Просмотр содержимого документа
«Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру.»
Балалардың психологиялық – педагогикалық бейімделуі.
Кішкентай баланың әлеуметтенуі неден басталады? Ең алдымен отбасынан.Ал шындығына келгенде ол сәбидің балабақшаға келгенінен басталады.Сол жерде ол бейтаныс адамдармен – ересектермен және балалармен қарым-қатынас жасауды үйрене бастайды,мінез-құлық нормалары мен тәртіп ережелерін меңгереді, қоғамда өмір сүруді үйренеді.Кішкентай баланың жаңа жағдайға дағдылануы кімге байланысты болады,қалай өтеді оның дене және психикалық дамуы соған байланысты өтеді.Ата – аналар, баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымына берер кезде оның болашағына алаңдаушылық білдіреді, бұл негізді де.Көпшілік балалар бейімделу кезінде жылауық болып,тұйықталып алады,агрессивті,мазасыз болып кетеді.Бұл олардың негізгі талаптарының бірі – қауіпсіздігі мен қорғалғандығы қанағат таппағандықтан.Бала бейтаныс жағдайда біріні рет жақын адамдарынсыз қалып отыр.Отбасында барлық назар соған аударылады,ал балабақшада ол өзі сияқты көптің бірі.Бұл балада қалыптасқан стеротипті бұзады, психологиялық қайта құрылуды, мінез-құлқындағы өзгерісті, жаңа біліктерді қалыптастыруды талап етеді.Ал бала жаны жараланғыш, оның организмі түбегейлі пісіп- жетілмеген, оған бейімделу қиын,ересектердің ата-аналары мен тәрбиешілердің көмегі қажет.
Бейімделу – бұл организмнің жаңа жағдайға қалыптасуы, ал бала үшін балабақша жаңа, әлі белгісіз кеңістік, айналасы да, қарым-қатынаста жаңаша. Бейімделу жеке бас әрекетінің кеңдігіне,баланың психо-физиологиялықжәне жеке басының ерекшеліктеріне байланысты,қалыптасқан отбасылық қатынастарға мектепке дейінгі білім беру ұйымының жағдайына байланысты әрекеттер жиынтығынан тұрады.
Әрбір бала балабашаға өзіне үйренеді, дегенмен бейімделу кезеңінің бірқатар заңдылықтарын атап өтеуге болады. 2-3 жасқа дейінгі бала құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезіне қоймайтынын есте ұстаған жөн, өйткені ол әлі қалыптаспаған.Бұл жаста ересек ойындағы серіктесі, еліктеу үлгісі болып, баланың мейірімділік пен ынтымақтастыққа деген қажетін қанағаттандырады.Мұны құрдастары бере алмайды, өйткені өздері де соны қажетсінеді. Сондықтан қалыпты бала бөбекжайға жылдам бейімделе алмайды, өйткені анасын қатты қажетсінеді,ал оның қасында болмауы әсіресе бала әсерленгіш әрі эмоциялық сезімтал болса, оның күшті қарсылығын тудырады.
№13 бөбекжай – бақшасының жантанушы: Токумбаева Шолпан Жұмабайқызы.