СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Бухгалтерия әлемінде» интеллектуальная игра

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бухгалтерия әлемінде» атты танымдық ойын

Просмотр содержимого документа
««Бухгалтерия әлемінде» интеллектуальная игра»

«Бухгалтерия әлемінде» атты танымдық ойын ережесі


І. Мақсаты:

Тәрбиелік: топта жұмыс жасау қабілеттерін, тез арада жаңа ортаға бейімделу және аудитория алдында өзін-өзі ұстау дағдысын, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру

Дамытушылық: ойлау және тыңдау дағдысын, бәкелестікке деген қабілеттін дамыту



ІІ. Сайыс кезеңдері:


1. Сұрақ-жауап Бұл кезеңде оқушылардың өткен тақырыптары бойынша алған білімдерін байқай аламыз. Топ өз ұяшығындағы сұраққа жауап бермесе, қарсы топтар жауап бере алады, бірақ балдың жартысын ғана ұпай ретінде санаймыз.



2. Заңдарды білу міндетің – бұл кезең сіздерді ҚР заңдылықтарын қандай деңгейде меңгертіндігініз тексеріледі. 3 блок берілген, әрбір блокта 3 сұрақтан, 10, 15, 20 ұпаймен бағаланады.


3. Шоттар әлемінде - Бұл кезеңде команда мүшелері тез арада интерактивті тақтаға шоттар корреспонденциясын жазу керек.

Әрбір дұрыс құрылған шоттар корреспонденциясына 5 ұпай.


4. «Түсін мені» деп аталады. Әрбір командадан 2 оқушы шығады. Біреуі карточканы ашып, қаржылық есеп пәнінен берілген терминді екінші оқушыға бір түбірлі сөздерді атамай түсіндіреді. Бұл тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі. Оның ішінде 5 терминді түсіндіріп үлгеру қажет. Әрбір дұрыс тапқан терминге 4 балл беріледі.























«Бухгалтерия әлемінде» атты танымдық ойын



І. Мақсаты: топта жұмыс жасау қабілеттерін, тез арада жаңа ортаға бейімделу және аудитория алдында өзін-өзі ұстау дағдысын, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру, ойлау және тыңдау дағдысын, бәсекелестікке деген қабілеттін дамыту

Құрал-жабдықтар: ойыншылар орындары, интерактивтік тақта




Кіріспе сөз:

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті әділқазы алқалары, қонақтар және оқушылар! Қазір біз «Бухгалтерлік есеп» пәнінен «Бухгалтерия әлемінде» атты танымдық ойынмызды тамашалаймыз. Бұл ойынға келесідей командалар қатысады:

  • _________________________

  • _________________________


Біздің іскерлік ойынымызды топ қатысушыларының осы күнге дейінгі колледж қабырғасында алған өткен тақырып көлемінде білімдерін сынға түсіргелі отыр. Болашақ маман ретінде біліктіліктерін көрсете түседі.

Бұл ойын келесідей кезеңдерден тұрады:

1. Кім озық?

2. Заңдарды білу міндетің

3. Шоттар әлемінде

4. «Түсін мені»


1 кезең «Кім озық?» Бұл кезеңде оқушылардың өткен тақырыптары бойынша алған білімдерін байқай аламыз.

3 курс тақырыптары бойынша бес-бес ұяшықтан 15 сұрақ берілген. Әрбір ұяшықтардағы сұрақтар қиындығына қарай балдары артады.

2-сұрақ қою арқылы қай топ бірінші ұяшықты таңдап алатынын анықтап аламыз:

1-ші сұрақ – 5 балл: «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру» туралы жаңа Заң қашан қабылданды? (Жауабы: 28 ақпан 2007ж №234-11)

2-ші сұрақ – 3 балл: Шоттар корреспонденциясы дегеніміз не? (Жауабы: Екі жақты жазу әдісі негізінде туындайтын шоттар арасындағы өзара байланыс)

Топ өз ұяшығындағы сұраққа жауап бермесе, қарсы топтар жауап бере алады, бірақ балдың жартысын ғана ұпай ретінде санаймыз.


1 курс тақырыбы: «Қаржылық есеп, оның мәні мен мағынасы»

10

20

30

40

50

2 курс тақырыбы: «Қаржылық есептің пәні мен әдісі»

10

20

30

40

50

3 курс тақырыбы: «Бухгалтерлік баланс және есеп беру»

10

20

30

40

50




1.10 Бухгалтер термині қай ғасырда пайда болды?



1. 20 Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңдерін атап беріңіз?



1.30 Шаруашылық есеп түрлерін атап беріңіз?



1.40 Шаруашылық есеп өлшегіштеріне анықтама беріңіз?


1.50 Қаржылық есептің неше қағидасы бар және сақтық қағидасына анықтама беріңіз?



2. 10 Шаруашылық процесстердің неше түрі бар, оларды атап беріңіз?


2.20 Түгендеу дегеніміз не?



2.30 Ұйым мүлкі қалай жіктеледі?



2.40 Құралдардың меншікті қаражат көздеріне не жатады?



2.50 Ақшалай бағалау дегеніміз не?



3.10 Баланс-нетто дегеніміз не?



3.20 Баланстың шаруашылық әрекеттер ықпалынан өзгеруі неше типке бөлінеді?



3.30 Бухгалтерлік баланс бөлімдерін атап беріңіз?



3.40 Бухгалтерлік баланс дегеніміз не?



3.50 Ұйымдар қаржылық есеп беруді кімге ұсынады?



Жауаптары:

1.10 XVғ.

1.20 1 кезең тауарлы-ақшалай қатнастардың пайда болуынан бастап ХVІІІғ. Аяғына дейін

2 кезең ХVІІІғ. аяғы ХІХғ. басы

3 кезең ХІХғ. соңы ХХғ. басы

4 кезең ХХғ. басынан бүгінгі күнге дейін

1.30 жедел оперативтік, статистикалық, бухгалтерлік

1.40 Заттай өлшегіштер – есептеу, салмақтау, санау мәліметтерін алу үшін қолданылады.

Еңбек өлшегіштері – жұмсалған еңбектің мөлшерін есептеуге арналған.

Ақшалай өлшегіш – біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу үшін қолданылады.

1.50 12 қағида бар, сақтық қағидасы – активтер мен табыстардың асыра бағаланбауы, ал міндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауын болдырмас үшін белгісіздік жағдайда баға беруге қажетті шешімдер қабылдаған кезде сақ болған жөн.


2.10 3 процесс: дайындау, өндіру, сату

2.20 Түгендеу – ұйымның нақты қолда бар мүліктерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру.

2.30 1) ұйым мүлкінің құрамы және орналастырылуы бойынша жіктелуі

2) ұйым мүлкінің құрылу көздері бойынша жіктелуі

2.40 Жарғылық капитал, резервтік капитал, мемлекеттік бюджеттен мақсатты қаржыландыру, таратылмаған табыс.

2.50 Ақшалай бағалау – жалпы ұйым бойынша ағымдағы және есптегі кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық құралдарды міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету әдісі.


3.10 Баланс-нетто – реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс

3.20 4 тип

3.30 1 бөлім қысқа мерзімді активтер

2 бөлім ұзақ мерзімді активтер

3 бөлім қысқа мерзімді міндеттемелер

4 бөлім ұзақ мерзімді міндеттемелер

5 бөлім меншікті капитал

3.40 Бухгалтерлік баланс – белгілі бір мерзімге және ақшалай бағалаумен көрсетілген ұйымның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі.

3.50 1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне

2) ҚР мемлекеттік статистика органдарына

3) ҚР бақылау және қадағалау органдарына


2 кезең Заңдарды білу міндетің – бұл кезең сіздерді ҚР заңдылықтарын қандай деңгейде меңгертіндігініз тексеріледі. 3 блок берілген, әрбір блокта 3 сұрақтан, 10, 15, 20 ұпаймен бағаланады.



Ал енді 3 кезеңнің қорытындысын әділ-қазылар алқасы қорытындылап беруін сұраймыз

3 кезең Шоттар әлемінде - Бұл кезеңде команда мүшелері тез арада интерактивті тақтаға шоттар корреспонденциясын жазу керек. Әрбір дұрыс құрылған шоттар корреспонденциясына 5 ұпай.

Карточкада 3 шаруашылық әрекет мазмұны берілген, оған корреспонденция құрып, тез арада конверттің ішінен дұрыс жауабын тауып алу керек.

1-карточка:

1. Банк несиесі жабдықтаушылардың қарызын жабуға жұмсалды. Жауабы:

Д-т 3310 К-т 1030

2. Кассадан жұмысшыларға төлемақы берілді. Жауабы: Д-т 3350 К-т 1010

3. Таза табыстың бір бөлігі жарғылық капиталды арттыруға бағытталды. Жауабы: Д-т 5510 К-т 5110

4. Төлемақыдан жеке табыс салығы ұсталынды. Д-т 3350 К-т 3120

2-карточка:

1. Есеп беруге тиісті тұлғалардан қолданылмаған ақша қаражаттары кассаға келіп түсті. Жауабы: Д-т 1010 К-т 1252

2. Төлемақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан кассаға ақша түсті. Жауабы: Д-т 1010 К-т 1030

3. Банк қарыздары сатып алған станоктар үшін жабдықтаушыларға берілді. Жауабы: Д-т 3310 К-т 3010

4. Көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша түсті. Д-т 1030 К-т 1210



Д-т 1010

К-т 3350


Д-т 3350

К-т 3120


Д-т 5510

К-т 5110


Д-т 3310

К-т 1030


Д-т 1030

К-т 3310


Д-т 3350

К-т 1010


Д-т 1030

К-т 1010


Д-т 5510

К-т 5110

Д-т 3010

К-т 3310


Д-т 1010

К-т 1252


Д-т 1210

К-т 1030


Д-т 1010

К-т 1030


Д-т 3150

К-т 3350


Д-т 3310

К-т 3010


Д-т 1310

К-т 1010


Д-т 1030

К-т 1210




1-карточка:


1. Банк несиесі жабдықтаушылардың қарызын жабуға жұмсалды.


2. Кассадан жұмысшыларға төлемақы берілді.


3. Таза табыстың бір бөлігі жарғылық капиталды арттыруға бағытталды.


4. Төлемақыдан жеке табыс салығы ұсталынды.



2-карточка:


1. Есеп беруге тиісті тұлғалардан қолданылмаған ақша қаражаттары кассаға келіп түсті.


2. Төлемақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан кассаға ақша түсті.


3. Банк қарыздары сатып алған станоктар үшін жабдықтаушыларға берілді.


4. Көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша түсті.




4 кезең «Түсін мені» деп аталады. Әрбір командадан 2 оқушы шығады. Біреуі карточканы ашып, қаржылық есеп пәнінен берілген терминді екінші оқушыға бір түбірлі сөздерді атамай түсіндіреді. Бұл тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі. Оның ішінде 5 терминді түсіндіріп үлгеру қажет. Әрбір дұрыс тапқан терминге 4 балл беріледі.

1 команда:

  1. баланс

  2. түгендеу

  3. толлингтік әрекеттер

  4. калькуляция

  5. экспорт

2 команда:

  1. капитал

  2. құжаттау

  3. дайын өнім

  4. негізгі құралдар

  5. импорт


4 кезең мен ойынның қорытындысын шығарайық. Ол үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

Жеңіске жеткен команда «Есеп білгерлері» атағын мен 95 баллдан алады. Сау болығыздар!


«Бухгалтерия әлемінде» атты танымдық ойынның бағалау тізімдемесі



1-топ

_______________


2-топ

_____________

Қорытынды

1 тур

«Кім озық?»







2 тур

«Заңдарды білу міндетің»







3 тур

«Шоттар әлемінде








4 тур Түсін мені






1 кезең 10,20,30,40,50 ұяшыққа байланысты

2 кезең 10,15,20 балл ұяшыққа байланысты

3 кезең Әрбір дұрыс құрылған шоттар корреспонденциясына 5 балл.

4 кезең Әрбір дұрыс тапқан терминге 4 балл беріледі





Әділ-қазылар алқасы_____________ _______________________

_____________ _______________________

_____________ ________________________








































Қолданылған әдебиеттер:


1.Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтер (Бухгалтерлік есеп негіздері)»


2. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері»


3.М.В.Штиллер, М.М.Сеилова «Принципы бухгалтерского учета» Практикум-уч.пособие


4. Л.А.Поринг «Практикум по теории бухгалтерского учета»


5. Э.О.Нурсеитова Сборник задач по бухгалтерскому учету.










































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!