Просмотр содержимого документа
«Авторские разработки»
Газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуар.
Газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуар.
1. Газды жер үсті сақтауға арналған резервуар.
2. Газды жер асты сақтауға арналған резервуар.
3.Әр түрлі сыйымдылығы бар резервуар.
Мақсаты: Газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуар.
Болаттан дайындалған резервуарлар цилиндр тәріздес және сфера тәріздес,ал монтаждалуына байланысты –жер усті,жер асты және көмілген болып жіктеледі.
1-сур.Болат резервуарлар
а-жер үсті цилиндірлі. Б-жер асты цилиндарлі; в-цилиндірлі көмілген; г-шар тәріздес;1-резервуар,2-резервуарға қызмет ету үшін арналған алаң.3-тіреуіштер.
Жер үсті резервуарлардағы сұйытылған газдың температурасы атмосферлік ауаның температурасынан 1-2К айырмашылықты құрайды.Жерүсті резервуарлардағы сұйытылған газдың температурасы жаз мезгіліндегі атмосферлік ауаның температурасымен анықталынады.Сұйытылған газдың резервуардағы қысымың өзгеруі резервуар ішіндегі өнімнің температурасына байланысты. Газ толтыру станциялары көбінесе жер үсті резервуарлармен қамтылады.Жер усті резервуарларын қажетті ара қашықтықты сақтай алмаған жағдайда резервуарларды жер асты орналастырады.Жер үсті резервуарларын фундаментте отқа төзімді материалдан орнатады.Фундаметі 0,002-0,003 құю құбыршасына қарай еңіспен орналастырады.Жер үсті резервуарлары топтастырып(екі резервуардан кемемес).орналастырады. Қойманың көлемі 2000м3 болғанда, топтағы резервуар көлемі 1000м3 көп болмау керек.Ал егер қойма көлемі 2000-8000м3 болса,онда резервуар көлемі 2000м3 көп болмау керек. Резервуар арасындағы ара қашықтық диаметрге байланысты алынады.Бірақ 2м кем болмау керек. Резервуардан қоршауға дейінгі ара қашықтық 0,5D,бірақ 1м кем емес.
Резервуарларды жер астында орналастыру қауіпсіз болып саналады.Резервуарларды қоймаларда топтастырып орналастырады.Топтастырып орналастырылған резервуарлардың арматураларды дистационды басқару ыңғайлы болу керек.
Сұйытылған газдарды жер асты орналастыру сыйымдылықтардының жоғарғы бөлігі 0,2м жер бетінен төмен орналастырылады.
Сонымен қатар сұйытылған газдардың жер асты орналастыруды жер үсті көмілген резервуарларды айтуға болады.Жер үсті резервуарларын 0,2м көміледі және резервуардың жоғарғы бөлігі 6м биіктікте көмілу керек.Жер асты цилиндрлі резервуарларды топтастырып орналастыру барысында олардың минималды арақашықтығы 1м кем болмау керек.
Жер асты резервуарларды битумды полимерлі немесе эпоксидті қоспамен резервуардың сыртың қамтиды.Жер асты резервуарларды арнайы тіреуіштерде қондырылады.Қатты топырақта жер асты резервуарларды қопсытылған құмда тіреуішсіз орналастыруға болады.
Көп аймақтарда жер асты резервуарларын орналастыру барысында жер асты сулары болғандықтан қолайсыз болып келеді.Ондай жағдайда жер асты резервуарларын ор түбіне бетонды қадаларға бекіту арқылы немесе анкерлерді ор түбіне бетондау арқылы орналастыру керек.Қатты жауын салдарынан бекітілмеген жер асты резервуарлар жер бетіне шығуы мүмкін .Жер асты сулардың төмендеп және жоғарлау салдарынан жер асты резервуарларын өз орнынан қозғалады.Резервуарларды жер асты орналастырудың бірқатар артылықшылықтары бар.Резервуарларды жер астында орналастыру қауіпсіз болып саналады.Сұйытылған газды жер астында орналастыру тұтанудан сақтайды,ал бір резервуардағы жарылыс немесе өрт келесі резервуардың конструкциясына әсер етпейді.Максималды қысымды ескеріп резервуарларды жер астында орналастыру резервуар қаландығын жұқа етіп таңдауға болады.
Бақылау сұрақтары:
Сұйытылған газды сақтауда қандай резервуар түрлері қолданылады?
Шар тәріздес резервуарлар мен цилиндр тәрізді резервуарлардың айырмашылығы қандай?
Резервуарлар арасындағы ара қашықтық қандай?