Сабақтың басы 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу - Түгендеу - Қажетті құрал - жабдықтарын тексеру Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шырылдады қоңырау Біз сабақты бастаймыз Орнымызға отырып, Өз ара көз тастаймыз Табыс тілеп достарға Жаңа білім алуға, Алға қадам бастаймыз,- дей отырып сабағымызды бастаймыз. Үй жұмысын тексеру Біздің алдыңғы тақырыбымыз қандай болды? (Бөлшектерді пішу. Бөлшектерді өңдеу) Үй жұмысына қандай тапсырма берілді? Топтасып белгілі бір картинаның сызбасын құрастыру, оның бөлшектерін пішіп, біріктіруге дайындап келу) Тақырып бойынша дәптерлерін тексеру. ҚБ: (Ауызша. Мадақтау, мақтау) | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер |
Сабақтың басы 5 мин 5 мин 5 мин 15 мин 3 мин 5 мин | Ой қозғау Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып, үй жұмысына берілген бұйымды топтасып біріктіру. Жаңа сабақ Бүгін өтетін сабағымыздың тақырыбы «Бөлшектерді біріктіру мен безендіру» Жасаған бұйымына қатысты сұрақ қою: - Біз қандай материалды пайдаланып, бұйым жасап жатырмыз? Фетр матасынан - Фетр матасы қандай мата? Фетр –- дегеніміз жануарлардың мата, киіз - шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. немесе талшықтан жасалған маталық емес материал. - Фетр матаның қандай түрлері бар? Сапасына қарай: жұқа, қалың. Пішініне қарай: А4, А3, метр. Түстіне қарай: әр түрлі түсті т. б - Бұл бұйым қалай аталады және не үшін? Қазақ даласы, мұнда ұлттық ою - өрнектер бейнеленген. Осынысымен ерекшеленеді. - Ою - өрнек дегеніміз не? Қазақтың дәстүрлі кестелі бұйымы, салт – дәстүрін бейнелеген алтын қазынасы. - Ою - өрнектің қанша топқа бөлеміз және қандай? 4 топқа - Бұйымда қандай ою түрлері бейнелеген? Қошқар мүйіз, гүл тектес, толқын т. б ою - өрнектер бейнеленген. - Біз фетрдан жасалған бұйымымыздың бөлшектерін не істеп жатырмыз? Біріктіріп - Бұйымымызды әсем көрінуі үшін не істейміз? Безендіреміз ҚБ: «Жарайсың», «»Жақсы», «Талпын» стикерлерімен бағалайды. Сабақтың мақсаты: Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау. Фетр –- дегеніміз жануарлардың мата, киіз - шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. немесе талшықтан жасалған маталық емес материал. Фетра матасын өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырылады. Фетрадан әр түрлі бұйымдар жасауға болады. Олардан: түйреуіш, алқалар, сырға, жилет, яғни қыздар аксессуарларын жасауға болады. Фетра әр түрлі болады: таза жүннен жасалған, жартылай жүннен, эко фетра, акрилді фетра, жасанды, синтетикалық қоспасы бар фетра. Тапсырма №2 «Кім жылдам?» әдісі Карточкалар таратылады, олар біріктіру әдістерін анықтап жылдам - жылдам жауап береді. 1. Біріктіру әдістері дегеніміз не? 2. Ажырайтын біріктірулер дегеніміз не? 3. Ажырамайтын біріктірулер дегеніміз не? 4. Қандай материалды қалай біріктіру тиімді? 5. Бұл біріктірулер қай салада кеңінен қолданылады? Дескриптор: Біріктіру түрлерін ажыратады. ҚБ. әдісі арқылы бірін - бірі бағалайды. Жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске тусірейік және сабақ барысында ережені ұстанайық балалар?! Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын естеріне түсіріңіз. Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы: • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау; • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу; • құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану; • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу; • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау; • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау; • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою. Тапсырма №3. Жеке жұмыс. Әр оқушы тақырыпқа сай фетр матадан әр түрлі алқаның сызбасына қарай отырып, оны фетр матаға түсіреді. Сосын бөлшектерін біріктіріп, безендіріп, бұйымды дайындайды. Сергіту сәті. Музыка арқылы Дескриптор Фетр матамен жұмыс жасай алады Ыстық клеймен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жұмысты талқылау. Жұмысты аяқтап болған соң, жұмысты қалай жасағаны туралы айтып, түсіндіріп береді. Бекіту «Қоржын» әдісі Қосымша мына сұрақтарға жауап береді: 1. Жұмыстың қай жері сәтті шықты? 2. Алқа несімен ұнады? 3. Қандай бұйымдардар жасағың келеді? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар біріктіру әдістерін анықтап жылдам - жылдам жауап береді. Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысады. Әр оқушы тақырыпқа сай фетр матадан әр түрлі алқаның сызбасына қарай отырып, оны фетр матаға түсіреді. Сосын бөлшектерін біріктіріп, безендіріп, бұйымды дайындайды. Қосымша сұрақтарға жауап береді. | Дискриптор Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындайды. | Электрондыпрезентация 3 слайд Альбом және жұмыс дәптері Электронды презентация 4 слайд. Қосымша. Фетр мата, қайшы, жіп, ыстық клей т. б Карточка, стикер Тоқыма, фетр мата, қайшы, ине, жіп, кручок т. б https://bilimdiler.kz/tehnologia/31173-bolshekterdi-biriktiru-men-bezendiru-8-synyp-kyzdar-ulgili-sabak.html |