«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған
Арқалық арнайы мектебі МКК»
Ашық сабақ
(Іс – тәжірибелік жұмысы)
Сабақтың тақырыбы: «Балалар орындығын жасау»
Өткізген: Байкен М.Е
технология пәні мұғалімі
Өткізген күні: 18.12.2015
Арқалық қаласы.
Сабақтың тақырыбы: Балалар орындығын жасау.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға өткен сабақта түсіндірілген
жалғау түрлерін үйрете отырып,
білімділіктерін арттыру.
2. Коррекциялық-дамытушылық:Ойлау, өлшеу, елестету,
ізденімпаздық, шығармащылдық қабілеттерін
дамыту.
3.Коррекциялық-тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сақтыққа,
тазалыққа, әсемдікке, батыл жылдам жұмыс
жасауға, еңбекке тәрбиелеу.
4. Іс-тәжірибе жүзінде іске асыру: іс- жүзінде орындық
жасау және жалғауларды пайдалана
отырып жұмысты жүргізу
Көрнекілік материалдар: а)Көрнекілік: Орындықтың сызба-суреті, орындықтың
түрлерінің суреттері
б)Құралдар: Сүргі, Қашау, Ағаш балға, сызба сүргі,
бұрыштық сызғыш, егеу, құм қағаз
Керекті материалдар: оқулық, жұмыс дәптері,
Сөздікпен жұмыс: Орындық-табуретка, Паз-тесік ұя, Шип-мұртша
Сабақ түрі: Іс –тәжірибелік жұмысы, дамыта оқыту.
Әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, іс-тәжірибелік жұмысы
Пән аралық байланыс :сызу,сурет.
Сабақ барысы:
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабаққа қорытынды
3. Жаңа сабаққа түсінік беру
4. Бекіту сұрақтары
а) Іс – тәжірибелік жұмыстар
5. Тапсырма
6. Жұмыс орындарын жинақтау
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Өткен сабақты қайталау:
1.Орындықтың қандай түрлері бар?
2.Қандай жалғау түрі пайдаланған?
3. Аяқтарының арасын жалғаған ағаш қалай аталады?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
1.Кіріспе: Бүгінгі іс-тәжірибелік сабақтың тақырыбы «Балалар орындығын жасау».
Мақсаты: Алдыңғы тарауларда өткен жалғау түрлерін іс-тәжірибелік жұмыс түрінде жасап үйрену. Кәне, балалар дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. Өткен сабақта орындықтың түрлерімен таныстық. Орындық 4 аяқтан, үстіңгі бетінен, 4 кергіш ағашы бөліктерінен тұрады. Әр орындықта әр түрлі жалғау түрлері кездеседі. Біздің жасайтын орындықта өтпелі емес жалғыз мұртшалы ортаңғы бұрыштық жалғау түрі пайдаланылады. Қазір сабақты орындықтың аяқтарын жасаудан бастаймыз.
Жұмысты бастамас бұрын жоспар құрып аламыз
2. Жоспар:
1.Аяқ жасауға ағаш таңдап алу
2.Өлшем бойынша кесу, сүргілеу, тесік ұя жасау
3.Кергіш ағашын дайындау,мұртша жасау
4.Орындық бетін дайындау
5. Дайын бөлшектерді құрау, желімдеу
3.Жұмысқа нұсқау беру:Мына дайындама ағашты алдарыңдағы сызба –нұсқауға қарап, өлшем бойынша ұзындығын кесіп, енінен артық жерді сүргілеу керек. Сосын өлшеммен аяқтың төменгі екі жақ бетінен қиғаштап сүргілеу қажет. Содан кейін әрбір аяқтарына екі жақ бетінен 2 тесік ұя жасалады.
4. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау: Жұмыс барысында кездейсоқ зақымданбау үшін техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.Құралдармен жұмыс жасағанда сақтану керек, яғни жарамсыз құралдармен жұмыс жасауға болмайды.
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау
1.Орындық қандай бөлшектерден тұрады?
2.Бір аяғында неше тесік ұя жасалады?
3.Бір орындықта неше кергіш ағашы бар?
Ү.Іс-тәжірибе жұмысы
Ал енді жұмысты бастаймыз.

300мм

1 2 3 4 5 6 7 ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! 30 !
- 300мм өлшеп кесіледі
35см



3
5
-



35мм өлшеп сүргілейді


100мм

1



50


Сүргімен сүргіленеді


40мм 160мм






10




- 4 дана аяғына 2 тесік ұядан жасалады

150ммм

1 2 3 4 5 6 7 ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! 15 !
- кергіш ағашты өлшем бойынша кесу


2
0









0,5 10 0,5











Кергіш ағашқа екі жақ ұшынан дара мұртша жасау
15 40мм




Ү. Қорытынды бөлім
1.Сабақты қорытындылау
2.Жұмыс орынын тазалау
3.Бағалануы