Ортасы | -Қазақ тілінде- әріптер мен дыбыстар, математикада-қандай таңбаларды қолданамыз? -Сандар мен цифрлар. -Дұрыс -Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Қазір осы сандардың сырына үңіліп қарайық: (топтық жұмыс, постер қорғау) Ресурстар бойынша жұмыстанамыз: Тапсырма: «Сандар сөйлейді» І топ-3 саны ІІ топ - 4 саны ІІІ топ- 5 саны ІV топ- 6 саны V топ- 7 саны Алдарыңдағы ресурстарды пайдалану арқылы постер дайындаймыз. Ең маңыздысын жазу. Мақсаты: Әр санның мағынасын ашу, соны дәлелдеу. Қорғау. -Диляраның дайындап, алып келген қосымша мәліметі туралы. -Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Киелі жеті саны» , дәптерімізге жазамыз: Киелі жеті саны Мәнерлеп оқу (бір оқушыға оқытам); Талдау жұмысы: -Сенің ойыңша байлық деген не? -Өте бай адам дегенді қалай түсінесіңдер? Сен үшін ең «қымбат» байлық не? Топтық, өздік жұмыс: І топ-денсаулық Тапсырма: Неге халық денсаулықты бірінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің? ІІ топ – еркіндік Тапсырма: Неге халық еркіндікті екінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің? ІІІ топ- тіл байлық Тапсырма: Неге халық тіл байлықты үшінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің? ІV топ-қайрат-күш Тапсырма: Неге халық қайрат-күшті төртінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің? V топ- ақ жаулық. Тапсырма: Неге халық ақ жаулықты бесінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің? Сенің ата-анаң. Жеті ата –мәнерлеп оқу Өздік оқу Мәнерлеп оқу -кезекпен оқу Талдау: -Кімнен ұрпақ басталар? (сенен -бала) -Әкең кімнің жалғасы? Әке, ата -Төртінші ата кім болады? Ұлы ата -Ал, бесінші кім болады? баба -Алтыншы ата- қай атаң? Түп ата Жетінші атаны қалай атайды? Тек ата Деңгейлік тапсырмалар: І.Жеті ата кім: а)Жеті ата –үйге келген жеті қонақ. б) Жеті ата-өзіңе дейінгі ата-бабаң. ІІ.Өлеңдегі жеті ата атауларын кері ретпен дәптерге жазыңдар. ІІІ. Өз жеті атаңды жазып, атап бер. Ой түйіні: Жеті атаны білгенің, Нағыз қазақ болғанын.   | Қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген: Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл: Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар Үш би Үш жүзде болса да олар басты кiсi, Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi. Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм, Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi. 4 санының қадір-қасиеттері: Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ Төрт тұлға: от, су, жел, жер Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан 5 санына байланысты: Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз 6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар: 1. Бір-біріне сәлем беруге 2. Шақырса баруға 3. Кеңес сұраса ақыл қосуға 4. Сұрағына жауап беруге 5. Ауырып қалса көңіл сұрауға 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға9. Алты асқар: 1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады. Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу-қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ер жетім, Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім. Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат Жеті ата: 1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала. Жігіттің жеті қазынасы Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты. Құмай тазы - бастан берік сенімі, Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы Ау жылымы – амал, айла, әдісі Қара қақпан серті себі тірліктің Осы жеті қазынасы жігіттің Әлемнің жеті кереметі. 1.Мысыр пирамидасы 2. Галикарнас кесенесі 3. Артемида ғибадатханасы 4. Александрия маягы 5. Семирамиданың аспалы бағы 6. Зевс мүсіні 7. Родос алыбы АКТ қолдану Оқулық 76 бет «Жеті байлық» Жеті ата 77 бет |