Балаларды салауатты өмір салтына бағыттау шаралары
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол,-Бенедикт Спиноза
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің « Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан біздер, ұстаздар қауымы баланың бойында жақсы қасиетердің болуына, оларды жан-жақты дамуына, рухани бай тұлға болып қалыптасуына бар күш жігерімізді салуымыз қажет. Қытай философының «Маған жай айтсаң-ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы біздерге білімге ықыласын арттыруда өзіндік ізденіс жүргізуді тәжірибеде жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сондықтан сапалы білім негізі-жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, кішкентай тәрбиеленушіге білім беру.
Балабақшадағы дене тәрбиесі баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады.Қазіргі таңда балалардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау.
Физикалық дамуының сапасын жақсартуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Бұларға жеке тоқталып өтсек, бала балақшаға қабылданған кезде медбикенің рұқсатымен қабылданады. Ал сауықтыру-шынықтыруға тоқталатын болсақ, ол балабақшадағы денсаулық сақтау технологиясының реттік жүйесімен жұмыс істеу. Бұл таңғы жаттығудан бастап, таңғы серуен немесе таза ауадағы ойын, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, түскі ұйқыдан кейінгі жатығулар кешені, кешкілікті балаларды алып кеткенге дейінгі уақыттағы ойын, серуен т.б. түрлері. Ал физикалық дамуы осы жұмыстарды игерудегі баланың күнделікті дене қимылы, қимыл-қозғалыс әрекеті.
Балабақшадағы дене тәрбиесі бағдарламасында жүзеге асырылатын санитарлық – гигиеналық, алдын – алу және сауықтандыру шараларын айқындайды. ТБ Вираж, қан аздық, жиі ауыратын балалармен, дені сау балалармен диспансерлік бақылау ұйымдастыру, аурудың алдын алу үшін сауықтандыру шаралары, емдік – сауықтандыру физиопроцедуралары, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары кешенді қолдану болып табылады.
Медициналық – сауықтандыру қызметтерін медбике Тулегенова Айтолқын апай жүзеге асырады.
Ал тарату механизімімен біздер дене тәрбие нұсқаушылары, тәрбиешілер жүзеге асырамыз:
Күнделікті таңертеңгі қабылдау - балаларды сүзгіден өткізу, дене терілерін тексеру, дене қызуын өлшеу.
Сауықтандыру шаралары өткізіледі:
- Сарымсақ ауасы
- Дымқыл сүртіну
- Нүктелі уқалау
- Фито –шай
- Сарымсақ медальоны
- Оксолин майысен мұрын қуысын майлау –
- Жылы сүт ішу
- Ертеңгі жаттығу
- Кварцтау
- Денсаулық жолақшалары бойынша жүру
Балабақша ұжымы сауықтандыру – алдын алу жұмыстарын міндетті түрде өткізіп, өз жұмыстарында денсаулық сақтағыш технологияларды кеңінен қолданады
Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауы аясында өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене бұлшық еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізіп келеді.
Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың , одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шаңамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп, жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып, сол күннен бастап мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыру , жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықылас пен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды
«Көңілді бау-бақша» түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар кешені
«Көз» жаттығуы. Ал, балалар көзімізді жайлап ашайық, енді жабайық. Ашамыз, жабамыз. 2-3 рет. Біз балалар ұйқымызды ашып, өзіміздің көңілді бақшамызға саяхат жасаймыз.
«Шалғам» жаттығуы. Кәне, төсекте жатып, шалғам боламыз. Тіземізді бүгеміз. Шалғамның су ішкісі келеді, ары қозғалады, бері қозғалады. (Тізені бүгіп, жатқан күйі, оңға-солға бұрылады) 2 реттен.
«Шалғамның су ішуі» жаттығуы. Шалғамға су берейік. Жатқан қалпы қолмен су ішкізгендей, буль-буль-буль деп дыбыстаймыз. Суға қанбаған шалғам тағы да ары-бері қозғалады. Қане тағы да су берейік. Жатқан қалпы қолмен су құйғандай, буль-буль-буль деп дыбыстаймыз. Жарайсыңдар балалар. Су ішкен шалғам енді керіледі (бәріміз керілеміз), тізені бүгіп алға-артқа қозғаламыз. Алға –артқа қозғалыс 2 реттен.
«Қызанақ» жаттығуы.
- Енді бақша ішінде өзі қып-қызыл, үлкен, ебедейсіз кім жатыр? (экранда қызанақ суреті көрсетіледі)
- Қызанақ. Дұрыс, балалар. Енді жатқан күйі аяғымызды екі жаққа ұстап, қозғаламыз. (Балалар жатқан күйі аяқтарын жоғары көтеріп, аяқтың ұшынан ұстап қозғалады, тұруға ұмтылады, бірақ тұра алмайды). Жаттығу 2 реттен.
- Қызанақ жанында өзі жап-жасыл, бойы ұзын бақша дақылы жатыр? Ол кім?
«Қияр» жаттығуы.
- Қияр. Өте дұрыс, енді аяғымызды жіберіп, тартыламыз. Өте жақсы. (Балалар жатқан күйі аяқтарын созып, тартылады).
«Қызанақ-қияр» жарысы.
- Кәне, балалар. «Қызанақ- қияр» болып жарысамыз. Мен «қызанақ» дегенде сендер қызанақтың қимылын жасайсыңдар, ал «қияр» деген қияр сияқты тартыламыз. Жаттығу 2-3 реттен.
«Қоңыз» жаттығуы. Осы кезде бақшамызға «Қоңыз» ұшып келеді. «БЗЗЗ-БЗЗЗ» деп дыбыстап, төсек үстінде төрт аяқпен тізерлеп, айналамыз. 2-рет. «Ит» жаттығуы.
Қоңыздың дыбысына Ақтөс ит жүгіріп, келіп, иіскелейді. Бізде басымызды төмен түсіріп, қолды шынтақтап еңкейеміз. «АФ-АФ» деп дыбыстаймыз, ашуланған сияқты артқы аяқты алма-кезек көтереміз.
«Үй» жаттығуы. Осы бақшаның жанында өте үлкен әсем үй бар. Онда атамыз бен апамыз тұрады. Қол мен аяқты жерге тіреп, құйрығымызды жоғары көтеріп, үй боламыз. 1 рет. Ал, енді үйдің ішіне кірейік. Еңбектеген қалыпты көрсетеміз. Қолды иек тұсына қойып, жатамыз. Ал, енді қайтадан үй болайық. Үйге кірейік. (жаттығу 2 реттен қайталанады) Үйге кіріп, терезеден бақшадан не болып жатқанан көрейікші.
Бақша іші. Бүкіл бақша дақылдары би кешіне бармақшы болады.
«Кәді» жаттығуы. Кәді-кабачок. Қол мен аяқты артқа тіреп, ішті көтереміз. Алма-кезек қайталанады.
«Картоп» жаттығуы. Ал, осыған қызыққан картоп та сыртқа шыққысы келіп, әрекет жасайды, бірақ күн көзін көремін деп талпынады. Аяқпен, бір қолмен тіреліп, ауаны сермейді. Екінші рет бір аяқпен тіреліп, екінші аяқпен ауаны сермейді. Жаттығулар 1 реттен жасалады және сол- оң, аяқ- қолмен қайталанады. Күн көзін көремін деп, тізерлеп, төсек үстінде тұрады.
«Асқабақ» жаттығуы. Енді асқабақ та өзінше би кешіне дайындалып, қалай билейтінін көршілеріне көрсетіп жатыр. Төсектің жиегінде отырған қалпы аяғын көтерп, қолмен қимыл жасап, билейді.
«Жүгері» жаттығуы. Осы кезде Жүгері ханшайымы келіп, жан-жағына қарайды. (төсекте тізерлеп тұрып, қолды белге қойып, оңға-солға бұрылады). «Күнбағыс» жаттығуы. Жүгері ханшайымын көріп, Күнбағыс ханзада да келеді. (Барлығы төсектен тұрып, қолды екі жаққа сермеп, күн көзін шеңберлетіп, көрсетеміз).
«Құстар» жаттығуы. Ал, енді балалар бақшамызға құстар келіпті, торғайды көрсетеміз. (Бір аяқты көтеріп, қолды бүгіп, қанатын қаққандай көрсетеді). Қарға да қақылдап, қарқ-қарқ деп дыбыстаймыз. Аяқты артқа созып, қолды екі жаққа созып, алма-кезек қимылдатамыз. Бақшаны құстардан қорғағысы келген қарлығаш, бізге көмектесіп, оларды қуып жібереді. Дөңгелене тұрып, қанатымызды сермеп, жүгіреміз.
- Ал, балалар ұйқымыз ашылса, онда киініп, жуынамыз.