СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Елімнің тұңғыш президенті

Нажмите, чтобы узнать подробности

елбасы туралы мәлімет беру

Просмотр содержимого документа
«Елімнің тұңғыш президенті»

Тақырып: Елімнің тұңғыш президенті


Сабақтың мақсаты:

- Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету;

- білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту; өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілікке, Тұңғыш Президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- білім алушыларда қазақстандық патриотизмді, елдікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

- танымдық қабілеттерді, көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

- өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: бейнероликтер, презентациялар, Қазақстан Республикасының рәміздері, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, маңызды тарихи кезеңдер жазылған плакат, Н.Ә. Назарбаевқа арналған өлеңдер мен фотосуреттер көрмесі, үлестірме материалдар.

Сабақтың құрылымы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі (2 минут)

І. Н.Ә. Назарбаев туралы бейнероликті немесе таныстырылымды көру

(5 минут).

II. Таныстырылымды (бейнероликті) талқылау (5 минут).

III. Сыныптың/топтың/қоғамның көшбасшысы болуға қажетті тұлғалық қасиеттерді талқылау (20 минут).

IV. Викторина (6 минут)

V. Сабақты қорытындылау (2 минут).

Сабақ барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Кіріспеде еліміздің Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу туралы қысқаша ақпарат

Жұмыс істеу үшін білім алушылардың өздерінің қалауы бойынша

сыныпты бірнеше топқа бөлу

І. Таныстырылымды (бейнероликті) көру

Тұңғыш Президенттің балалық шағы, мектептегі жылдары, ата-анасы, туған жері туралы сюжеттерді көру.


II. Таныстырылымның идеялары мен сюжетін талқылау

Мұғалім тақырып бойынша сұрақтар қойып, білімалушылар жауап береді.

Одан кейін мұғалім сабақтың одан арғы құрылымын баяндап, әрбір оқушының тұлғалық жетілуі үшін нақты жоспарлар құруға ерекше бастама болатынын түсіндіруі керек.

III. Сыныптың/топтың/қоғамның көшбасшысы болуға қажетті жеке қасиеттерін талқылау

Әрбір топқа постер немесе A3 форматындағы қағаз парағы беріледі, оның жоғарғы жағында таңдалған тақырып бойынша сұрақ жазылады (плакаттардағы сұрақтар қайталанбайды).

Сұрақ үлгілері:

1. Мен Елбасының қандай қасиеттерін үлгі тұтамын?

2. Елімді көркейту үшін қандай өзіндік үлес қосуға тиіспін?

3. Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?


Білімалушылар берілген сұрақ бойынша өз жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазу үшін белгіленген регламент аясында топтарда жұмыс істейді. Әр топқа болашақта өз жауабын тез тани алуы үшін басқа топқа арналған қаламның түсінен ерекшеленетін басқа түсті қалам беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі постерге көшеді. Білімалушылар алдыңғы топтың жауаптарымен танысады және оларға келісетінін/келіспейтінін білдіріп, талқылайды: егер келіссе, оны қандай да бір таңбамен белгілейді; егер келіспесе, түсініктеме, дәлелдеме жазады. Әрі қарай білімалушылар берілген сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың ойлары мен идеялары алдыңғы топтың жазбаша жауаптарына үйлесетін болса, оларды сызықшамен байланыстыра алады. Әрбір топ постерлермен танысқанша, барлық сұраққа жауап бергенше «Тізбек» жалғаса береді. Содан соң әрбір топ өз жауаптарын қорғайды және басқа топтардың жауаптарын талқылайды.

IV. Викторина


«Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы» деп аталатын шағын викторина өткізу. Топтар сұрақтарға кезекпен жауап береді, оның үстіне топтың әрбір мүшесі сұраққа өз бетінше жауап береді. Егер жауап қате болса, дұрыс жауап балын алу мүмкіндігі келесі топқа беріледі (5 минут)

.Сұрақ-жауап 
 
1. Қ. Р - ның тұңғыш президенті кім?(Н. Ә. Назарбаев) 
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы) 
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған) 
4. Президентіміздің сөзіне жазылған өлендер?(«Елім менің» «Үш қоңыр») 
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия) 
6. Қай жерде оқыды? (украина қаласы Днепр металургия комбинаты жанындағы кәсіптік училищеде 
7.Елбасы оқыған жоғары оқу орны? «Қарағанды политехникалық институты» 
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.) 
8. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.) 
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.) 
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.) 
11. . Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауы (Нұрлы жол) 
12. Студенттерген арналған оқу орны қалай аталады? (Назарбаев Университеті) 
13. Назарбаев құрметіне аталған мектептер қалай аталады? «Назарбаев зияткерлік мектептер» 
14.Призеденттің студенттерге арналған шәкірт ақысы қалай аталады? «Болашақ»степендия 
15Назарбаев қанша жасында президент болды? 50-жас 

V. Сабақты қорытындылау