Педагогтің әңгімесі: - Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір-сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттрдың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Олар жер мен су, ғаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп таймыз.
Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар – тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз табиғат. Ал енді, бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.
Жылдың әр мезгілінде байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арасындағы байланыс түсіндіріледі.
Е. Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру. Табиғаттың құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу: жаңбырдың, қардың жауып тұрғанын, желдің соғып тұрғанын табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.
|
|
|