СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баламалы энергия к?здері

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жел энергиясы,

К?н энергиясы,

 

Просмотр содержимого документа
«баламалы энергия к?здері»

Энергия туралы қызықты фактілер

Энергия туралы қызықты фактілер

  • Электр лампасындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шығаруға жұмсалады. Қалған 90 пайыз энергия жылу шығаруға кетеді.
  • АҚШ-тағы тоңазытқыштардың пайдаланатын электр энергиясы елдегі 25 ірі электр стансаларының шығаратын энергиясына тең.
  • Күн жарығының энергиясы бүкіл адамзат баласының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жетеді.
  • Әлемде пайдаланылатын энергияның 3/4 бөлігі пайдалы қазбаларды жағудан пайда болады.
  • 2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып отыр.
  • Осыдан 5000 жыл бұрын адам баласының қалыпты өмір сүру үшін күніне 12 000 ккал қажет болатын. Қазіргі заманда қалыпты адамның өмір сүруі үшін күніне 230 000 килокалория энергия қажет.
  • Әлем бойынша пайдаланылатын энергияның 0.013%-ы Google компаниясысына тиесілі. Бұл энергия көлемі 200 мың үйді үздіксіз қамтамасыз етіп отыруға жетеді.
  • АҚШ елге керекті энергияның жартысын көмір жағып алады. Жалпы алғанда, әлемде пайдаланылатын энергияның 2/5-і көмірден алынады.
  • Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростанция Қытайдағы Үш Бөгет болып табылады. Бұл алып станция миллиондаған қытайлық тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді.
  • Желден алынатын энергия әлемдік айналымның 1,3%-ын құрайды. Жер бетіндегі ең алып жел станциясы АҚШ-тағы Техас штатында орналасқан.
  • Электр энергиясын ең көп тұтынатын ауруханалар АҚШ-та деп есептеледі.
  • Атмосфераның ең басты жауы көмір болып есептеледі. Мысалы Америкадағы көмір жағудан бөлінетін CO2 газы, жер бетіндегі бүкіл көліктердің шығаратын газынан әлдеқайда көп.
  • Әлем бойынша пайдаланылатын бензиннің жартысын АҚШ тұтынады.
  • Әлемдік фактілер кітабына сүйенсек, мұнай 2052 жылға дейін таусылып болады. Ал газ 2065 жылға дейін жетеді.
Қазақстандағы балама  энергия көздері: жел   энергиясы

Қазақстандағы балама

энергия көздері: жел

энергиясы

Жел энергиясы Техникалық, физикалық, аэродинамикалық аспектілерді қозғап, мәселені күрделендірмей-ақ қояйық. Қарапайым тілмен айтқанда балама энергия көздері бізге электр қуатын не болмаса энергияның басқа түрін (механикалық, жылулық) алу үшін қажет. Жел энергиясын арнайы электр генераторлардың, диірмендердің көмегімен түрлендіру арқылы осындай қуат түрін алуға болады.

Жел энергиясы

Техникалық, физикалық,

аэродинамикалық аспектілерді

қозғап, мәселені

күрделендірмей-ақ қояйық.

Қарапайым тілмен айтқанда

балама энергия көздері бізге

электр қуатын не болмаса

энергияның басқа түрін

(механикалық, жылулық) алу

үшін қажет. Жел энергиясын

арнайы электр генераторлардың,

диірмендердің көмегімен

түрлендіру арқылы осындай

қуат түрін алуға болады.

Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері Артықшылықтары : Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ; Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген; Ластаушы қалдықтар жоқ; Табиғи ресурстар үнемделеді; Отын, электр қуатының шығындары қысқарады; Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді; Табиғаттың оттек қорын сақтайды; Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады Кемшіліктері : Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады; Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді; Жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес; Үлкен аумақты қажет етеді; Қымбат.

Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары :

  • Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;
  • Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;
  • Ластаушы қалдықтар жоқ;
  • Табиғи ресурстар үнемделеді;
  • Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;
  • Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;
  • Табиғаттың оттек қорын сақтайды;

Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады

Кемшіліктері :

  • Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады;
  • Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді;
  • Жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес;
  • Үлкен аумақты қажет етеді;
  • Қымбат.
Жел энергиясы Қазақстанда Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде — бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі. Қазақстанда өте қолайлы жел дәліздері бар: жел бір бағытта соғатын аймақтар (Ерейментау, Жүзімдік) және қарама-қарсы бағыттарда алмасып отыратын аймақтар (Жоңғар қақпасы, Шелек, Қордай). Төмендегі кестеде Қазақстанның жел энергетикасы үшін ең қолайлы жерлерінің сипаттамалық көрсеткіштері келтірілген:
  • Жел энергиясы Қазақстанда
  • Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде — бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.
  • Қазақстанда өте қолайлы жел дәліздері бар: жел бір бағытта соғатын аймақтар (Ерейментау, Жүзімдік) және қарама-қарсы бағыттарда алмасып отыратын аймақтар (Жоңғар қақпасы, Шелек, Қордай).
  • Төмендегі кестеде Қазақстанның жел энергетикасы үшін ең қолайлы жерлерінің сипаттамалық көрсеткіштері келтірілген:
  • Жел энергетикасына қатысты елеулі оқиғалар
  • 2015 жыл, қаңтар. Қазақстан IRENA (Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттік) Ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.
  • 2015 жыл, қаңтар. «KAZENERGY» қауымдастығы мен IRENA агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың басты мақсаты — Қазақстанды «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы EXPO 2017-ні өткізуге дайындау мәселелеріне қатысты ынтымақтастықтың аясын қамтамасыз ету.
  • 2014 жыл, маусым. Қазақстан үкіметі балама энергия көздерінің тарифтерін бекітті. Әр энергияның түрі бойынша тарифтер келесідей (1 кВт-сағ үшін): жел электр станциялары — 22,68 теңге; күн электр станциялары — 34,61 теңге; шағын су электр станциялары — 16,71 теңге; биогаз қондырғылары — 32,23 теңге. Бұл тарифтердің әрекет ету мерзімі — 15 жыл.
  • 2017 жылға дейін Ерейментау жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы аяқталады. Құны: 130 млн доллар. Қуаты: 45 МВт (300 МВт дейін кеңейтілмек). Өндірілетін энергия көлемі: 172 млн кВт-сағ. EXPO 2017 көрмесінің нысандарын осы Ерейментау ЖЭС-ы өндіретін электр қуатымен жабдықтау жоспарланып отыр.
  • Қостанай облысының Арқалық қаласында 2016 жылы жел электр станциясы салынып бітеді. Құны: 14,7 млрд теңге. Жел паркінің қуаты: 48 МВт. Электр энергиясының жылдық өнімділігі: 131 млн кВт-сағ.
  Қызықты деректер: Алғашқы жел фермасы 1980 жылы АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Нью-Гемпшир қаласында пайда болды. Ең ірі электр станциясы АҚШ-тың Техас штатындағы Роско қаласында орналасқан. Жел паркінің қуаты 781 МВт. Ең ірі жел генераторы 2002 жылы Германияда жасалынған. Оның қуаты 4,5 МВт. Үш қалақты. Әр қалақтың ұзындың 52 м, ені 6 м, салмағы 20 тонна. Роторы 120 м мұнараға бекітіледі. Эйфель мұнарасына реконструкция жасау жоспарына сәйкес онда екі жел турбинасы орнатылды. Францияның инженерлер тобы Wind Tree атты ағаш түріндегі жел генераторын жасап шығарды. Құрылғының жапырақ түріндегі пластиналары желдің бағытына қарай орнын ауыстырып тұрады.

  Қызықты деректер:

  • Алғашқы жел фермасы 1980 жылы АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Нью-Гемпшир қаласында пайда болды.
  • Ең ірі электр станциясы АҚШ-тың Техас штатындағы Роско қаласында орналасқан. Жел паркінің қуаты 781 МВт.
  • Ең ірі жел генераторы 2002 жылы Германияда жасалынған. Оның қуаты 4,5 МВт. Үш қалақты. Әр қалақтың ұзындың 52 м, ені 6 м, салмағы 20 тонна. Роторы 120 м мұнараға бекітіледі.
  • Эйфель мұнарасына реконструкция жасау жоспарына сәйкес онда екі жел турбинасы орнатылды.
  • Францияның инженерлер тобы Wind Tree атты ағаш түріндегі жел генераторын жасап шығарды. Құрылғының жапырақ түріндегі пластиналары желдің бағытына қарай орнын ауыстырып тұрады.
Зейін қойып,  тыңдағандарыңызға рахмет!

Зейін қойып,

тыңдағандарыңызға

рахмет!