Просмотр содержимого документа
«Электр кернеуі 8-сынып физика»
Сабақтың тақырыбы: Электр кернеуі. Вольтметр
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: электр кернеуі ұғымдарын қалыптастыру, өлшем бірліктерін енгізу, амперметр және вольтметрдің жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, сызба бойынша электр тізбегін құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Практикалық ситуацияда жедел шешім қабылдай білуге баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, суреттер, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
1. 1. Ток күші деп нені айтады?
2. Ток күшінің бірлігіне нені қабылдайды?
3. Ток күшін қандай құралмен өлшейді?
ІІІ.. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі сабағымызда электр кернеуімен танысамыз..
ІV. Жаңа материалды меңгерту:
Электр кернеуі
U- әрпімен белгіленеді
U= A/q
A=Uq q=A/U
1B=1Дж/1Кл 1Дж=1В*1Кл 1Кл=1Дж/1В
Өткізгіш ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған аспапты вольтметр деп атайды.
V- сұлбадағы белгісі , тізбекке вольтметр параллель жалғанады. Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлуге электрлік емес күштерді қолданады. Ондай күштерді бөгде күштер деп атайды. Кулон күштеріне қарсы жасаған жұмыс процессі, соның нәтижесінде әр аттас заряды бар нүктелердің арасында потенциялдар айырымы жасалады, яғни электр өрісі пайда болады. Бөгде күштер әрекетін сипаттау үшін электр қозғаушы күш ұғымы енгізіледі. Е-әрпімен белгіленеді. Бөгде күштің жұмысы А-әрпімен белгіленеді.
V. Бекіту сұрақтары
4. Электр кернеуі деп нені айтады?
5. Кернеуді қалай өлшейді?
VІ Үй тапсырмасын беру: §36. 37
VІІ Бағалау.