Тақырыбы:Бүрмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.
Мақсаты:1) Оқушыларды бірмүше, бірмүшенің коэффициенті , стандарт түрі , бірмүшенің дәрежесі ұғымдарымен таныстыру.
2) Ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдану дағдысын қалыптастыру.
3)Адамгершілікке , ынтымақ-бірлікке , ұйымшылдыққа , шапшандыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Әдісі: сөздік , түсіндірмелі, көрнекілік, индуктивті, эвристикалық
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Қажетті құрал: схема, сызба, тест тапсырмалары.
Ұйымдастыру кезеңі:
М.И. Калинин: «Егер сіз үлкен өмірге қатысқыныз келсе, онда сіз басыңызды математикамен толықтырыңыз, өйткені математика барлық сіздің жұмыстарыңызда үлкен көмегін тигізеді. »
2. Өткен тақырыпты қайталау:
Сабағымызды Қытай Халық Республикасымен байланыстырамыз.
Біздер сөздерді жеке әріптерден құрастырсақ , қытайлықтар арнайы белгілерді қолданады.Ол белгілер қалай аталады? Ол үшін келесі тапсырмаларды орындайық.
5 · 8 5· 3 2 : 1 : х
6 ( ) 4 · · 7 ( )
ИЕРОГЛИФ
Әрбір иероглиф тұтас сөзді немесе сөз тіркестерін білдіреді. Қолданған ережелерді айтып беріңдер.
Жаңа тақырып
Мынау қандай фигура ?(тікбұрышты параллелепипед).
Көлемін қалай табамыз?
Мысалы:табан қабырғалары 2а және в , биіктігі 3 с болатын
тікбұрышты параллелепипедтің көлемі 6 авс.
Бұл 6 авс өрнегі төрт көбейткіштің көбейтіндісінен тұрады.
Бірінші көбейткіш цифрмен берілген сан , ал келесі үш көбейткіш а,в,с әріптерімен берілген. Цифрдың көмегімен жазылған көбейткіш –санды көбейткіш , ал әріптермен және олардың натурал дәрежелерімен жазылған көбейткіш –әріпті көбейткіш.
Анықтама: Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.
0.6р-стандарт түрде берілген бірмүше,өйткені бір ғана санды көбейткіш және негіздері әр түрлі дәрежелерден тұрады. Санды көбейткіш – бірмүшенің коэффициенті.
Ал осы бірмүшенің дәрежесі 6-ға тең. Себебі айнымалылардың барлық дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
3.Оқулықпен жұмыс.
№ 89 Бірмүшені стандарт түрде жаз.
Мысалы: 3m(-5mу)=-у ...
№90 Өрнекті ықшамдап ,дәрежесін анықта.
4(-3)а=-12 дәрежесі 8-тең
·=35 дәрежесі 5-тең ...
№ 91 Көбейтуді орында.
(3а)·(-)=-12
() (16)=-8 ...
4.Сергіту сәті.
Тағы да Қытай мәдениетіне оралайық.Қытай елінде тыныс алу гимнастикасына көңіл бөледі. Бүгінгі сабақта біз де қолданып көрейік.
Түзу отырайық
Көзімізді жұмайық
Хош иісті гүлді иіскеп отырмыз деп көз алдымызға елестетейік
Оны тек мұрнымызбен ғана емес ,барлық дене мүшелерімізбен сезінуге тырысайық
Ауаны жұтамыз, демімізді сыртқа шығарамыз(үш мәрте қайталаймыз)
Денеміз мақта тәріздес , ауаны жұтқан кезде тері арқылы ауаны сіңіреді, ауаны шығарған кезде сыртқа шығарады.
Ауаны жұтамыз, сыртқа шығарамыз.(екі мәрте қайталаймыз)
(баяу әуен қосулы тұрады)
5. Өздік жұмысы.
Қытай халқы спортқа көп көңіл бөледі екен. Олар қала ішінде көлікпен жүргенге қарағанда ,жаяу жүргенді хош көреді.Олардың ойынша
қандай көлік түрімен жүрген пайдалы екенін анықтау үшін кестені толтырайық.
| Әріптер | Бірмүше | Коэффициент | Дәреже |
| И | | | |
| Л | | | |
| Е | | | |
| Д | | | |
| О | р | | |
| В | с | | |
| Е | | | |
| С | | | |
| П | у | | |
Коэффициеттерін өсу ретімен орналастырып,сәйкесінше әріптерін қойып шықсаң ,қандай сөз шығады?
Әрине , велосипед сөзі шығады.
6.Пысықтау (тест сұрақтарына жауап бер)
1) у· бірмүшесін стандарт түрде жаз.
А) n)135 с)135
2) · өрнегін ықшамда.
А) е)400 с)250
3) в · өрнегін ықшамдап ,а=-1, в=-1 болғандағы мәнін тап.
А) -0,4 в)-2,5 к)0,4
4) Бөлуді орында :
( : n
А) в) и)
5) : өрнегін ықшамдап , m=32 n= -
Болғандағы мәнін тап.
А)-12 в)12 н)-4
Жауптағы әріптер тізбегін құрастыр. Сонда қандай сөз шықты?
Пекин . Бұл әрине Қытай елінің бас қаласы.
7 .Рефлексия
Мен.......түсініп алдым.
Мен.......біліп алдым
Менің көз қарасым.......
Маған қиынға соққан тапсырмалар....
Маған оңай болған сұрақтар....
8 .Қорытынды
Үйге тапсырма :№94 №95
Бағалау
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
№8 мектеп-гимназиясы
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:БІРМҮШЕ.БІРМҮШЕНІҢ СТАНДАРТ ТҮРІ.
7-СЫНЫП
ӨТКІЗГЕН: ШЫРЫЛДАКОВА Г.Б.
2015ж