Сабақтың тақырыбы: Өзендер.
6- сынып
Дайындаған география пәні мұғалімі Г. Махмудова
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзендер туралы түсінік беру, өзеннің құрылысымен, жүйесімен, алабы, ағу ерекшеліктерімен таныстыру, сарқырамалар және шоңғалдар туралы мағлұмат беру.
1.Оқушыларды топқа бөлу
2. Топ оқушылары бір – біріне көмектеседі.
3. Бір – бірінің айтқанын тыңдайды және өздерін тыңдата біледі.
4. Топ оқушылары өз ойларын айта біледі.
5. Өз беттерінше дайындалады.
- Хормен жауап бермейді.
- Өзге топты сыйлайды.
- Өз тақырыптары бойынша ортақ келісімге келе алады.
- Постер немесе графикалық органайзер құрай алады
- Оны қорғай алады.
Үй тапсырмасын тексеру.
“ Өрмекші торын” пайдалану .
- Теңіздер мен мұхиттар не үшін пайдаланылады?
- Еуропадан Оңтүстік және Шығыс Азияға қай канал арқылы өтеді?
- Мұхит суында қанша өсімдіктер түрі кездеседі?
- Қанша жануарлар түрі кездеседі?
- Мұхиттың ең алып жануары .
- Мұхит түбіндегі жарық жетпейтін жердегі балықтар.
- Теңіз бойының халқы немен айналысады?
- Арктика мен Антарктикада не аулайды?
- Киттер немен қоректенеді?
- Саргасс теңізі қайда орналасқан?
- Ол неге олай аталады?
- Мұхиттан тағы да не алынады?
- Мұхит түбін зерттеген француз зерттеушісі.
- Аквалангты ойлап тапқан.
- Мұхит суы қалай ластанады?
Географиялық диктант.
- Теңіз жағаларыдағы қойнауларда, ашық теңіздің толқыны жетпейтін жерлерде ... салынады.
- Еуропаны Солтүстік және Оңтүстік Америкамен байланыстыратын ... Мұхиты болып саналады.
- Көптеген елдерде теңіз .... Тағамға пайдаланылады.
- Кит саны азайып кетуіне байланысты оларды .... шек қойылған .
- Теңіз суларының құрамында тұз, микроэлементтерден басқа дейтерий ( ... ...) деген зат бар.
- Киттің денесінің ұзындығы 33м, ал салмағы ... т-ға жетеді.
“ ” 201 ж
Сабақтың тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты: өзендер туралы 5 –сыныпта жаратылыстану
пәні бойынша алған білімізді еске түсіреміз, өзеннің
құрылысымен, жүйесімен, алабы, ағу ерекшеліктерімен
танысамыз, сарқырамалар және шоңғалдар туралы мағлұмат
аламыз.
3- топқа тапсырма бөлініп беріледі.
Ніл
Іле
Парана
Жер бетінде өзендер көп. Бірі жазықты бойлап , кең жайыла , баяу ағады, екіншісі тау мен тасты арқыратып, көбік шаша ағады.
Өзен дегеніміз - арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су.
Өзен таудағы мұздықтардан, көлден немесе батпақтан , жер асты суларынан басталады.
бастауы
Өзен алабы
бұлақ
Өзеннің ағысының бағыты мен сипатына жер бедері әсер етеді.
Жазықтағы өзен - ағысы баяу .
Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тік аңғарлармен ағады. Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды.
Кей жерлерде қатты кристалдық тау жыныстары судың бетіне шығып
жатады, оны шоңғалдар деп атайды.
Өзен суының биік кемерден құлап ағуын сарқырама деп атайды. Жер шарындағы ең биік сарқырама - Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде, оның биіктігі 1054м.
Дүние жүзіндегі ең ірі каскадтар жүйесі Игуасу сарқырамасы болып
табылады. Оның ені 2700м, биіктігі 72м. Онда 275 бөлек сарқырамалар
бар.
Өзендердің қоректенуі:
- Жаңбыр суымен
- Қармен
- Жер асты суларымен
- Мұздықтармен
Адамның өзенді
пайдалануы
Өзен суларын электр қуатын алуға, жолаушы мен жүк тасымалдауға, зауыттар мен фабрикалар пайдаланады.
Кескін картамен жұмыс
Кескін картаға Қазақстанның өзендерін белгілеу, әр топтан кезекпен –кезек
оқушылар шығып, мұғалімнің айтқан өзендерін белгілеп шығады.
Оқушылар постер қорғайды.
Үйге тапсырма: § 44 , 130- беттегі 10 –тапсырманы
жоспар бойынша орындап келу.
Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалау
Оқушының аты- жөні
Өрмекші торы
Географиялық диктант
Жаңа тақырып
Кескін картамен
Бағалау