Просмотр содержимого документа
«Биологиялық химия клинико-биохимиялық зерттеу әдістерімен»
Ас қорыту биохимиясы
Жоспары:
- Негізгі бөлім:
- І.Астың асқазанда қорытылуы
- ІІ.Астың сіңірілуі
Кіріспе
- Азық қорыту дегеніміз – күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді.
- Физикалық өнделуі дегеніміз – азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар.
- Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді:
1- протеазалар – белоктарды ыдыратушылар;
2- карбогидралазалар – қанттарды ыдыратушылар;
3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады
Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар:
1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады;
2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады;
3 - қарындық липаза –эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады;
4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады.
Тұз қышқылының қарындағы ролі:
1- қарында қышқыл орталық жасайды;
2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады;
3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады;
4 - бактерицидтік қасиет береді;
5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады;
6- аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.
Қ арын сөлінің бөліну кезеңдері.
Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар:
1- рефлекторлық кезең – тамақ жегеннен соң итте 5 минуттан кейін басталып, 1-2 сағатқа созылады. Тамақты қабылдаған кезде ауыздағы және қарындағы рецепторлар тітіркеніп, тітіркену сопақша мидағы сөл бөлу орталығына барады. Ол орталықтан қарынға кезеген жүйке арқылы беріледі де итте сөл бөлу басталады.
2- нейро-химиялық кезең - итте тамақ қабылданғаннан соң 30-40 минуттан кейін басталып, секреция 5-8 сағатқа дейін созылады Бұл кезеңде көкөністер мен ет сорпасында болатын гистамин, қарында бөлінетін прогастрин тұз қышқылының арқасында гастринге ауысып, қанға сорылып, сопақша миға барып бөлінуді реттейтін орталықты қоздырады. Осы орталықтан қозу қарынға тағы да кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөліне бастайды.
Пайдалынылған әдебиеттер:
- Название: Физиология человека.
- Авторы: Покровский В.М., Коротько Г.Ф. Источник: Физиология человека. Покровский В.М., Коротько Г.Ф., © Вебмединфо.ру