Инабаттылық – әдептілік, тәрбиелілік, мәдениеттілік ұғымдарымен жақын мағынада қолданылатын, кісілік қасиеттердің бірі.
Инабаттылық, көбінесе, адамның мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады. Оның басты көріністеріне: адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік, тәртіптілік, қанағатшылық, биязылық, ілтипаттылық, ізеттілік, сабырлылық, әділдік, шыншылдық, т.б. жатады. Инабаттылықтың негізгі шарттарының бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу. Халық “жарлы болсаң да, арлы бол” дейді. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, инабатты келеді
Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі
Тақырыбы: Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі
Мақсаты: Балаларға ислам діні туралы түсінік бере отырып,
имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Плакаттарға жазылған сөздер; «Ислам жолы-тазару жолы»,
«Білсін деп қазақ ұланы...», «Исламдық діни терминдер»,
буклеттер, әртүрлі суреттер, мешіттің суреті, қыз, ұл тәрбиесі
туралы қабырға газеті
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, қадірменді меймандар, оқушылар «Иманды ұл, инабатты қыз елдің көркі» атты әдептілік сабағын бастауға рұқсат етіңіздер
1-оқушы: Ислам діні алғаш рет Аравияда дүниеге келді. Оның негізін салушы Мұхамед Пайғамбар. Өзін мұсылман санайтын адам баласы төмендегідей бес парызды ұстауы керек.
Аллаға сеніп Мұхамедтің үмбеті екенін мойындау.
Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
Жарлыларға зекет беру.
Рамазан айында отыз күн ораза тұту.
Қажыға, Меккеге бару.
Мұғалім: (Құран-кәріммен таныстыру)
Құран кітапты қолға алғанда биссмилла рахман-рахим деп ұстау керек. Құранда 6666 сүре жазылған. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды. Мұхаммед Пайғамбар айтқан екен, қымбатты менің елшілерім сендер қандай жұмыс бастасаңдар, қандай іске кіріссең де, бисмилла рахман- рахим деп баста, сонда сол істің сауабы тиеді. Істеген ісің жақсылыққа бастайды деген.
(Мұхаммед Пайғамбар туралы түсінік беру)
Мұхаммед Пайғамбар 570 жылы Меккеде дүниеге келген. Оның әкесі Абдулла, атасы Абдулл Муталып, түптеп келгенде Ыбырайым мен Ысмайыл пайғамбардың тікелей ұрпағы. Әкесі болашақ пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болған.
Анасы Әмина Мұхаммед 6 жасқа келгенде қайтыс болады. Сондықтан
Мұхаммедтің тәрбиесі атасы мен ағасының мойнында болады. Бала жастайынан адал, әрі тәрбиелі болғандықтан жұрт оны «әл-әмин» деп атап кетті. Мұхаммед Пайғамбар 23 жыл пайғамбарлық діни жолда құран-кәрімнің аяттары сүрелерін бір кітапқа енгізді. 63 жасында көз жұмды. Денесі Мединедегі өз үйіне жерленді. Содан бері құранның бір сөзі де өзгертілген жоқ.
2-оқушы: (Қыз бала тәрбиесі туралы)
Қыз- елдің көркі. Сондықтан да халқымыз қызды аса қадірлеген. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз өрісің» дейді қазақта. Қызды қазақ жат жұрттың баласы санап үйде қонақ ретінде қараған. Яғни, бәрімізқыздан туыламыз, солардан өсіп-өнеміз. Қыз болашақ жар, ана, әже. Сондықтан қызды әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп, тіл тигізбей тәрбиелеген. Сондықтан қыз біреудің жоғын жоқтайды да, өз жұртына тілеулес болады.
3-оқушы (Ұл бала тәрбиесі туралы)
Ұл бала қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың отын тұтатушы. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады. Қазақ қызын ұзатып, ұлын үйлендірген, құда түсіп, құдасын құдайындай сыйлаған.
4-оқушы: Ата-аналық үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл ерер
5-оқушы: Әке сөзі - парыз
Ана сүті – қарыз
6-оқушы: Ұл өссе-ұрпақ,
Қыз өссе- ырыс
7-оқушы: Ұлың өссе -мұратың
Қызың өссе-жұратың
Мұғалім: Енді жас нәрестеге байланысты әдет-ғұрыптарды еске түсірейік.
Кіндік кесу
Шілдехана тойы
Балаға ат қою
Бесікке салу
Қырқынан шығару
Тұсау кесу
Сүндет тойы
Тіл ашар
Үйлену тойы
Міне, баланы дүниеге әкелгеннен кейінгі ата-ананың парызы осыларды жасау. Қазақтың салт-дәстүрімен өскен бала иман жүзді, қызы инабатты болары сөзсіз.
Міне, балалар біз бүгін ислам дінімен, оның жаратушысымен таныстық. Әрдайым иманды болыңдар! Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын жоғары бағалап, ұмытпаңдар!
Ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу
Жарияланды 5-06-2016, 20:07 Категориясы: Психология
«Ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу» (Мұғалімдер мен 9 - сынып оқушыларына арналған психопрофилактикалық сабақ)
Мақсаты:
1. Мұғалімдерге жағымды әлеуметтік психологиялық ахуал қалыптастыру.
2. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы қөзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықта таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу,
Міндеттері;
1. Мұғалімдер мен оқушылардың өзара сыйластықта, сүйіспеншілік пен мейірімділікті сезініп қарым қатынас жасауына көмектесу,
2. Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай білуге үйрету.
Әдістері: пікірлесу, талқылау, әңгімелеу.
Көрнекілік: түсті қағаздар, ақ қағаздар, қарындаштар әр түрлі.
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру сәті;
2) Амандасу сәті. Сәлеметсіздер ме! ұстаздар мен оқушылар!
Кіріспе
Ұлағатты ұстаз - ең алдымен шәкіртіне өнерді, білімді үйретуші.
Ұстаз - дос ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
Шәкірт - ұстазының ұлағатты іс әрекетін үйреніп, одан білім алушы. Ұстазды құрметтеудің бір белгісі оған ізеттілікпен сәлем беру.
Ұстазға сәлем берудің екі жолы бар: жиналып отырған шәкірттер ұстазбен тұрып амандасса, жеке кездескенде, шәкірт ұстазға әдеппен сәлем беріп, басып иеді. Ең әуелі шәкірт ұстаз сөзін ықыласпен тыңдауға, ісін ілтипатын үйренуге ұмтылуы тиіс деп ойлаймын.
Сондықтан да бүгінгі сабаққа қатынасқалы отырған құрметті ұстаздарды осы мектептің 9 - сынып шәкірттері орындарынан тұрып бас иеді. Бүгінгі сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен мен мақсаттарымен таныстыру сәті. (Слайдтық көрініс)
1. жаттығу « танысу» жаттығу Әр ұстаздар қай мектептерден келгендері туралы таныстырылады.
2. жаттығу Пікірлесу. сұрақтар бойынша
1. Инабатты шәкірттеріңіз туралы не айтар едіңіз? Мұғалімнің жауабы
2. Ұлағатты ұстаздарын туралы не айтар едіңдер? Оқушылардың жауабы
Оқушының жауабы. Мектептің тұлғасы – ұстаз. Шәкірт өз туған баласындай көріп, адамдық асыл қасиеттерді оның бойына сіңіреді. Ұстаз ата анамен бірлесе балаға қамқорлығын арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін өнерін үйретіп тәрбиелейді.
3 жаттығу « Сиқырлы орман» Ақ қағаздарға ағаш суретін салып, оның артына жағымды қасиеттерін жазу. Суреттерді магнитті тақтаға іліп қойып мамандыққа байланысты қасиеттер жазу.
Мұғалімдер үшін: осы сиқырлы орманды гүлдермен безендіруді тапсыру. Ал гүлдің артына оқушыларға тілектер білдіруді ұсыну.
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде мына өлең жолдарын алайық:
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
1. Әңгіме.
- Мамандық дегеніміз не? Оқушылардың жауабы.
Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Психолог:
- Балалар айтыңдаршы осы мамандықтардың барлығына тән қандай ортақ іскерліктерді табуға болады? Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
Жауаптар.
- компьютерді білу;
- кем дегенде үш тілді білу;
- адамдармен қарым қатынас жасай білу;
- тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау;
- үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.
Келесі тапсырма оқушылар сауалнамаға жауап беру. Кәсіби бағыттылыққа табандылықты зерттеуге арнаған.
Мұғалімдер үшін; Сауалнама ұсыну.
4. жаттығу. « Өрмекші» жаттығуда Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынасы туралы
Тілектер айту.
5. Жұптармен жұмыс. Ізгі ой ойлауға дағдыландыру ( тапсырма музыка әуенмен орындалады.)
Тапсырманы оқушыларға беріледі.
А) Бір адам туралы сүйіспеншілікпен ізгілікпен ой ойлап көріңіздер оны қағазға түсіріңіздер.
Тапсырманы мұғалімдерге беріледі.
Б) Сіздер үшін киелі немесе жұбаныш әкелуші болып саналатын әрбір есімді немесе сөздерді іштей ойланып қағазға түсіріңіз.
(Осы тапсырмалар бойынша берілген қысқаша жауаптарды келтірейік)
мұғалімдердің жауаптары:
. киелі есім «Алла» деп, ал жұбаныш әкелуші жанұялары, еңбек етіп жүрген ұжымы мен өз оқушылары екендігін жазылғаны туралы.
Бұл оқушылардың жауаптары:
▪ бізді бір нәрсе білсе екен, оқыса екен, үйренсе екен деп алға сүйрейтін жан - ұстаз.
▪ жанымызды жақсылықпен жадыратар білім нәрімен сусындатар жақсы жандардың бары қандай жақсы.
▪ сіздің бойыңыздағы кішіпейілділік, мейірімділік, біліктілік, қарапайымдылық, кешірімділік сияқты жақсы қасиеттеріңізге қызығамыз. Сіздерге көп рахмет.
Осы жаттығудан соң оқушылар сыныптан шығып кетеді.
5 - жаттығу « Бота, айтшы мен қандаймын?» Бұл ойында мұғалімдер өз бойларындағы жағымды қасиеттері туралы хабар алады. Сабақты аяқтау.
Қорытынды Рефлексия
Қорытынды сөзі:
Күнде өсіп қарап, зерттеп бағады,
Зерттегенде соң, зердеге сап алады.
Не тілесе соны біліп, түсінер
Білген сайын іштен жиі күрсінер
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы
Туғаннан - ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса....
Бала білім жолын қусын десеңіз.
Бесігіңде - ақ ілім шоғын көсеңіз....
Бала миы - дақ тимеген қағаз нақ
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ. (Жүсіп Баласағұни)
Тәрбие сағатының тақырыбы : «Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өз ойларын фактілерге сүйене отырып дәлелдеп айтуға, басқа пәндерден алған білімдерін адам және қоғам пәнімен байланыстыра отырып,өз бетінше ойлай білуге, оқушылардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру, адамгершілікке, жүйелі ойлауға дамыту.
Тәрбиелік: сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ауызша журнал
Сабақтың әдісі: пікірсайыс
Көрнекілігі : СКТ, слайд арқылы дайындалған материалдар, домбыра. .
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. « Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » - деп бекер айтылмаса керек.
Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.
Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,
осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.
II Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат.
Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді.
Халық мақалы
Оқушы
Әрбір қыз бойжетіп,әке – шешесінің ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келін болып түседі. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана боу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты.
Оқушы
Қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен өтейтін міндеттері аз болмайды. Солардың барлығы қосыла келе келін болу әдебін құрайды.
Қыз бала той – томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс – тұрысымен, сергек – сезімталдық ептілігімен, сөзге ұстамдылығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады.Мұндай жақсы атақ қыз баланың болашағы үшін маңызы зор.
Оқушы
Қыздың, яғни болашақ келіннің қолынан іс келуі – міндетті жағдай. Айналадағы адамдарды сыйлау, ата –ананы құрметтеуден басталады.
Әке – шешесін, бауыларын құрметтеп, қадірлей алмаған адам өзге ешкімді де сыйлап жарытпайды.
Еш уақытта ата – анаңа қарсы келме, ұстаздардың шапылдап бетінен алма, сөз қайтарма, бұл сенің отбасыңнан алған тәрбиеңді көрсететінін ұмытпа!
Оқушы
Ер бала еңбекке ерте бейімделеді.Сөйтіп, ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып,ән салуға бейімделген.Демек, қазақ халқының жігіті сегіз қырлы, бір сырлы блсын дегені тегін емес.
Оқушы
Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен. Сондықтан өз ұлына бар өнерін, естіген – білгенін түгел үйретуге тырысқан. Ал әр ұл өз тарапынан ағаға, әкеге еліктеген.
Оқушы
Парасатты әке балаларына, ата –бабаларының іс –әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып,ағайынның туыстық,жақындық қасиетін түсіндіріп, ата-тегі туралы айтып отыруды парыз санаған. Қазақ «Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол»,- деп бекер айтпаған.
Оқушы
Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе, оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ, өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін отбасы, мектеп, жолдастар, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.
Оқушы
Кемшіліксіз адам жоқ. Алдымен адам өзін жақсы білуі қажет. Ол үшін өзіңді – өзің мұқият тексер, толық зертте. Осыдан барып өзіңді – өзің тәрбиеле, өзіңді дамыт, өзіңді – өзің жетілдір.
Оқушы
Өзіңе – өзі баға беруге әркімнің батылы бара бермейді.Кейбіреу өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру – санасының төмендігі,өзіне сенбейтіндігі. Өзіңдегі не нәрсені күшейтіп, нені басып отыру керектігі қолыңда екендігін ұмытпа.Өзін – өзі түсінген – дана, өзін жеңген – қаһарман.
Нағыз адамға тән қасиеттер:
Ұғымды, ойлы ететін зерде – зейінің.
Сені өрге сүйрейтін – өнер – өрісің.
Тек ілгері бастайтын – талабың.
Ешқашан алдамайтын – тапқырлығың.
Қиындықта сыналатын – қайратың.
Бәрінен де күшті – білімің.
Ер жігіттің айнымас серіктері:
Өмірлік жарың – жұбайың.
Мінген атың – пырағың.
Парасатың – ақылың.
Жігіттің жолын кесіп, аяғына тұсау болатын жаулары:
жалқаулық;
аңқаулық;
жасқаншақтық;
пасықтық;
су жұқпас суайттық;
өсекшілдік;
мылжыңдық.
Осы қысқа өмірде орны толмайтын үш нәрсе бар.
Ол –ата, ана, бала.Бір ұрпақ келіп, бір ұрпақ кетеді.Бірақ жер бетінде өмір өлмейді. Өмірді бала жалғастырады. Ата –ана асқар тауың, айналып өтсең жаман, асып түссең жақсы.
Мына нәрселерге ынтық бол:
емін – еркін өмір сүруге;
жұрттың қүрметіне бөленуге;
келешекке пайдасы тиетін игі еңбектің жемістерін молықтыруға.
Оларға жету үшін мына шарттарды орындайсың:
дүние мүлікті адалдан жинайсың;
қолдағы дәулетті ұқыпты ұстайсың;
жиған – тергеніңді қажетіңе жаратасың:
қолдан келгенше пәле – жаладан сақ боласың.
Қызым саған айтам …
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Шыққан қыз шиден ары.
Қыздың жолы жіңішке.
Күйеу жаман болса қызыңнан.
Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
Қыздың ұяты шешеге.
Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.
Қызға қырық үйден тыйым.
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады.
Қыз баққаннан қысырақ баққан оңай.
Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.
Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без.
Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.
Оқушы
Барлық байлық еңбекпен келеді. Еңбек етпесең не қорлыққа қаласың, не ұрлыққа барасың. Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп, бақытты етеді.
III Ырым – тыйым – ұлағат көзі.
Жоқ әдетті шығарма,
Ұлттық салттан бұлжыма.
Сүйсінсін жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды.
Жақтыр, мейлің жақтырма.
Белді босқа таянба.
Жоқ әдетті шығарма,
Жағыңды да таянба.
Ұқсама тентек балаға.
Шаршасаң сәл – пәл аялда
Бірақ та жерді таянба.
Бетті басып отырма,
Қол қусырма артыңа.
Белді босқа буынба,
Тізені де құшақтама.
Қол аяқты байлама,
Басты босқа шайқама.
Қақпа таңдай қашанда.
Күлме кемтар адамға,
Бейуақта ұйықтама,
Түнде айнаға қарама.
Ақыл есің бүтінде,
Тырнақты тістеме,
Шауып келме атпенен,
Үйге қарай жүгірме.
Ырымдар мен тиымдар
Белін таянбайды. Себебі, жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау
айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
Жақты таянбайды. Себебі, қайғы-қасіреттен әбден қажыған
адам ғана жағын демеу етіп таянады.
Жер таянып отырмайды. Себебі, жақынынан айырылған адам
ғана жер таянады.
Бетті басуға болмайды. Себебі, қайғы-қасіреттен қажыған адам
ғана бетін басады.
Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Себебі,
бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
Белді босқа буынбайды. Себебі, өмірінде перзент көрмеген адам
ғана белін босқа буынады.
Тізені, табанды тартуға болмайды. Себебі, ауруға шалдыққанда
ғана тізе мен табанды тартады.
Тізені құшақтамайды. Себебі, бұл «ұрпақсыз қалдым», «қу
тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
Ырымдар мен тиымдар
1.Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі, бұл қол-аяғы
байланған тұтқынды еске салады.
2. Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Себебі, жүйке
ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
3.Таңдай қағуға болмайды. Себебі, үй ішінде таңдай қаға беру –
жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі..
4. Кемтар адамға күлуге болмайды. Себебі, кемтар адамға күлсең, өз
басыңа келеді.
5. Тырнақты тістеме. Себебі, ырыс-несібе кетеді.
6. Түнде айнаға қарамайды. Себебі, адам түнде айнаға қарағанда
қатты шошынуы мүмкін.
7. Күн батар алдында ұйықтауға болмайды. Себебі, батар күнмен
жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады.
8. Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге болмайды.
Себебі, бұл қауіп-қатер не адам шығынынан хабар деген жаман ырымға саналады.
Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе:
Ізгі ісі немесе мінезі түзулік,
Екіншісі -ұят, үшіншісі- әділдік,
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады
Ж.Баласағұни
IV Бабалар баланы қалай тәрбиелеген?
Оқушы
Ата бабаларымыз ұл балаларын жастайынан ел қорғауға, мал бағуға тәрбиелесе, ал қыздарын «болашақ отау иесі» деп қаршадайынан үй шаруасына икемдеген.
Оқушы
Анасы: «Сен ертең бір үйді меңгеріп кететін ана боласың. Қолыңнан іс келмесе тұрмысың ауыр болады, анаңның атына сөз келтіресің. Сондықтан жастайыңнаң өнердің бәрін үйрене бер. Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің бізге жақсы», - деп қызына ине ұстатып, іс тігуді үйреткен, құрақ құратып, шілтер тоқытып, бау – ши ескізеді, кір жуғызып, алаша мен кілем тоқытқан. Үйге қонақ келгенде қазанға қонақтарға лайықты тамақ салғызған. Осылайша әр істің жөн –жобасын үйреткен.
Оқушы
Төле би бабамыз : «Жас адамға басты кесір– еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір –тілазарлық,кежірлік», – депті. Сондықтан ата – бабаларымыз жасөспірімді жастайынан сергек болып, әр іске бейімді болып өссін деп талап қылған. Сондықтан «Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан жалқаулыққа, құлдыраушылыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады», – деген.
Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді,
Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді.
Халық мақалы
V Азаматтық неке туралы не білеміз?
Оқушы
«Азаматтық неке» –ар –ұяттан аттағандардың ісі. «Азаматтық неке» Тырнақшаның ішіндегі осы ұнамсыз ұғым көпшілік арасында кәдімгідей қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Тіпті, оның қандай ұғым, қайдан шыққан «пәле» екенін ескеріп жатқан жастар аз. Әйтеуір бірге тұрғысы келетін ер мен әйелдің айта салатын әңгімесі.
Әйтпесе, «Азаматтық неке» деген қай атасынан қалыпты?! Керек десеңіз, бұны кәдімгідей өркениеттіліктің белгісі деп қарап, «бірге тұрып көрсек қайтеді, бұл –«азаматтық неке» болып саналады, батыстан келген жаңа дәстүр, «современный» адамдар арасында қалыпты жағдай», -деп, ұсыныс жасаған ұлдарымыздың, келісі кеткен қыздарымыздың қылығы қазақ баласын қынжылтпасқа қоймас.
Оқушы
«Азаматтық некені» ислам діні де мойындамайды.
Иә, заман бұрынғыдай емес. Өзгеріп, өрениеттілікке қарай өсіп, дамығанның үстіне дамып келе жатырмыз. Осыны естіген жас ұрпақ «бір жағынан дамуға тиіспіз» дегенді желеу етіп, әлгіндей әрекеттерге қалай бой алдырып алғндарын білмей қалады. Ал, дұрыс дамудың да өз даңғылы бар екенін біліп жатқандар аз .Жаһаданудың жағымсыз жақтарынан сақтануға тиіспіз.Оның бәріне нағыз қазақи қанымызға тән тәрбие, ар –ұятты бәрінен биік қойған қазақи қасиетіміз ғана тосқауыл болмақ.
Оқушы
«Азаматтық неке» бойыша «отағасы» болған азаматтар бала дүниеге келмей жатып «ажырасқысы» келсе, «жұбайларының» көбі «тастанды түсікке» жүгінеді. Осылайша Алланың жарығын көрсетпестен, өз балаларын өз қолдарымен өлтіреді...барлық жауапкершіліктен құтыла салған жігіт «мәз» болса, ал қыздарымыз болашақтарына балта шауып, «ана болу» бақытынан айырылып жатады. Балаларын көшеге тастап, тастанды баланың санын арттыруда...
Ұят ар сақтайды, арлыны ел мақтайды.
VI Жетесіз жастан некесіз бала туады.
Оқушы
«Тәрбие –тал бесіктен» екенін білеміз. Біле тұра тал бесігімізге тамырсыз тәрбиені неген тықпалаймыз? «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішердің» мәні өзгеріп,түрі жалаңаш «түнгі көбелектер» жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келеді. Некесіз сәбиді дүниеге әкелу аз болғандай, енді сәбиді құтыда дүниеге әкелу тәсілін қолдануға көштік.
Оқушы
Қыз өсе келе ер адамдармен тіл қатысуда адамдық қарым – қатынас жасағанда әке тәрбиесінің болмауынан түсінбестікке душар болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, шаңырақта дұрыс тәрбие көрмеген сәби, ертеңгі күні сол тамырсыз тәрбиені өз отбасында қайталауда.
Оқушы
Неге өрімдей жастарымыз құнсыз қасиеттерге құштар болып қалды? Ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройымызды ақшаға айырбастаудамыз. Мыңдаған тұрмыс құрмай туылған нәрестелердің біразы осы уақытта жетімдер үйінің тұрғынына айналды. Көз жасы мөлт – мөлт етіп шетел асып жатқан қарақат көзді қарадомалақтарымыздың өзге ұлттың қолжаулығына айналуына апарар жол – жастардың некесіз бала туып алып, оларды бағу әрекетсіздігі мен қолайлы жағдай жасай алмаудың әсерінен.
«Анам қашан келеді», -деп қаншама бала терезе мен есікке қарап жәутең қақса, қаншасына туған жерден бір ұлтарақ жер бұйырмай шетел асып кетіп жатыр десеңші...
Оқушы
Сол тастанды ұрпақтарымыздан ел атын аспандатар азаматтардың шықпасына кім кепіл? Сондықтан, ұрпақтарымыз саналы, заманымыз озық болсын десек жастар тәрбиесін, яғни өз тәрбиемізге, өзіміз жауапты екенімізді ұмытпайық. Некесіз бала туылмай, болашақ аналарымыз есерсоқ сәби әкелмей, келешегі кемел азаматтар болып қалыптасайық.
Жақсы мінез- құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылды.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты
VI Адамның жақсы – жаман қасиеттері. Сен қандайсың?....
Оқушы
Жақсы мінез, жылы сөз- жан дәуірі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп тек мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып сандалуы.
Мінездер бар жақсы жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғнның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Тәрбиелі мінез- көпшіл, ізетшіл, адамға қамқор, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық қасиеттерінен тұрады.
Толық мінезді адам- рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой өрісі кең адамдар.
Бірқалыпты мінезді адам құйындай ұйытқып тұрмайды және сөзі мен ісі бір.
Мына кеңес үнемі жадыларыңда болсын:
Оқушы
Кішкентайыңнан ақ уәдеге, антқа берік болуды үйрен,Уәдеге берік болу- сенің жеке басыңның абыройы. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге керек нәрсені атқаруға өзіңді -өзің үйрете біл.
Оқушы
Кінәңді сезіну - тәрбиелі адамның инабатты сезімі. Ол- арыңның ұяты, адамгершілік тазалықтың, көргенділіктің белгісі.
Оқушы
Сенің ақылсыз, дөрекі әрі немқұрайды айтылған бір ауыз сөзің өзгені өкпелететінін, жанына бататынын, абыржу туғызып, таң қалдырып, әбігерге түсіретінін білген дұрыс.
Оқушы
Екіжүзділік, жағмпаздық, ымырашылдық - бір үлкен бәле. Адамның адамшылдығын қорлау, өзін ғана құрметтеуге тұрарлық адамға санап, ал басқаны шыбын құрлы көрмеушілік -жамандықтың зоры осы.
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұшыппын,
«Сіз білесіз» дегенде
Күнге күйіп, пісіппін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін «пысықпын».
Енді өзімді қолға алып,
Мінезімді түзейін.
Инабатты қыз болып,
«Мен қандаймын?» сыни көзқарас
Менің мінезімнің күшті жақтары
Менің мінезімің осал жақтары
Басқаларды мен қалай қабылдаймын?
Мені қанаттандыртын не?
Мені не қобалжытады?
Менің туған -туыс, достарыммен қарым- қатынасым қандай?
Мен қарым -қатынас жасайтындармен өзімді әр түрлі ұстаймын ба, онда менің адамгершілік қағидаларым өзгере ме?
Ұлдан ұлағат, қыздан инабат
Біз жас ұрпақ Отанның тірегіміз,
Отаным деп соғады жүрегіміз.
Мақсатымыз біліммен қаруланып,
Кейінгіге қалдыру сүйелі із.
«Тәрбие басы » дейді дана халық,
Салтымыз өсе берсін дараланып.
Дәстүрлі тілін елін сүйе білген,
Бақытты байтақ елден табары анық.
Қонысын туған елдің жанға балау.
Сол үшін керек бастан негіз қалау,
Ұлағат ұлдан күтер өркен, алау,
Инабат қыздан күтер көркем жалау.
Қорытынды:
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір- біріне көмектесуге дайын тұрады.
Біздің бойымызда мына қасиеттер:
Намысшылдық, ақылдылық, сыпайылылық, қонақжайлылық,парасаттылық, елжандылық, адамгершілік, шыншылдық, қайраттылық, әдәлетшілдік,ар -намысты, әдет - ғұрыпты, ырымдарды сақтаушылық қалыптасты, сондықтан бүгінгі сынып сағатымыз арқылы сендерден қылықты, ибалы, міезді, ата – баба салтын қастерлейтін өнегелі де өнерлі, ұятты және көрікті ұрпақ болып қалыптасады деп сенім артамын.
Назар аударып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Тақырыбы: Ибалы ұл, инабатты қыз -өмір көркі.
Мақсаты: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір
заңдылықтарын білуге үйрету;
2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының
рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,
дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;
3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге
тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, маркер.
Түрі: өнеге сағаты
Әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Шаттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім.
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет. Енді әсем әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.
Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры жаусын!
Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.
Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына түстерді таңдауларыңызды сұраймын. ( Оқушылар түстерді таңдар орындарына отырады)
ІІІ. Тренинг. Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.
Топтастыру стратегиясы
І топ.(адамгершілік, имандылық, адалдық, әдептілік, әділдік)
ІІ топ ( ізеттілік, қайырымдылық, ұяттылық қамқорлық, инабаттылық)
Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды шын ниеттен, бар ықыластарыңмен мыжғылап, умаждап, іштеріңнен осы қасиетен арылуды ойлаңдар.....енді ашыңдар, оқылып тұрма? Оқылады, енді оны жыртып тастайық.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық қағидаларына тоқталамыз.
Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық. Балалар пікірі тыңдалады.
ІҮ. Жаңа ақпарат
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында.
І топ
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
ІІ топ
Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»
Имандылық қасиеттер
● қарапайымдылық
● сыпайылық
● мейірімділік
● кішіпейілділік
● ізеттілік
● адалдық
Ү. Ойланайық пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине
сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,
бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай
кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие
қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,
өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас,
қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,
сыпайы, биязы болса )
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні
сыйламайтыны)
2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,
адамгершілігі мол),
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет
етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп
ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
ҮІ. Ситуациялық жағдаяттар.
1- топ
Елдостың қылығы.
Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жлдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па? Сен қайтер едің?
ІІ топ
2 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп, басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не айтар едің?
Ортақ сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос орын жоқ. Ал сенің шынымен денсаулағың нашарлап тұр, Не істер едің?
ҮІІ. «Мақалды тап» ойыны
Мақалдар сайысы: Ортаға 2 мұғалімді шақырамыз!
Берілген мақалдарды сурет сызыу арқылы жеткізу керексіз! Оқушылар белгішені көтріп жауап беруге болады. Әр топ ойланып, 1 немес 2 жауап айтуға құқылы.
Сөз сүйектен өтеді
Боранды күні бала мен ит құтырады.
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Оқу инемен құдық қазғандай
Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді
ҮІІІ. Қорытынды
Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?
Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
Сонымен, иманды ұл мен инабатты қыздың бойында қандай қасиеттер болу керек?
Топтастыру
Иманды ұл Инабатты қыз
Тәртіпті ибалы
қайырымды сыпайы
әдепті биязы
адамгершілігі мол кішіпейіл
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір- біріне көмектесуге дайын тұрады.
Ант қабылдау сәті:
2 топ өз анттарын тапсырады!
ІХ. Жүректен жүрекке.
–Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына
қойыңыздар.
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Біздің бойымызда мына қасиеттер:
Намысшылдық, ақылдылық, сыпайылылық, қонақжайлылық,парасаттылық, елжандылық, адамгершілік, шыншылдық, қайраттылық, әдәлетшілдік,ар -намысты, әдет - ғұрыпты, сондықтан бүгінгі сынып сағатымыз арқылы сендерден қылықты, ибалы, міезді, ата – баба салтын қастерлейтін өнегелі де өнерлі, ұятты және көрікті ұрпақ болып қалыптасады деп сенім артамын.
Тәрбие сағатымыз аяқталды.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?
3. Қызға қандай қылық жараспайды?
4. Қыздарға арнап мақал айт.
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды?
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?
2. Ұлдарға арнап мақал айт
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
Ситуациялық жағдаяттар.
1- топ
Елдостың қылығы.
Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жлдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па? Сен қайтер едің?
ІІ топ
2 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп, басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не айтар едің?
Ортақ сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос орын жоқ. Ал сенің шынымен денсаулағың нашарлап тұр, Не істер едің?
Ең әдемі қыздар – ол өрілген шашына,
бантик таққан қыздар