СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бүтін көрсеткішті дәреже

Категория: Алгебра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Бүтін көрсеткішті дәреже»

Күні : 30.09.2021

Сабақтың тақырыбы: Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушының «Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже» тақырыбы бойынша есептер шығаруда формулаларды дұрыс қолдана білуге дағдыландыру, білім- біліктерін тексеру, бағалау.  
Дамытушылық:  Қарастырып отырған есептерге талдау жасай білу, қорытындылар жасауға, оқу қызметін өздігінен бақылау жасау машығын дамытуға жағдай жасау, сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік:  сабақ барысында оқушының белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, ұжымдылыққа баулу.

Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың өткізу әдістері: топпен жұмыс
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут
Оқушыны сабаққа даярлықтарын анықтау, сабақтың мақсатымен таныстыру.. Бүгінгі сабағымыздың тапсырмаларында әрбір есепке ұпай берілген, сол ұпайларға байланысты топ басшылары өздерінің құрамындағы оқушыларды өздері бағалайды. Ал енді сабағымыз пайдалы болып, жақсы нәтижелерге жетейік.

ІІ Өткенді еске түсерейік - 5 минут
Интербелсенді тақтада «Натурал және бүтін көрсеткішті формулалары» тақырып бойынша формулалары жазылған. Формулалардың оң жағы мен сол жағын интерактивті тақтаның көмегімен сәйкестендіру.

Үйге берген тапсырманы тексеру - 5 минут



Әрбір 1 минут сайын мұғалім «ауысамыз» деп айтып отырады. Оқушылар атын және жауабын жазып, парағын келесі оқушыға береді. Дұрыс жауаптары слайдта көрсетіледі. Топ басшылары қате жауаптарды сызып тастайды. Әр есепке 1 ұпай беріледі, бағалау парағына ұпайларды белгілейді.

 

IV Деңгейлік тапсырмалар - 15 минут

Әр топқа таратпа материалдар беріледі. Әр карточкада деңгейлік тапсырмалар жазылған. Топта қанша оқушы бар сонша карточка, әр оқушы тапсырманы жеке орындайды. Топ басшы әр оқушының орындаған тапсырмалар бойынша ұпай беріп бағалау парағына белгілейді. Жауаптарын интербелсенді тақтамен салыстырады.

V Үй тапсырмасын беру: №6

VI Рефлексия  (керек сөздің астын сыз)- 3 минут
1. Осы сабақ барысында мен көмектестім, маған көмектесті.
2. Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежеге арналған есептер оңай, қиын, қызықты болды. 
3. Бүгінгі сабақ пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз өтті? 

VII Қорытынды
Енді жинаған ұпайларын санап, бағалайды. Сол бойынша оқушыға баға қойылады.
Ұпай санына байланысты бағалау жүйесі