СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

(CLIL) туралы жалпы ақпарат

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

(CLIL) туралы жалпы ақпарат, түсінік

Просмотр содержимого документа
«(CLIL) туралы жалпы ақпарат»

(CLIL) туралы жалпы ақпарат


CLIL (Content and Language Integrated Learning) пәндер шетел тілдерінде оқытылатын, оқыту әдістемесін сипатайттын термин.


Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту – CLIL терминінің қазақ тіліндегі баламасы, сондай-ақ пәндер немесе олардың жекелеген бөлімдері «қосымша», яғни шет


тілінде оқытылатын әдістемені білдіреді. Терминді 1994 жылы Дэвид Марш ғылыми айналымға пәннің мазмұны екінші/үшінші тілде оқытылатын, оқу жағдайларын белгілеу үшін енгізді.


CLIL – бұл пәндік білімді игеру мен тілдік құзыреттілікті жақсартуға қос фокуспен шет тілі арқылы тілдік емес пәнді оқыту тәсілін сипаттау үшін пайдаланылатын жалпы термин. CLIL әдістемесі болашақ түлектердің өз мамандығы шеңберінде қарым-қатынасты шет тілінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін деңгейде білуіне жол беретін, лингвистикалық компетенцияларды қалыптастырады.


Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту екі мақсатты көздейді:


  1. шет тілі арқылы пәнді оқу;


  1. оқытылатын пән арқылы шет тілін оқу.


CLIL әртүрлі білім беру топтарында – балабақшаның жоғарғы тобынан бастап жоғары білім беруге дейін пайдаланылады, яғни бұл әдістемеде тіл зерттеу объектісі ретінде емес басқа пәндерді тану құралы ретінде қарастырылады. Сол сияқты білім алушының оқыту процесін түсіну қабілетін, коммуникативтік құзыреттіліктері мен уәждемесін қалыптастыру, дамыту құралы ретінде қаралады.


CLIL әлемдегі үлкен танымалдылыққа ие болып жатыр. Осы әдістемеге қызығушылықтың артуы - оқытудың құзыреттілік-бағдарлық моделін енгізуге байланысты жекелеген пәндерді, оның ішінде шет тілін оқыту әдістемесінде күрделі өзгерістердің болып жатқанынан.


Білім беру процесі ойдың орамдылығы, жұмылғыштық, бастамашылдық және сындарлылық сияқты қасиеттерге ие мамандарды даярлауға көзделуі тиіс.


Өз бетімен білім алу қабілеті, инновациялық технологияларды иелену, оларды пайдалану перспективалары мен мүмкіндіктерін түсіну, өз бетінше шешім қабылдай алу, жаңа әлеуметтік және кәсіби жағдайларға бейімделушілік, командада жұмыс істеу дағдылары, күйзелісті жеңіп шыға алу – міне, маман ие болуы керек құзыреттердің тізімі. Осы әдістеме шеңберінде білім беру қызметі осы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталды.


Бүгінгі таңда көптеген елдер, оның ішінде Қазақстанда әртүрлі пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін практикада табысты пайдалануда.


Әдістемені қабылдау үшін бастау нүктесі - әрбір студент немесе оқушы ақылды және білімді тұлға болып табылатынын, бірақ өзінің ақыл-парасатын ана тілінде ғана көрсете алатындығын мойындау болады.


Шет тілінде қарым-қатынасқа түскен кезде, студенттер арнайы білім – құрылыс, инженерия, педагогика, медицина және т.б. салаларында өз білімдерін көрсете алмай қалып жатады.


Мамандық бойынша шет тілін білмей, студенттер кәсіби мәнмәтінде қарым-қатынас жасай алмайды. Бұдан басқа, студенттердің, мамандық бойынша, оларға қажет ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі шектеледі және тиімді кәсіби өсу мүмкіндіктері болмауы мүмкін.


Шет тілдерін оқытуды профилдеу - «Тамақ», «Отбасы», «Әуестік» деген дағдылы мәнмәтіндерден шегінуге және студенттердің келешекте кәсіби және жалпы адами қарым-қатынасы үшін коммуникативтік жағдайларға көшуге мүмкіндік береді.