Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері.
Стандартты функциялар.
Математикада арифметикалық және алгебралық өрнектерді бөледі.
Арифметикалық өрнек – бұл арифметикалық операциялар белгілерімен біріктірілген сандар.
Алгебралық өрнек – бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалылар. Информатикада алгебралық өрнек деген түсінік жоқ, ал арифметикалық өрнек өзіне арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалыларды кіргізеді.
Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктірілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады..
Информатикада арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар келесі белгілермен белгіленеді:
- « + » - қосу;
- « - » - алу;
- « * » - көбейту;
- « / » - бөлу;
- « ^ » - дәрежесін табу.
Бұдан басқа, арифметикалық өрнектерде дөңгелек жақшалар – « ( ) » қолданылуы мүмкін, мұнда кез-келген өрнекте ашылатын дөңгелек жақшалардың « ( » саны жабылған жақшалардың « ) » санына сәйкес болуы тиіс. Квадратты және фигуралық жақшаларды пайдалануға тыйым салынады.
Информатикада арифметикалық та, логикалық та операциялар бір жолға жазылады, яғни бөлшекті жазу үшін алымы мен бөлімін жақшаның ішіне қойып, олардың арасына « / » бөлу белгісін қою керек.
Өрнектің математикалық жазуында көбейту белгісі қойылмайды, ал арифметикалық өрнекте ол міндетті түрде болуы керек.
Тағы да математикалық жазудан тағы бір айырмашылық бар – ондық бөлшекті жазғанда, үтір емес, нүкте қойылады. Оңайлық үшін пернетақтада жай әшейін нүкте тұрады.
Мысал:
Математикалық жазу 
Мәтін түріндегі арифметикалық өрнек –
(2*А+С)/(А+3,5)+D.
Арифметикалық операциялардан басқа, математикалық формулаларда квадраттық түбірлер, тригометриялық және басқа элементар функциялар кездеседі. Мұндай жағдайларда бағдарламалау тілдерінде және калькуляторда бірқатар құрамдас стандартты функциялар бар. Стандартты функциялар арифметикалық өрнектерде қолданылады.