1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:
Елбасы суреті.
Тәрбиеші:Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар:
Салеметсізбе!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбері:Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз.Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол біздің президентіміз!
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі? Балалар: Астанада!
Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?
Балалар: Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар:
Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық.
Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды
құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен?
Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?
Балалар:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар: Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.Шаршадыңдарма балалар?
Балалар:
Иә, шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту сәтіне.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші: Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені білдіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды.
