Оқушының Т. А.: Джафарова Нурана
Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А: Мукалиева А.К.
Уақыты | Жұмыс мазмұны | Зерттеу әдістері | Ескерту |
10.09.2016 | Бүгін мен бесік туралы теориялық және тәжірибе жүзінде зерттеуге тапсырма алдым. | | |
11.09.2016 | Ең бірінші мен бесік жайлы мәлімет жинау үшін кітапханада болдым. Кітапханашы апайдың көмегімен көптеген кітаптар оқып қажет мағлұматарға көз жеткіздім.. Нақыл сөздермен, мақал-мәтелдерімен таныстым. | | |
18.09.2016 | Бүгінде кітапханада кызықты мәліметтер қарастырдым.Ең басты көз жеткізген мәліметтерімнің бірі бесік нәрестенің денсаулығына өте пайдалы екенін анықтадым. | | |
24.09.2016 | Ұстазым екеуміз бүгін бесіктің құрылымы жайлы ақпараттар жинадық. | | |
30.09.2016 | Бүгін бесік жырларымен таныстым, көптеген нұсқалары бар екеніне көзім жетті. | | |
7.10.2016 | Бүгін ұстазымның көмегі арқылы ғаламтордан бесік туралы тағыда қызықты мағлұматтармен таныстым. | | |
16.10.2016 | Таңқаларлық жағдайға көз жеткіздім елімізде бесіктің көптеген түрлері бар екен. Оның өзі әр адамның қолында. | | |
29.10.2016 | Өткен күндерде оқыған мәліметтерге байланысты мен сыныптастарымның арасында сауалнама жүргіздім. | | |
30.10.2016 | Бүгін сауалнамаға қорытынды жасадым. Сауалнама нәтижесінде мүлдем бесікті қолданбайтындар 85 пайызды құрады, ал тұтынатын отбасы 2 пайыз болса жылына 2-3 рет ғана қолданатын отбасы 13 пайызды құрады. | | |
11.11.2016 | Бесік туралы көптеген ырым тыйымдармен таныстым, қазақ халқының ырымға қаншалықты сенетінін, оның өзі пайда әкелетіне де сендім. | | |
28.11.2016 | Өткізген сауалнама бойынша нәтиже шығардым. | | |
5.12.2016 | Бесікті жабдықтау бойынша бейнероликтерді қарап шығып, оның қаншалықты маңызды екеніне көзім жетті. | | |
20.12.2016 | Қазіргі заман аналары баланы бесікке бөлуге қарсылық білдірудің себептерін анықтадым, оның қаншалықты дұрыс емес екендігін дәлелдеуге тырыстым. | | |
10.01.2017 | Алынған мәліметтерді реттедім. | | |
15.01.2017 | Қорытынды жазуға кірістім. | | |
24.01.2017 | Осы күнге дейінгі жинаған мәліметтерге сүйене отырып ұстазыммен ой бөлістім, ол кісі менін ойымды жөн көрді. | | |
7.02.2017 | Мұғаліммен кеңесе отырып, тарауларды реттедім. | | |
26.02.2017 | Осы күнге дейінгі жинаған мәліметтерді саралап қарап шықтым. | | |
20.03.2017 | Алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім, іскерлікпен дағдыны жинақтау. | | |
12.04.2017 | слайд- презентация жасау, алынған нәтижені көрсететін есебін жасау | | |
15.05.2017 | Мұғаліммен ақылдасып, жазғы кезеңде не қосуға болатынын ойланып, жоспар құрдық | | |
15.09.2017 | Жаз бойы жиналған материал бойынша қосымшалар жасадық | | |
23.09.2017 | Қазақ тілі мұғалімдерінің алдына шығып, жұмыспен таныстыру. Қалалық деңгейде шығуға дайындалдық. | | |