Тақырыбы: «Денсаулығым - байлығым»
Мақсаты: халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдет - араққа, темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасында келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру.
Тәрбиелік мәні: жасөспірімдерді дені сау, білімді, тәрбиелі, мейрімді, ұстамды, өзін өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, слайд, суреттер.
Түрі: топтық, ұжымдық.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой-пікір алысу.
Барысы
Мұғалім:
Қазіргі таңда бүкіл әлемді топғандырып отырған мәселелердің бірі - адам денсаулығы. «Денсаулық - зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
Жан - адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса дені саудың жаны да сау. Сондықтан әрбір оқушы өз денсаулығына саналы, жауапты қарауы керек. Еліміздің басшысы Назарбаев «Еліміздің әрбір азаматтың денсаулығы - бұл республикамыздың жетістігі» деген. Сондай-ақ «Қазақстан - 2050» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл\ауқатына баса назар аударылып ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынан көрсетсе керек. Салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету мақсатында, денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екендігін түсіндіру мақсатында бүгін сіздермен «Денсаулығым - байлығым» тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Денсаулық дегенді қалай түсінесің?
Спортпен шұғылдану, күн тәртібін, жеке бас гигиенасын сақтау. Маскүнемдіктен, шылым шегуден аулақ болу.
Назерке:
Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба:
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
Алмас:
Әркім-ақ шарап ішсе мас болады,
Іштегі барлық сыры паш болады.
Білімді ішсе наданның кейпін киіп,
Надан ішсе жасайды масқараны.
Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың біл нақылды.
Адамға тән қасиет ішсе тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар.
Ақпейіл:
Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген.
Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
Аңсар:
Темекінің кермегі
Еріккеннің ермегі.
Шарап, арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
Даяна:
Жалқаулықтың жан күтімі
Екі қолды ұстайды.
Темекінің көк түтіні
Екі өкпені ыстайды.
Қуат:
Ішпеген, шылым тартпаған,
Денсаулығын сақтаған.
Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе жоқ араша түсерге.
Айым:
Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
Адам арақты ішеді,
Ақыл арақты ішеді.
Көрініс «Шылым шегудің пайдасы».
Жас бала дана қартқа жолығыпты.
- Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?
- Шылым шегудің үш түрлі пайдасы бар, балам. Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.
- Қалайша?
- Себебі олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді, балам.
- Екінші пайдасы. Олардың үйінешқашан ұры тонамайды.
- Қалайша?
- Себебі, балам, шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды да күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп үйге жақындай алмайды.
- Үшіншіден, шылым шегетін адамның ешқашан да ит қаппайды.
- Қалайша?
- Себебі олар өте ерте мүгедек болып қалады да таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын?!
Ақсақал кулана жымиып қойды. Ал бала ойланып қалды.
Слайд көрсету «Денсаулық зор байлық».
Плакат көрсету «Күн тәртібі» - Айым.
Оқушыларға коллаж жасау «Денсаулыққа пайдалы әдеттер», «Денсаулыққа зиян әдеттері», қорғайды.
Мұғалім: Тәрбие сағаты осымен аяқталады. Барлығының денсаулығы мықты болсын!