| Пәні:Әдебиеттік оқу | Класы:3-класс |
Тақырыбы: | Жаз. Абай |
Мақсаты | «Жаздыгүн шілде болғанда» бөлімі жайлы түсінік беру, оқушыларды түсініп оқып, өзіндік пікір айтуға үйрету. Жазғы табиғат сұлулығын сезіндіре отырып, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге баулу. Өз бетімен жұмыс жасату арқылы, сындарлы ойлау қабілетін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. А.Құнанбаев туралы түсінік беру. |
Күтілетін нәтиже | Жазғы табиғаттың ерекшелігін және табиғат лирикасын өлеңіне қосқан ақын туралы біледі. Халқымыздың ұлы ақыны Абайды тереңірек танып, оның шығармаларын оқып, ерекшелігін біле түседі. Өз бетімен жұмыс жасай алады, сараптай білуге дағдыланады. |
Түйінді идеялар (кілтті сөздер) | Жаз мезгілі- табиғаттың ең бір мамыражай кезі.. |
Сабақ кезеңдері: | Сабақ барысы | Бағалау | ресурстар |
Кіріспе | 1.Амандасу. Топқа бөлу. Сөздер жазылған парақтардан оқушылар өздері бір-бірден таңдап алады.Онда ақын, өлең, көрініс және әңгіме сөздері жазылған. 1-топ «Ақын» сөзін алғандар.2-топ «Өлең» сөзін алғандар.3-топ «Көрініс» сөзін алғандар.4-топ «Әңгіме» сөзін алғандар. Әр топ өз ішінен 1 көшбасшы сайлап алады. 2."Біз қандаймыз" тренингі 3.Үй тапсырмасы.«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау. Бетбақдала. А.Сейдімбек.Қайталау тест сұрақтары. Әр оқушы қасындағы жұбын тексереді. | Үш шапалақ жетон | Интербелсенді тақта Сандықша Топ аты жазылған қағаздар |
Тұсаукесер | 1.Ой қозғау.Жұмбақ жасыру Табиғат ерекше құлпырып, Боялар түстерге керемет. Шалғынның үстінде көлбеңдеп, Ұшады әр түрлі көбелек. Бұл қай мезгіл, балалар? Жаз мезгілі адамдарға керек пе? Не үшін қажет? Біздің өмірімізде қандай маңызы бар? 2. «Талап, еңбек, терең ой Қанағат,рақым ойлап қой,Бес асыл іс көнсеңіз» -Осы өлең жолдары қай ақыннан алынған? -Абай. Жаңа тарау-«Жаздыгүн шілде болғанда». Жаз. Абай | жетон | Интербелсенді тақта Плакат |
Негізгі бөлім | Топтарға тапсырма 10мин 1-топқа: Абай туралы ассосация құру. 2-топқа: Абайдың жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдерін еске түсіріп, талдау. 3-топқа: Жаз көрінісін бейнелеу. 4-топқа: Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрау.Әр топ өз жұмысын қорғайды. Интербелсенді тақтадан Абай туралы мәлімет көрсету. Оқулықпен жұмыс. Әр топ өзбеттерінше Абайдың «Жаз» өлеңін оқиды. Өлең бойынша жоспар құру. 1. Жаздыгүнгі табиғат. 2. Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі. 3. Жазғы жайлау. Сергіту сәті «Қошақаным» әнін домбырамен тарту. Оқушылар билеп тұрып айтады. Бұл әнде қай мезгілдегі оқиға суреттелгеніне тоқталып өту. | Жетон Үш шапалақ 4 топ бір-бірін ишара арқылы бағалайды Жетон | Уақыт көрсеткіші А 3 Маркер магнит Интербелсенді тақта Оқулық Домбыра |
Қорытынды | 1. «Мен білдім...» (оқушылар жаңа сабақтан нені білгендерін тез айтып өтеді.) Мұғалімнің жиынтық бағалауы | Жетон арқылы бағалау | Жетон |
Қосымша оқу Үйге тапсырма | Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айту. Абай туралы мәлімет жинақтап келу. |
Рефлексия | «ББҮ» сызба әдісі бойынша оқушылар сабақтан ойларына түйгенін ортаға салады.Сабақтың ұнаған-ұнамағанын смайликтерді плакатқа жапсыру арқылы білдіреді. |
Не сәтті өтті? Нені дамыта аласыз? | «Ыстық орындық» және постер қорғау,оқушылардың бір-бірін тексеруі.Оқушылардың топта ұйымшылдықпен жұмыс жасауын;бір-бірін әділ бағалай алуын және сөйлеу тілін,ойлау қабілетін дамыту. |
Не сәтсіз өтті? Нені өзгерткіңіз келеді? | «ББҮ» әдісі, топпен жұмыс кезінде оқушылардың сабаққа түгел қатысымы,бірін-бірі тыңдауы және уақытты белгілеу;Жоғары,төменгі дәрежелі сұрақтар қоя алу. Уақытты тиімді пайдалануды және бағалауды өзгерткім келеді. |