СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Алғысым шексіз" өнеге сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. "Алғысым шексіз" тақырыбындағы өнеге сағаты ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту мақсатында өткізілді.

Просмотр содержимого документа
«"Алғысым шексіз" өнеге сағаты»

Жарық ЖОББ мектебі



«Алғысым шексіз»



(1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған өнеге сағаты)

















Өткізген: Алтайбаева Г.К.

2 б сыныбы















2015-2016 оқу жылы

1 наурыз-Алғыс айту күні.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғысым шексіз»

Мақсаты: 1.Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 2.Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.3.Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдістері: ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.

ІІ. Кіріспе. «Орынын тап» ойыны

Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әр әріпке сөздер ойлау.

Тақырыптың мақсатын түсіндіру. Әңгімелесу

Мұғалім: Ризашылық дегеніміз не?

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.

Топпен жұмыс

І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау

ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау

ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?

ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?

Ү - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»

“Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.

«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»

Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

ІҮ. Қорытындылау - Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?