Жиренқопа орта мектебі
XXI ғасыр көшбасшысы
(Интеллектуалды ойын)
Пән мұғалімі:Сәти Ж.М.
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр қөшбасшысы
Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту , информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру
Түрі: Интеллектуалды ойын
I. Ұйымдастыру кезені
а) сәлемдесу
ә) таныстыру
II. Сабақ өту барысы
Сайыс кезеңдері:
1 кезең БӘЙГЕ
2 кезең ПОЛИГЛОТ
3 кезең ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК
4 кезең ЖОРҒА
Саламатсындарма , құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұксат етіңіздер.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең Бәйгеде суреттің артында сұрақтар жасырылған оған бірінші болып қолындағы түсті көрсеткен оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі көрсеткен оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Кезеңнің соңында ұпайы аз үш оқушы ойыннан шығарылады.
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 2 кезеңде балы аз 3 оқушы келесі 3 кезеңге өте алмайды.
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.
4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларөздерін жеке жеке таныстырып өтсін. Ойынға 10 оқушы қатысады.
1 оқушы __________________
2 оқушы __________________
3 оқушы __________________
4 оқушы __________________
5 оқушы __________________
6 оқушы __________________
7 оқушы __________________
8 оқушы __________________
9 оқушы___________________
10 оқушы___________________
Ендігі кезек әділқазылар алқасы.
1. __________________
2. __________________
3. __________________
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1 кезең БӘЙГЕ 3 баллдан 3 оқушы
Информатика ғылым ретінде қай ғасырдың ортасында пайда бола бастады?(20 ғасыр)
Дербес компьютердің қосымша құрылғылары?? (принтер,сканер, дыбыс колонкалары,вебкамера, т.б)
Қосымша құрылғылардың ішіндегі қай құрылғылар енгізу құрылғыларына, қай құрылғылар шығару құрылғыларына жатады?(пернетақта,принтер)
Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?(процессор,аналық тақша,желдеткіш,жедел жад, тұрақты жад )
«Компьютердің миы» деп қай құрылғыны атайды?(процессор)
Жедел жадтың қызметі?жедел сақтайды.
Жүйелік блокта орналасқан ең үлкен тақша қалай аталады? (Аналық тақша)
Тұрақты жадтың қызметі? Тұрақты сақтайды
9. Қандай құрылғылардың Драйвері болуы қажет? (Принтер, сканер,жүйелік карта)
10. Біртапсырмалыға жататын ОЖ-нің түрі? (MS DOS)
Әділқазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
2- жүргізуші:
«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
2 кезең ПОЛИГЛОТ толық жауап -5 балл, қазақ,орыс -1 балл,ағылшын-3 балл 3 оқушы
Сұрақтары
Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек.
Windows ОЖ – жүктелгеннен кейін экранда пайда болатын бастапқы терезе .
Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкене күн көзін.
Өнер алды қызыл
Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы
Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.
Символдарды өшіруге арналған перне?
Құжаттың сақтау командасы.
Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы
Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады
Жауаптары
(тышқан-мышка-mouse)
(Жұмыс столы, Рабочий стол, Desktop)
(шам, лампочка, lamp)
(тіл, язык, language)
(Пернетақта-клавиатура-Keyboard)
(Терезе, Окно, Window)
( Өшіру пернесі, Клавиша удаление, Delete)
(Сақтау, Сохранить, Save)
(тоқ, ток, currnt)
(Бос орын-пробел-Proble)
Ұпайы аз екі оқушыны анықтайық.
1- жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын
3 кезең Ғажайып жетілік 2оқушы
Ғалымдар тарих информатика әр түрлі
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30
ҒАЛЫМДАР
10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)
20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
30 – (Видео сұрақ) СXVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)
ТАРИХ
10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)
20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)
30 – (Видео сұрақ) Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)
ИНФОРМАТИКА
10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).
30 –Электронды оқулықтағы №6 тапсырма
ӘР ТҮРЛІ
10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)
20 –Электронды оқулықтағы №7 тапсырма
30 – (Видео сұрақ) Гректердің ежелгі есеп құралы? (Абак)
Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас
Жеңілемін деп ойлама
4 кезең ЖОРҒА әр сұраққа 1 сек 1 балл 2 оқушы
1 оқушыға сұрақтар:
1000 саны рим цифрде қалай жазылады. (М).
Логикалық терістеу жалғауы ?(емес)
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
Компьютерді іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
Баспа құралы. (Принтер)
Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
Тасымал компьютер қалай аталады? (ноутбук)
2 оқушыға сұрақтар:
1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).
2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)
3. Процессордың шыққан фирмасының аты ? (Intel Core)
4. 1 Гигабайт қанша мегабайтқа тең ? (1024)
5. Тінтіуірдің қызметі ? (Басқару)
6. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
7. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)
8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).
Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.