Тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Мақсаты:
-Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен, Елбасы туралы жариялымдармен таныстыру.
-Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру.
-отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: видеоматериалдар, шарлар, суреттер, презентация, Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздері.
Барысы:
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және қадірменді қонақтар!
2 жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.
1 жүргізуші:Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа бұйырған екен.
2 жүргізуші: Сондықтан да Президент күні мен Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні,-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды әнұранмен бастайық.
Хор: «Әнұран»
1 жүргізуші:Қазақстанның егеменді ел атауына Елбасының қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздіктің жетістіктерін біліп жүру біздің міндетіміз.
2 жүргізуші:Олай болса, еліміздің жастары өз тарихымызды қаншалықты білетіндіктерін өздерінен сұрау арқылы тәуелсіздіктен кейінгі шежіремізді еске түсірейік.
(Студенттер слайдта көрсетілген жылдар бойынша мәлімет айтып, жеткен жетістіктерді атап өтеді.)
1991 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігі жарияланды.
1991 жыл 1 желтоқсан – Еліміздің президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жыл 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
1993 жыл 28 қаңтар – ҚР –ның бірінші Конституциясы қабылданды.
1993 жыл 15 қараша – Ұлттық ақша теңге айналымға енді.
1994 жыл – Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
1995 жыл 30 тамыз – Жалпыхалықаралық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды.
1996 жыл 16 желтоқсан – Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 жыл – Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1997 жыл 1 шілде- «Тіл туралы заң» қабылданды.
1998 жыл 7 мамыр – Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.
1999 жыл –Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2010 жыл – Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етті. Осы самитте Астана декларациясы қабылданды.
2017 жыл – Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырылды.
1- жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін – жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – Елім менің!
Ән: «Менің Елім»
2- жүргізуші: -Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
1-жүргізуші: -Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
2-жүргізуші: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе? Олай болса Елбасымыздың балалық шағынан алынған шағын көріністі тамашалайық.
Көрініс: «Елбасының дүниеге келуі»
- Шынымен - ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан түні, түнде түс көреді. Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түседі су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады, иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді.
- Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенін сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында осы елдің болашақ көшбасшысы өмірге келеді.
- Нұрлы ғұмыр нұрлы мекеннен, жанарына нұр тұнған балалықтан, санасына сыр тұнған дала даналықтан бастау алады. Ойынмен еркелеп, еңбекпен есейіп, намысын жігеріне қайрап, тау өзеніне малтып, қыран қиялмен қияндарға қалқып өр мінезді ер мінезбен атастырып, жігіт болып толысады. «Батыр болар балаңды бетінен қақпа, белін бу» деген қағидамен қағу көрмей, еркін өсіп, ер жеткен бала Сұлтан батыр бабалардың басқан іздерімен балалықтың балдәуренін өткізіп, көнелерден жеткен көсем сөзбен сусындады.
Көрініс: Таңертеңгі шайдың кезі
Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.
Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)
Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме -е - ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.
- Анасы баласына ақ батасын беріпті.
(Баяндама түрінде айтылады)
Студент: Міне, анасы мен үлкендердің жорыған түстері дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ - дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.
Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы....
Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді, алғашқы қызмет жолы басталады.
1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланады.
Қазіргі уақытта елбасымыздың өзінің отбасы бар. Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 7 немересі, 2 шөбересі бар бақытты ата.
(Слайд арқылы қызмет жылдары. отбасымен, немерелерімен түскен фотолары көрсетіледі)
1-жүргізуші: Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы –қасиетті,аталы сөз,
Мазмұны,мағынасы терең жатқан. – дей келе елбасымыздың бойындағы қасиеттерді топтастырып өтсек.
-білгір саясаткер
-қоғам қайраткері
-нағыз патриот
-дарынды адам
-ақылды отағасы
-қамқор аға
2-жүргізуші: Елбасымызға арналған ән: «Елбасы елдің тұтқасы»
1-жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім,дінім,ұлтым, қайта көгерген.
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
2-жүргізуші: Туды ұстап, тура жолға түсіріп,
Жас отанның өмірінде түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай.
Бір керемет жасады ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз.
Үлкен-кіші ағайындар бәріміз.
1-жүргізуші: Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан.
Сіз-біздердің пірімізде әніміз.
Халқым айтқан «жер көтерер ел даңқын»,
Елім айтқан «ел көтерер ел даңқын»
Президентім, елбасым аман болғай.
Мәңгі жаса, Жас қазағым,өр халқым!
2-жүргізуші:«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
1-жүргізуші:Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!