СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Бұрымды  қыз»  байқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бұрымды  қыз»  байқауы

Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
««Бұрымды  қыз»  байқауы»

«Бұрымды қыз» байқауы

Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу.

1 жүргізуші:

- Қош, келдіңіздер, құрметті көрермендер!

Армысыздар, ару қыздар және әділ қазылар алқасы!

2 жүргізуші:

 

Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. 

1 жүргізуші:

Байқауымызды бастамас бұрын байқаудың шарттарын естеріңізге түсіріп кетейік!

2 жүргізуші:


Байқаудың шарттары:

«Менің бейнем» Таныстыру (өз қалауымен)

1 жүргізуші:

«Шолпысы әсем жарасып белге» ең шашы ұзын қызды анықтау.

2 жүргізуші:

«Көрікті қыз» ( сәнді әсем көйлекпен қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады)

1 жүргізуші:

«Ақылды қыз» (мақал – мәтелден жарысы)

2 жүргізуші:

«Өнерлі қыз» (өз өнерлі көрсету; ән айту, би билеу)

1 жүргізуші:

Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


Қазылар алқасының төрағасы....

  1. Байматова Райгуль Тұрсынқызы

Және .......................

2 жүргізуші:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді. –дей отыра «менің бейнем» атты бірінші кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-Жүргізуші: Бірінші ару - ақша маңдай, үлкен - кіші мақтағандай, ортада Төлеген Жасмин

1- жүргізуші: Екінші ару - өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,қарсы алыңыздар: Байдаулетова Даяна

2- жүргізуші: Үшінші ару - достарын сары алтындай сақтағандай, алдарыңызда: Сағди Салтана

1- жүргізуші: Төртінші ару - көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай, Серікпай Гауһар

2-жүргізуші: Бесінші ару - ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор қызына. Алдарыңызда: Кенжетаева Амина

1-жүргізуші: Алтыншы ару – келеді, еркін басып, шекесіне үкі таққан. Касенова Наргис

2- жүргізуші: Жетінші ару- Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе! Ортада: Анасова Мерей

1 жүргізуші: Сегізінші ару- Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген. Байкен Айзада.

2-жүргізуші:

Қазақтың қыздары , ғажап неткен,

Сұлулықты,өнерді қанат еткен.

Паш етті қазағымды күллі әлемге, -дей отыра,

- Келесі екінші кезеңімізге кезек берейік! «Шолпысы әсем жарасып белге».

(Қыздар шаштарының ұзындықтарын айтады.)

  1. жүргізуші:

Алдарыңызда әнші ұлдарыңыз: Салдарбек Нұрхан!


  1. Жүргізуші:

3-кезең «Көрікті қыз» ( сәнді әсем көйлекпен қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады) .

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

Екеуі:

Аруларымызды ортаға шақырайық!


1 жүргізуші:

Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. «Ақылды қыз» атты (мақал – мәтелден жарыс) кезеңімізге де жол берейік.


2 жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты, 
Ас мәзірін әзірлеп, ал біреулер ән салыпты би билеп
Бүгінгі көктем ару байқауынан бәйге алуға 
Арулар аянбай-ақ жан салыпты

1 жүргізуші:


Алғашқы аруымызды қарсы алайық!

2-ж.

Екінші қатысушымызды ортаға шақырайық!

1 жүргізуші:

Үшінші аруымыз:

2-ж.

Төртінші қызымыз:........................

1 жүргізуші:

Бесінші аруымыз:.....................

2-ж

Алтыншы аруымыз:...................

1-ж.

Жетінші қатысушыны қарсы алайық: Салтана

2-ж.

Соңғы қатысушымыздың өнерін тамашалайық, алдарыңызда:




2- жүргізуші:

Құрметті әділқазыларымызға сөз берейік.


1-Жүргізуші:

Ән жырдан көңіл жасын талдаңыздар,

Барымен шат шадыман болыңыздар.

Қоштасайық,келесі кездескенше !

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!