасау.
Демек, іс – әрекеттің жүзеге асу – аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді.
Болымды етістік қимыл, іс – әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы, келді, жүрді, сөйледі т. б.
Болымсыз етістік қимыл, іс – әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді.
Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық.
1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б.
2. Етістіктің есімше тұлғасы мен «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б.

IV Сабақты пысықтау. 1.«Мен – саған, сен – маған»
Сан есімдерге байланысты мақал - мәтелдер оқу, мағынасын ашу, сан есімдерді табу.
І топ
«Үш биік»
1. Батыр... рет өледі,
қорқақ... рет өледі.
2. Ел құлағы...
3. Алыстан... жасар бала келсе,
... шал алдынан шығар.
4.... рет өлшеп,... рет кес.
5.... кеменің басын ұстаған
Суға кетеді.

ІІ топ
«Үш қуат»
1. Ер жігіттің... сөйлегені –
өлгені.
2. «Айдағаның... ешкі,
Ысқырығың жер жарар»
3... атасын білмеген жетесіз.

4.... құмалақ... қарын
Майды шірітеді.
5. Жұт... ағайынды.
2. «Ойлан, тап»
Төмендегі омоним сөздерді қатыстырып (бірде зат есім, бірде етістік етіп алып) сөйлем құрастырыңыздар.
Зат есім. Баспа. Кеспе. Бөлме. Көрме.
Етістік. Баспа. Кеспе. Бөлме. Көрме.
3. «Мені топта»
«Топтастыру» стратегиясы бойынша оқулықтағы 230 - жаттығумен жұмыс. Жаттығудан болымды және болымсыз етістіктерді екі топқа топтастыру.

V. Сергіту сәті:
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірді
Топылдатып аяқты
Шапалақтап қолымды
Басымды мен шұлғимын
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын
Бір отырып, бір тұрып
Орнымды мен табамын.
Ойын элементі бойынша 228 - жаттығумен жұмыс. Болымды етістіктен болымсыз етістік жасап, сөйлем құрастыру.

Үлгі: асық - асықпа,...
Жеке оқушымен жұмыс.
Таратпамен жұмыс.
№1 таратпа.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Дара етістік қалай жасалады?
3. Берілген сөйлемдерден күрделі етістікті тауып, қайсысы негізгі, қайсысы көмекші етістік екенін ажырат.
Аман құс үнінен оянып кетті. Осы кеште Ербол Бөкенші жаққа қайтпақ еді.
№2 таратпа
1. Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Болымсыз етістік қалай жасалады?
3. Негізгі етістікке 5 сөз, туынды етістікке 5 сөз жаз.

VІ - Рефлексия.
1. Туынды етістікті табыңыз.
А) Аз. В) Жүр С) Көмектес
Д) Бар Е) Өт
2. Қайтті? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы.
А) Зат есім. В) Етістік С) Одағай
Д) Үстеу Е) Есімдік
3. Етістік нені білдіретін белгілеңіз.
А) Заттың іс - әрекетін білдіреді. В) Заттың атын білдіреді.
С) Заттың түрін білдіреді. Д) Заттың санын білдіреді.
Е) Заттың көлемін білдіреді.
4. Сөйлемнен туынды етістікті табыңыз.
Ол жұмысын адал басқарса.
А) Ол В) Жұмысын С) Адал
Д) Басқарса Е) Жоқ
5. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Алып берді В) Кел С) Айтты
Д) Жайды Е) Көріп

6. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Біз тыңдап отырмыз. В) Олар келе жатыр
С) Ол оқып отыр. Д) Мен мектептен келдім.
Е) Ерік әдебиет оқып отыр.
7. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Арман сабақ оқып отыр. В) Балалар мектепте отыр.
С) Сен кешке кел. Д) Ол келмеді. Е) Сізді көрдім.

VIІ Сабақты бекіту (Зымыран сұрақтар қою арқылы):
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Етістік дегеніміз не?
3. Етістіктің сұрақтары қандай?
4. Болымды етістік дегеніміз не?
5. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!