СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Буклет "Қимылды ойындар әдістемесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға арналған қимылды ойындар әдістемесі. Қимылды ойындар жинағы

Просмотр содержимого документа
«Буклет "Қимылды ойындар әдістемесі"»

Қимылды ойындарды өткізу күрделі педагогикалық процесс екенін ескере отырып, олардың өту барысын мынадай үш кезеңге бөлуге болады:

1) ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы;

2) ойынның басталуы мен ойналу барысы;

3) ойынның аяқталуы.

Ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар.

Сәбилердің бірінші тобында қимыл ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болмауы тиіс. Ол:

-ойын әрекеттері сипатына,

-ойнайтындардың санына,

-олардың көңіл күйіне,

-ойынды өткізу шарттарына

байланысты. Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді.

Үш жасқа аяқ басқан балалардың қимылды ойындарының ерекшеліктері.

Бұл жастағы балалардың ой-өрісі тар, зейні тұрақсыз, сонықтан олар үшін қарапайым да оңай сюжетті ойындар ұйымдастырылады, ол ойындардың кейіпкерлері күнделікті өмірде жақсы таныс (мысық, құстар)  немесе картинаны, ертегіні, ойыншықты,(аюды, қоянды, түлкіні) пайдалана отырып, олармен балғындарды таныстыру оңай. Бұл ойындағы ережелер қарапайым және сюжетпен тығыз байланысты.



Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т.б. Бұл қимылдар балаларға белгілі де оңай(жүгіру, жүру, және т.б.)







Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет: құралдар мен ұсақ заттарды таңдап алу, топты қайда орналастыруды, «үйлердің», «ұялардың » қайда болатынын, жетекші рольге тағы басқаларға балалардың қайсысын тару қажет-осыны да ойластырады.

Тәрбиеші ойынның мазмұнын, барысын, жетекшеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.

Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі –ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдырғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіру керек. Сөйтіп, батыл қояндар жөнінде тәрбиеші еркелетіп, ал оларды ұстап алғысы келетін аю жөнінде қорқынышты реңкпен, қауіпті ерекшелей төмен дауыспен айтады.

        

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары

Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ қимыл қозғалыс ойындарының ережесі спорттық ойындарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл болады. Және спорт құрал-жабдықтарын көп қажет етпейді.

ЖШС «Айгерим-Ай»

«Айгерим-Ай» балабақшасы







Қимылды ойындар













Қостанай қ


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!