СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

9 саны мен цифры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын есепер арқылы ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытып, топпен жұмыс жасай алуға дағдыландыру.Сабаққа қызығушылығын арттыру.

Еліміздің болашағына     деген  сенім мен білімнің әрқашан қымбат екенін  түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«9 саны мен цифры»

математика Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 9 саны және цифрымен таныстыру, жасалу жолын түсіндіру;заттар арасындағы теңдік және теңсіздік құруды,неше артық(кем)екенін белгілеуді үйретуді жалғастыру;

Ойын есепер арқылы ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытып, топпен жұмыс жасай алуға дағдыландыру.Сабаққа қызығушылығын арттыру.

Еліміздің болашағына деген сенім мен білімнің әрқашан қымбат екенін түсіндіру.

Типі:жаңа сабақ

Түрі:аралас сабақ

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап,ойын, түсіндіру,әңгімелеу.

Көрнекілігі: сандар,слайдтар,көңіл ағашы т.б.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңіл күйлерін сабаққа әзірлеу.

Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік. слайд.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік.

Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болайын деп тұр. Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Олай болса қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де,сіз.

Кішіге де,сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Мен бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.

-Балалар, қазір қай мезгіл?

-Күз.

-Күзде табиғатымызда қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады,жаңбыр жиі жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар!

-Қане, өзіміздің «Көңіл ағашының»жапырақтарын жинап қайтайықшы?

(Балалар жасыл,қызғылт сары,сары жапырақтарды жинап орындарына отырады).

Жасыл жапырақ алғандар «Тапқырлар»тобы

Сары « Алғырлар» тобы

Қызғылт сары « Ойшылдар»тобы болады.

(Топқа бөлініп отыра қалады.)

-Балалар,қазір қай сабақ?

-Математика

(Есік қағылып, сандар патшалығынан уәзір келеді.)

Сәлеметсіздер ме? балалар! Мен сандар патшалығынан келіп тұрмын.

Сандар паптшалығы сендерге хат беріп жіберді.

(Мұғалім хатты оқиды)

Сәлеметсіңдер ме? балалар! Мен сандар патшасымын.

Мен сандарды жақсы көремін. Менің патшалығымды көргілерің келе ме?

(Ертегіні көрсету)

Міне,балалар,сандар патшасы бізді бақылап бағдарлап отырады екен.Біздің өткен сабақта қандай санмен танысқанымызды біледі екен.

II.Білімді тексеру кезеңі.

Олай болса балалар,біз қандай санмен таныстық?

-8саны

-Дұрыс айтасыңдар.

- 8 санының құрамын кім айтады?

I. топ 7мен1-дің қосындысы 8-ге тең

6мен 2-нің қосындысы 8-ге тең

5пен 3-тің қосындысы 8-ге тең

4 пен 4-тің қосындысы 8-ге тең (бір-бірден сұрау)


II.топ Сандарды салыстыру. 2 +1* 3-1 4+1* 3+2 7-3* 2+1

7+1*6-2 4+4*6+2 8-2* 6+1

III.топ 6+*=7 *+1=6

7-*=5 3+*=6

*+0=5 4+*=6

III.Мақсат қою кезеңі:

-Балалар, 8санынан кейін қандай сан?

-9саны

-Дұрыс айтасыңдар.

Бүгін біз 9 саны және цфрымен танысамыз.

IY.Жаңа сабақты түсіндіру.

(Тақтадағы сандар қатарынан 9-ды көрсету. 9-санының шығу жолдарын көрсету.)

  1. Ω Ω Ω Ω Ω Ω Ω Ω + Ω Міне,8 қуыршаққа 1 қуыршақты қосып едік 9 саны шықты.

Балалар, 9 цифры осылай жазылады.(Санның жазылуын көрсету).

3. 9 саны былай дейді.

Бас көлемім орасан,

Көтере алмай бас идім.

Басым төмен қараса,

Дәл үш жасқа кемимін. Бұл қандай сан; 9 және 6

6 саны етпетінен құласа 9 санына ұқсайды екен.


  1. 9 саны қандай сандардан артық? Қандай сай сандардан кем?

(Өзінің алдындағы сандардан артық, өзінен кейінгі сандардан кем.)

Оқулықпен жұмыс.

а) Бүгінгі өткен 9 санын сұқ саусақпен көрсет.

ә)Тура және кері санату.

б) Сағат нешені көрсетіп?

(Қазіргі таңғы 9-ды көрсетіп тұр).

1-тапсырма.

Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндір.

-Балалар, суретте не бейнеленген?

- Қораптағы шеколад.

8 қызыл қорапқа 1 көк қорапты қоссақ қандай өрнек болады?

8+1=9

Кесіндінің ұзындығын өлше. 9см. 9см 8см

2-тапсырма.Салыстыр. 98

8

3-тапсырма Қалып қойған сандарды ата:

0***4***8*

01***5****

Сергіту сәті «Қара жорға»

Дәптермен жұмыс.

1.Тапсырма

8+1*9 9-1*8

Салыстыру: 65 91

2, Мысалдарды шығар:

4+1 3+3 7-6

3-2 5-1 5-2

7-1 4-2 1+2 слайд

2+4 5-3 2+5

I.топ II.топ III.топ

3.Сызықтарды кескіндеп көрсет:

1.қисық шеңбер

2.кесінді

3.сынық сызық

4.қисық сызық

4.Белгісіз сандарды табу *+*=8 8-*=*

Кел,ойнайық!

Қыздар,ұлдар болып жарысу.

Қыздар: Ұлдар : слайд

2+2 3+3

7-4 8-6

1+7 1+6

5-3 6-3

3+5 6+2

4-2 8-4

6-3 5-4

Қандай сурет болуға тиіс? слайд

Жауабы: тігінен төмен.

Y.Сабақты қорытындылау.

1.Математикалық тілде сөйлей білесің бе? слайд

Қосу амалына тиісті компоненттерін ата: 5+4=8

Азайту амалына тиісті компоненттерін ата: 9 -1=8

2.Ауызша тапсырм:

Бірінші қосылғышымыз -8

Екінші қосылғышымыз-1

Қосындының мәні нешеге тең ? т.с.с.

I.топ II.топ III.топ

8+1=9 7+2=9 5+4=9

9-1=8 9-2=7 9-4=5

3.Ребус шешу: 1 жел 90

-Балалар,1-желтоқсан қандай мереке? слайд.

1-желтоқсан президент күні.

1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

Міне, 25 жыл болды. Сендер тәуелсіз мемлекеттің ұрпағысыңдар.

Елін,жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетіндеріңе сенімдімін.

YI.Үйге тапсырма. 9санының құрамын жаттау.

YII.Бағалау.

Қай топ жеңіске жеткенін бағалап,мадақтау.

«Көңіл ағашына» көңіл күйлерін білдіріп смайликтерін жапсыру.

Сандар патшасының сыйлығын тарату.