СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Күлтегін жыры

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-сыныпқа арналған "Күлтегін" жыры бойынша сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Күлтегін жыры»

Күні: 8.11.16

Сыныбы: 9 МО

Пәні: әдебиет

Тақырыбы:  «Күлтегін» жыры.
Мақсаты: 

  1. Ежелгі  дәуір әдебиеті туралы  білімді  тереңірек  ұғындыру. Халық  тәуелсіздігі үшін күрескен Күлтегіннің батырлық  бейнесін  таныту;

  2. Жыр үзінділерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру және ауызша сөйлеу тілдерін дамыту;

  3. Адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге және  ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу

Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту    

Әдісі:  алдын ала оқыту, зерттеу, баяндау, топтастыру, салыстыру (СТО стратегиясы), ақпараттық-коммуникативтік технология
Көрнекілігі :  электронды  слаидтар, электронды  оқулық, видеоматериал

Пәнаралық  байланыс: география,  тарих.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Дайындықтарын тексеру.



ІІ. Қызығушылықты  ояту. «Барлық істің басшысы – білім мен ұғым».

«Тірек  символдар»  стратегиясы

             Қобыз, тастағы  жазу,  батыр  бейнесі  арқылы  әңгіме  құрау.

Құралған  әңгіме  арқылы  жаңа  тақырыпқа  кіру.



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Өткен сабақты қорытындылау.

Күлтегін қандай халықтарға ортақ асыл мұра?

Ежелгі дәуір ақындары, ойшылдары, ғұламалары

Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын жырлар

Ә) Сәйкестендіру әдісі. «Ежелгі дәуір мұралары»

Күлтегін жырлары (ҮІІ ғ.) Оғыз жыршылары

Қорқыт ата кітабы (ҮІІІ ғ.) Ежелгі Шығыс әдебиеті жыршылары

Оғыз – нама (ІХ ғ.) Қожа Ахмет Иассауи

Диуани – Хикмет (ХІ) Қорқыт

Құдатғу білік (ХІІ ғ.) Тоныкөк

Кодекс – куманикус (ХІІІ ғ.) Жүсіп Баласағұн

«Күлтегін»  жыры жайында электронды  оқулықтан  тыңдату.



Б)Оза оқыту технологиясы. Дайындап келген қосымша материалды зерттеу (әр топ өздері тапқан материалдарын талқылайды)

  1. Орхон – Енисей ескерткіші қашан және қайда табылған? Оларды кім тапты?

  2. Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш “кілтін” тауып, сырын ашқан кім? Кімдер аударды?

  3. Күлтегін ескерткішінің көшірмесін кімдер, қай жерде жасытып Қазақстанға алып келді? Бүгінгі күні ескерткіш көшірмесі еліміздің қай қаласында орналасқан?

ІҮ.Мағынаны  тану. Сабақ эпиграфымен жұмыс.

Болмасын  деп  байлығы  басқаға  азық,

Кеткен  бабам  тарихын  тасқа  жазып.

(Б.Бәйітұлы)

Ежелгі  түркілер  үшін айтулы  кезең 545 жыл болды. Осы  жылы  Ұлы  түркі  қағанаты  өмірге  келген  еді.Сөйтіп  түркілер   өздерінің  тұңғыш  мемлекетін  құрады. Бумын  қаған  түркі  тайпаларының  басын  қосып,  әлемге  әйгілі  түркі  қағанатының  негізін  құрады.



Ү. Жаңа сабақ. Видео көрсету «Күлтегін ескерткіші»

Жыр жолдарымен жұмыс. Мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіну.

1 шумақ.

Биікте Көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ататегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.

Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен.

Сарбаздармен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен.

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген.

Ілгері – Қадырқан қойнауына дейін,

Кері – Темір қақпаға дейін жайлаған.

Екі аралықта жүрген иесіз көк Түріктерді

Осылай қоныстандырған екен.



2 шумақ.

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады.

Біліксіз қағандар таққа отырған екен,

Әміршілері де біліксіз екен,

Жалтақ болған екен.

Бектердің, халқының ымырасыздығынан,

Тауғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,

Арбауына сенгендігінен,

Інілі-ағалы дауласқандығынан,

Бек пен халықтың өзара жауласқандығынан,

Түркі халқы елдігін жойды,

Қағандығынан айырылды.



3 шумақ

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың

Аты, даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым,

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге

Өліп тіріліп, жерді ұлғайттым

Біріккен халықты от-су қылмадым

(Өзара тату еттім)

Өлімші халықты тірілттім.

Жалаңаш халықты - тонды қылдым,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты тату еттім

Бәрі маған бағынды



ҮІ. Кестемен жұмыс жасау.

1 топ. Күлтегін жауласқан елдер мен батырлар



Елдер атаулары

Батырлар аттары

Оғыз, Құқай, Татабы, Табғаш, Соғды, Аз, Оңтұтық, Ізгіл Едіз

Тадық чур, Ышбар Ямтар, Иегін Сілікбек




2 топ.

Тақырыбы

Идеясы

Қандай мәселе көтерілді?

Қандай үлгі-өнеге береді?

Түркі халқының бірлігі, ерлігі

Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету

Тарихта болған оқиғалар. Түрік қағанатының орнауы, жарты әлемді өзіне қаратып алуы. Білге қаған мен Күлтегіннің ерліктері.

Ағайындылар арасында ауызбіршілік болуы керек, тәуелсіздік үшін күрес

қазақтың ерлік пен елдігін үлгі етеді



3 топ.

Қойылатын мәселелер

Өлеңдегі мәселені ашатын жолдар

Халықтың жағдайы

Іші ассыз, сырты тонсыз

Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым

Білге қаған мен Күлтегіннің іс-әрекеті

Түркі халқы үшін күндіз отырмадым.

Інім Күлтегінмен бірге өліп-тіріліп жерді ұлғайттым. Көп қолмен 12 жорық жасадық.

Қандай нәтижеге жетті?

Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, төрт бұрыштағы халықты бейбіт қылдым. Тату қылдым.

  • Тақтада 1 оқушы «Күлтегін» тақырыбына Кластер сызу.

ҮІ. Қорытынды. “Соңғы сөзді мен айтайын”
(Сенің ойыңша, жырдың идеясын ашатын тұсы) ең соңғы жолдарында

«Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. ВИДЕО

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапырма беру.

Жырды хрестоматиядан толық оқып, композициялық жоспар құру.




Скачать

© 2016, 6239 94

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!