СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Буллингтен қорған!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка классного часа на тему «Буллингтен қорған!» направлена на формирование у учащихся понимания буллинга и его форм, развитие навыков самозащиты и взаимной поддержки.

Просмотр содержимого документа
««Буллингтен қорған!»»

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Буллингтен қорған!»

Уақыт

Оқу мақсаты:

Оқушыларды буллингтің түрлері, себептері және одан қорғану жолдары туралы білімдерін кеңейту, толеранттылық пен өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру.

1 минут

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Буллингтің қандай зардаптарын келтіретінін түсіндіру.

  • Оқушыларды буллингтен қорғануға бағытталған іс-әрекеттерді үйрету.

  • Топтағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, ынтымақтастық пен құрметті дамыту.

2 минут

Тәрбие сағатының міндеттері:

  1. Буллингтің түсінігін, түрлерін және себептерін түсіндіру.

  2. Буллингтің қоғамдағы және жеке тұлғаға әсерін талқылау.

  3. Буллингке қарсы тұрудың тиімді әдістерін көрсету.

  4. Оқушылардың өзін-өзі басқару және эмоционалды тұрақтылық дағдыларын дамыту.

1 минут

Тәрбие сағатында қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • Топтық талқылау: Оқушылардың буллинг туралы пікірлерін білу және оны қалай шешуге болатынын талқылау.

  • Рөлдік ойындар: Буллинг жағдайларын модельдеу және оларды шешу жолдарын табу.

  • Видеоматериалдар: Буллингке қатысты қысқа бейнелерді көрсету және талқылау.

  • Жұмыс парақтары: Оқушыларға буллингтің белгілерін және одан қорғану жолдарын түсіндіретін тапсырмалар беру.

2 минут

Тәрбие сағатында қолданылатын көрнекіліктер:

 Презентациялар:
  • Буллингтің түрлерін, себептерін және зардаптарын көрсететін слайдтар.

  • Мысалдар мен статистикалық деректер (мысалы, буллингке ұшыраған балалардың пайызы).

2. Видеоматериалдар:
  • Буллингке қатысты қысқа бейнелер (2-3 минуттық).

2 минут

Оқиға кезеңдері

Ұйымдастыру шаралары

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау

2 минут

Тәрбие сағатының мақсатын және тақырыбын хабарлау

Кіріспе: Буллингтің түсінігі мен түрлері

  • Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың мақсатын түсіндіру.

  • "Буллинг" деген сөздің мағынасын сұрау және оны анықтау.

  • Қысқаша статистика: буллингтің қоғамдағы таралуы және оның зардаптары.

5 минут

Миға шабуыл

Буллингтің психологиялық және физикалық зардаптары. Бейне жазба көрсету.

7 минут

Негізгі бөлім

а) Буллингтің түрлері мен себептері:

  • Физикалық буллинг (соққы, итеріп-түрту).

  • Вербалды буллинг (қорлау, тіл тигізу).

  • Социалды буллинг (топтан шеттету, танымалдыққа әсер ету).

  • Кибербуллинг (интернет арқылы қорлау).

ә) Буллингтің зардаптары:

  • Психологиялық зардаптар: төмен өзін-өзі бағалау, депрессия, қорқыныш.

  • Физикалық зардаптар: ұйқының бұзылуы, денсаулық мәселелері.

  • Оқуға әсері: сабаққа қатысуының төмендеуі, бағаның төмендеуі.

б) Буллингтен қорғану жолдары:

Буллингке қарсы тұрудың тиімді әдістері:

    • Қоршаған ортадан көмек сұрау (мұғалімдерге, ата-аналарға хабарлау).

    • Эмоционалды тұрақтылықты дамыту.

    • Топтағы қарым-қатынасты жақсарту, ынтымақтастықты арттыру.

10 минут

Топтық жұмыс

  • Оқушыларға буллинг жағдайларын модельдеу және оларды шешу жолдарын табу.

  • Мысалы: сыныпта қорлауға ұшыраған оқушыға қалай көмектесуге болады?

5 минут

Буллингке қарсы шаралар

Сұрақ-жауап, дискуссия.

Постерлер (Буллингке қарсы шаралар туралы)

3 минут

Қорытынды:

Өзін-өзі қорғау және құрмет көрсету.

Әңгімелесу, қорытынды жасау, сұрақтар қою

5 минут

Үй тапсырмасы:

«Буллингке қарсы күрес» тақырыбында эссе жазу

2 минут