СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Болымды және болымсыз етістік. 28-34 жаттығу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың етістік туралы ұғымын, ой-өрісін кеңейту

Просмотр содержимого документа
«Болымды және болымсыз етістік. 28-34 жаттығу»

Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік. 28-34 жаттығу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларғы болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Білімділік: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды достыққа, табандылыққа, шығармашылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Б.Блум таксономиясы, түсіндіру,сұрақ-жауап, көрнекі ой қозғау, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар,
Қолданған технология: Дамыта оқыту технологиясы,. АҚТ
Көрнекіліктер: суреттер, кесте, бағалау парағы, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру . Сыныпты 2 топқа бөлу.Топ жетекшілерін сайлау
II. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

ІІI. Жаңа сабақ

Білім.

Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау

Құрамына қарай          Тұлғасына қарай            Мағынасына қарай             

Дара және күрделі негізгі және туынды болымды және болымсыз  

             Ережелерді еске түсіру.

«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!» (Екі топ топтасып жауап жазады)

Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата?

1-топ

Дара етістік дегеніміз не?

Күрделі етістік дегеніміз не?-

2-топ

1. Негізгі етістік дегеніміз не?

2. Туынды етістік дегеніміз не?

Түсінік.

Мақсаты: Болымды және болымсыз етістіктерге түсінік беру.

Тапсырма: Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар

Көркем жазу минуты

28- жаттығу

Жүз – Жүзбе

Күл – Күлме
Төк – Төкпе

Жаз – Жазба
Бар – Барма
Тақ – Тақпа
— Көшіріп жазу. Қосымшалы етістіктерді талдау

Неліктен олай топтадыңдар?

-Бірінші қатар іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
— Екінші қатар іс — әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)

Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады..
Мысал: айт — айтпа, жаз — жазба, кет — кетпе, сөйле — сөйлеме, т..

Қолдану. Мақсаты: Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.

Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.

Топтық жұмыс «Кім шапшаң?» 29 - жаттығу
Білмегеніңді сұрауға арланба. Ешқашан өтірік айтпа. Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. Кісіге қарап күлме.

30 - жаттығу
— Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса..
1 топ: Алма, ашпа, жаппа, сөйлеме
2 топ: шақырма, тартпа, үзбе, үрлеме
— Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ пайдаландың

Сергіту сәті.

Талдау. Мақсаты: Болымды және болымсыз етістікті айыра білу

31 – жаттығу. жатқа жазу
1-топ. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
2-топ. Киіміңе мақтанба,
Біліміңе мақтан.
32 — жаттығу
1. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды.
2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
3. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер.
4. Малды аяғыңмен теппе.

5. Нанды бір қолмен үзіп жеме.
6. Кітапты таза ұста.
7. Құстарға жемсауыт жаса.
8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.
Ойын: «Ойнап отыр, ойлап отыр» 34-жаттығу

баспа

Жинақтау

Мақсаты: болымды, болымсыз етістік туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау







Симантикалық карта

1-Топ 2-топ

Шығармашылық тапсырма: «Әдепсіз балаға хат» (әр топ бірігіп хат жазады.)
Ой толғау:
Не үйрендік? Не білдік? «Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбасын толықтыру

Болымды етістік
— Іс — әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз етістіктер
— Іс — әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді

Үйге тапсырма: 33– жаттығу. Ереже жаттау.