Күні:____________ 4-сынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бау-бақшада.
Сабақтың мақсаты: Өздері білетін бақшада өсетін көкөністер мен жеміс-жидектер атауларын пайдалана отырып, оны жаңа сөздермен толықтыру; ойын элементтерін пайдалана отырып, күнделікті тұрмыста қолдана білу.
Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аукцион сабағының элементтерін қолдану.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқу құралы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
- Бүгін біздің сабағымыз ерекшелеу болады. Ал қазірше біз аукционда отырмыз деп елестетейік. Көбіміз білетін шығармыз, аукцион деген не?
Аукцион - жарыс сауда, яғни бір нәрсені сатып алу, кімде-кім ең жоғарғы бағаны ұсынса, сол сатушы болады.
Біз де кішігірім аукцион өткізіп көрейік.
- Олай болса, бастайық. Қызынық сатылады. Бұл қызанақ сұраққа толық әрі дұрыс жауап берген оқушыға бұйырады.
Сұрақ: қазақ тілінде тағы қандай көкөністердің атауларын білесіңдер?
Жауап: ...
Өте жақсы, зызанақты сен сатып алдың, қызанақ - сенікі, ала ғой.
Келесі сатылатын - қияр. Қияр мына сұраққа жауап берген оқушыға бұйырады.
Сұрақ: сызбада берілген көкөніс атауларын толтыр.
Жауап: ...
Келесі сатылатын - пияз. Пияз мына сұраққа жауап берген оқушыға бұйырады.
Сұрақ: қандай жеміс-жидектер атауларын білесіңдер? Сызбаны толтыр.
Жауап:
-Біздің таукцион аяқталды. Ал енді жаңа сабаққа көшейік.
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Бау-бақшада.
- "Бау-бақша" сөзінің қазақ тіліндегі баламасын кім айтады?
- Бау- сад, бақша - огород.Сад и огород.
Фонетикалық жаттығу: Осы сөздердегі қазақ тіліне тән дыбысқа дыбыстық талдау жасау.
Ққ - дауыссыз, қатаң. Тек қазақ тіліне ғана тән дыбыс.
ІІІ. Жаңа сабақ.
3.1. Жаңа сөздермен жұмыс.
Бау - сад
Бақша - огород
3.2. Диалогты рөлге бөліп оқу, орыс тіліне аудару.
3.3. Дәптермен жұмыс.
Берілген сөздерге сөз тіркестерін құрап жазу.
Қарбыз, шие, асқабақ, алма, қызылша, сәбіз, жүзім, қырыққабат.
ІҮ. Сабақты бекіту. Сабақта не үйрендік? Не білдік?
Ү. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.