МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасы

2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ұлт бірлігі –ұлы байлық»
Мақсаты:
Білімділік: Көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы-еліміздің бірлігінің кепілдігі екндігін таныту
Дамытушылық: Әр халықтың өнерін, тілін білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзге ұлтың рухани байлығын сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
Назданып бүгін өмір нұрлы күні
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі
Еңбек, бақыт, Береке бірлік күні
-Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, балалар!
Сіздерді Халқаралық ыңтымақпен бірлік күні-1 Мамыр мерекесімен құттықтаймыз. «Қазақстан» түрлі ұлттардың басын қосқан -ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Ал енді құрметті достар бүгінгі «Ұлт бірлігі –ұлы байлық» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының әнұраны
Жүргізуші:
Бүгінгі мерекеге біздің балабақшаға бірнеше ұлт өкілдері келіпті, олай болса сіздердің алдарынызда келген қонақтарымыз өздерін танстырып, өз өнерлерін, ұлттық тағамдарын паш етуге дайын
Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған
Татар, қазақ болашақты тосты алдан
Сол дотығын тағы міне дәріптеп
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған
-деп әрбір ұлт өздерін танстырып өтеді
І кезең: «Таныстыру»
Ыңтымақ татулықтың белгісі
– деп ортаға «Украйн» халқын шақырымыз
**********
Татулық- табылмас бақыт
– деп ортаға «Өзбек» халқын шақырымыз
Жүргізуші:
Сырдың бойын ежелден жайлаған
Орыс, қазақ қатар қонған байдалам
Халықтардың дотығының аймағы
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған
ІІ кезең: «Өз өнерлері»
Халық айтса, қалып айтпайды
– деп ортаға «Украин» халқын шақырымыз
**********
Ел іші-алтын бесік
– деп ортаға «Өзбек» халқын шақырымыз
**********
Жүргізуші:
Достар тату-тәттіміз
Болса қолда тәттіміз
Біз бөлісіп жатамыз
Бәріміз дәм татамыз
ІІІ кезең: «Ұлттық тағам»
Ас болмаса тірлікте
Байлық, бақтың бірі жоқ
– деп ортаға «Украйн» халқын шақырымыз
**********
Еңбек етсен ерінбей
Тояды қарның тіленбей
– деп ортаға «Өзбек» халқын шақырымыз
Жүргізуші:
Ұлттар өкілдеріне көп-көп рахмет! Біз бүгін татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болатының білдік. Құрметті қонақтар, балалар осымен «Ұлт бірлігі –ұлы байлық» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Сөз кезегі балабақша меңгерушісіне Б.Б.Ізбасарқызына беріледі