СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.»

Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.

Мақсаты: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

— театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

— сөздік қорларын байыту;

— ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

— кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

Саналы, өскелең  ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы  өшпейтін із қалдырады.

Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде  ертегінің алатын  ролі  өте зор.  Ертегі – қай халықтың фольклорында да  ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық  өмір  тәжірибесін  көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады.

Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты  қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».

Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.

Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді.

Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.

Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді.Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.

Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерің өзіне тән

Қазақ халық ертегілерінің ерекшелігі — өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады
Қазақ халық ертегілері жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қазақ халық ертегілерін пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.

Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын жағдайлар кездесіп жатады. Не істеу керек? Қандай дұрыс шешім қабылдау керек? Осы сұрақтарға жауап табу үшін ертегі бізге асығады.

Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.

Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдар да, және әйелдер бейнесі де бар.

Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертедегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі – ертегі қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды. Бұрынғы уақытта балалар көбінесе ата-әже бауырында өскен. Олар үлкендердің ертегі, әңгімесін тыңдап, зейін қойып өскен. Ол балалар үлкенге құрмет, кішіге мейірімді, ілтипатты болған. Қазір көбінесе теледидар немесе компьютер алдында отырады да кино, көпсериялы мультфильмдер көреді.

Ертегілер мазмұны қызықт болса ғана тыңдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыру /балабақша/ мектепалды даярлық топтарындағы ұстаздардың міндеті. Көптеген ертегі, әңгімені осы жерден естиді, мазмұнын үй ішіне, жолдасына, ата-анасына қайталап айтуға тырысады.

Ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлерге яғни рөлдерге бөліп драматизациялау, саусақ театры, көлеңке театры, қуыршақ театры балалардың асыға күтетін нәрсесі. Ертегі кейіпкерлеріне сай дауыс ырғағымен айтуға үйренеді, қимыл-әрекетін келтіреді және жүреді.

Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.

Ал «Мақта қыз бен мысық» және «Қотыр торғай» оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты. Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -«Орманға қар не үшін керек» деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға; оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі — шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес, күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы: «Аяз би», «Тазша бала», «Ұр тоқпақ», «Атымтай Жомарт» т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып, оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.

Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүние жүзі балалары «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

Қазақ халық ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.

Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру  кеңістігінің  басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылыры,  түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың дамуы үшін  ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық  пен  сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.

Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.

2.Суретпен жұмыс. Бір ертегідегі барлық кейіпкерлер бейнеленген суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметінде материалды түсіндіру -үнтаспа, бейнетаспа, суреттер, көрнекілікті пайдалану, әңгімелесу арқылы жүзеге асады
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер – ана,туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Мектепке дейінгі жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық, мерген, мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені, оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор — айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертегі.
Ертегі — ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. «Ұшқыр кілем»,»Адам жеңбек Айыртас батыр» т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі — хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп.

Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соның тыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ.
Ұйымдастырылған оқу қызметі үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс — тіршіліктері суреттеледі.

Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі заман талабына сай үздіксіз дамып келеді. Сондықтанда мектепке дейінгі білім мекемелерінде былтырғы жылы Жаңартылған Стандарт бойынша «Коммунникация» саласына драма ұйымдастырылған оқу қызметі енгізілді. Ол арқылы балалардың көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыруға және шығарма желісін сахналау арқылы балалардың белсенділігін, тілін дамытуға болатынын көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балалар ертегіні түсініп қана қоймай, оны рөлдерге бөлініп, ертегі қойылымдарын сахналауды үйреніп келеді. Балалар образға кіріп, оны сомдау кезінде өздерін сахнада тұрған кішкентай әртіс ретінде сезініп, бала көңілі шаттыққа толатынын байқап жүрмін. «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметі әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, әр баланың көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Қазақ өнер жұлдыздарының бірі театр майталманы Ш. Айманов «Театр- адамдарды туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелейтін орта, сахна өнері-тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деп айтқандай, балалар кішкентай кезінен сахнаны көріп, өздері түрлі ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы сахнаны танып біліп қана қоймай, образға кіріп ойнау арқылы сахна құдіретін сезінетінін өзім бақылап жүрмін. Осы драма сабақтары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады, театр өнеріне деген қызығушылықтары артатынын күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінен байқап жүрмін. Біз шағын орталықта драма ұйымдастырылған оқу қызметінде ертегілерді, музыкалық қойылымдарды топтың тәрбиеленушілері арқылы сахналаймыз. Мұндағы мақсатымыз: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту болып табылады.Сол арқылы балалардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамытып, балаларды адамгершілікке тәрбиелейміз. Ертегілерді пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамытамыз, сонымен бірге көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттырып, ертегіні тыңдай білуге ,есте сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білуге үйретеміз. Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, ертегі қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын арттырамыз. Ертегі қойылымдарын сахналауға үйрету кезеңдерінде балалардың ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда баланың жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін театрландырылған қойылымдар мен театрландырылған ойындардың пайдасы зор екенін тәжірибеден көріп отырмыз. Қай бала болмасын, әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Сондықтанда әр баланың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына театрландырылған ойындар арқылы да жетілдіруге болады.

Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата — анасының,тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуғатырысады.

Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт — дәстүр, мақал мәтелдер, ертегілер,жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Демек,жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетініңүлгілерініңалатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер».Балаға бесік жыры қандай маңызды болса,ертегі де дәл солай маңызды.Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылықжасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие.

Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ,жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл — ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана — сезімін оятып, ақыл — есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді.


















Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын ертегілер арқылы дамыту.

Мектепке дейінгі балалар білім мен тәрбиені балабақшадан алады. Әрбір тәрбиешінің міндеті саналы, адамгершілігі мол ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Баланың алғашқы қадамы және қоғаммен араласуы балабақшадан басталуы да сондықтан деп білемін.

Бала тәрбиесі отбасынан басталып, балабақшада жалғасын табады. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады.

Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол баланың бойындағы қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелейміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған қызығып еліктейді.

Ұлы педагог В. А. Сухомлинский: «Үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр тұлға өзінің рухани дамуына қажеттінің бәрін де ертегіден алады» деп айтқандай, мен өз тәжірибемде, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін және сөйлеу қабілетін ертегілер арқылы дамытамын.

Мақсатым: Мектеп жасына дейінгі балалардың кітапқа деген қызығушылығын оята отырып, ертегі кітаптарды тыңдай білуге үйрету, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ертегі – қай халықтың болсын ертеден келе жатқан көне жанрларының бірі болып келеді. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа ертеден таралып келе жатқан мұра десекте болады. Ертегілер өз сюжетіне қарай халық ертегісі, тұрмыс-салт және жануарлар туралы, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетіні бәрімізге мәлім.

Осы ертегілерді бала бойында ұмытылмастай етіп қалдыру үшін, ертегіні әр түрлі әдіс-тәсілдермен жеткізуге болады.

Мен балаларға ертегіні оқып қана қоймай, рөлге бөліп ойнатамын. Бейнетаспа арқылы ертегілерді көрсете отырып, кейіпкерлердің мінез-құлықтарына, әрекеттеріне назар аудартамын.

Өйткені ертегілер ішінде жақсылық пен жамандық, батырлық пен жауыздық, қорқыныш пен әділетсіздік бәрі бірге жүреді. Ертегілерді сахналатуда балаларға кейіпкерлердің мінез-құлықтарын эмоция, дауыс ырғағы арқылы көрсете отырып, әрбір кейіпкердің жақсы жағын үйренуге, жаман жағынан жиренуге тәрбиелеймін. Өйткені мектеп жасына дейінгі балаларға, «жылы дауыспен» айтылған ертегілер, жұмбақтар, қызықты әңгімелер, тақпақтар балалардың жан дүниесіне әсер етеді және ақыл-ойын тез жетілдіреді деп ойлаймын.

Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала, ақылды, ойы зерек болып өседі. Ертеректе әжелеріміз «Ерте, ерте, ертеде...» деп балаларды ошақбасына жинап алуы да сондықтан. Ертегілер арқылы баланы тәрбиелеудің маңызы зор, ертегі баланы:

· Сюжетті сахналай білуге;

· Өз пікірін айта білуге;

· Сөйлеу қабілетін дамытуға;

· Ауызша сөйлегенде сөздік қорын арттыруға;

· Жағымды жағымсыз қасиеттерді ажырата білуге үйретеді.

Сондай-ақ мен балаларға ертегілерді үйретуде заманауи технологияларды қолданамын. Бөбекжайымызда жүзеге асырылған «Танымдық кітап», «Дамытушы планшет» негізінде мен де өз жұмысмда осы тәсілдерді қолданамын.

Фетрден жасалған «Ертегі-үйшікте» бір емес, бірнеше ертегі кейіпкерлері жасырылған. Ондағы ата мен әже бір емес, бірнеше ертегіге қатыса алады. Сондықтан бұл «ертегі-үйшік» бірнеше ертегілерді топтастырып, толықтырып отырады.

Балаларды тәрбиелеуде ертегілерді күнделікті мен ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерінде, тәрбие барысында үнемі қолданып отырамын. Балаларға ертегілерді оқи отырып, балалардың қызығушылығын оятамып, сөзді тыңдай білуге, анық сөйлеуге үйрете отырып, адамгершілікке тәрбиелеимін. Ертегілердің тіл дамыту құралы болып табылатыны сондықтан да баршамызға мәлім екені белгілі.

Әдебиеттер:

1. Бөбектерге байғазы. – Алматы, Шартарап, – 2000

2. Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы 135- 1846

3. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса»Қазақстанның әдебиеті 2003ж.34- 536.

4. Ғабдуллин М. «Қазақ халхының ауыз әдебиеті» Алматы 1991ж. 3-376. 4.
















Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың  ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады.  Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең  болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға  тигізер әсері мол.

    Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру  кеңестігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің бір қыры.Көз алдымызға елестетіп  көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді.

      Балалардың даму үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек.Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.

       Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін мен алдыма мынандай міндет, мақсат қойдым: қоршаған әлемді таныстыру,заттармен құбылыстарды ажырату.

       Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің  тұтас күшін танумен бірге сан алуан күйде ондағы  заттар мен кұбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар  ересектермен балалардың  бірлескен  әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі  яғни мен балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде  жетелеумен қатар,кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын,тілін дамытады.

Тіл ұстарту жаттығуы

Айна театры

Кейіпкерлердің рөлдерін сомдау

Сурет бойынша

әңгімелеу

Үстел үсті театры арқылы көрсету

Сөздік жұмыс

Мақал-мәтелдер

Қасық театры

Саусақ театры арқылы көрсету

Слайд  арқылы көрсету

Көргендерін әнгімелеп беру

Дауыс ырғағын  келтіру

Сахналау

Ертегіні үйрету тәсілдері

Атрибут арқылы  сомдау

Қимыл  іс-әрекеттер,ән көрсеу

Бой сергіту

    Ертегіні  айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу  қызметін басқа салаларымен мәселен көркем әдебиет пен сурет салу оқу қызметін  байланыстырып өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық»  білім беру саласы бойынша ұнаған кейіпкерлердің суретін өз қиялымен қағазға түсіреді.  

       Бала ертегіні  тыңдау  аркылы,  ондағы  жағымсыз кейіпкерлерді  әртүрлі  әдіс –тәсілдер   арқылы   жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы технология арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп, жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап   табады.   Ал келесі  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  осы суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастырамын. Мысалы:«Қай ертегіден », «Қай   кейіпкерге    ұқсағың    келеді?»,   «Менің    сүйікті   кейіпкерім»   т.б. «Мүсіндеу»  білім беру саласында саусақ  қимылдарын  жаттықтырып  қана қоймай, жаңа   кейіпкерлер,  яғни,  балалар   өз   қиялымен  осы  заманға  сай кейіпкерлерді ойлап тауып, мүсіндеулерін сұраймын. Мысалы: сиқырлы  құс, өрмекші  адам т.б. Сол  сияқты  ертегіні   сахналау, кейіпкерлендіруді  ересек тобында театр арқылы жүргізіп отырамын.   «Қоян мен түлкі», «Қолғап», «Мақта  қыз  бен мысық»,      «Түлкі  мен  әтеш»,     «Маша     мен  аю»  т.б.  ертегілерін сахналағанда  балалар  кейіпкерлердің  мінез - құлқын,іс – әрекетін  жасауға     тырысады.     Осы    әрекеттер       арқылы    олардың    ертегіге    деген   қызығушылығы  артып,   ойлау   қабілетті   дамып, өздеріне шығармашылық  жол ашады.

      Бала ертегіні тыңдап,түсінгеннен кейін қайталап айту барысында үнтаспаға жазып,оны өздеріне тыңдатамын. Балалардын ойлау, жаңа сөз игеру бейімділігі жетіліп, грамматикалық  дыбыстарды дұрыс айтуға  үйренеді. Сол сияқты ертегіні суреттер бойынша айтқызудың  балалардың ақыл ой, қиялының  дамуына әсері  мол.

       Суретті  көрсету арқылы ертегіні  дәлме-дәл жеткізе алады. Есте сақтау қабілеттерін  дамыту үстінде көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатамын. Мысалы: «Ертегіні  баста», «Ертегіні аяқта», «Ертегіні есіңе түсір» т.б. Ертегіні  тек балаларға үйретіп қана қоймай, балалардың  ата-анасына да мағлұмат береміз. Ата-аналарға сауалнама, ертегі суретттері, мазмұны таратылып, ертегі бойынша түрлі кейіпкерлерді  дайындау тапсырылып, дөңгелек үстел, ойындар ұйымдастырылды.Тапқырлық  пен төзімділікке  тәрбиелейтін ертегілерді  тыңдап, естіп өскен бала мейірімді,үлкенді сыйлайтын,өз елін, Отанын қорғайтын азамат  болып өседі. 

         Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
        Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани  қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Мен өзім жұмыс істейтін «Балбұлақ» тобында «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем  әдебиет» қызметінде    көп ізденіп журнал және әдістемелік құралдар арқылы өз ұйымдастырылған  оқу қызметтерін  жандандырып өтуге тырысамын.  Ұйымдастырылған оқу қызметінде тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамын. Мысалы «Сөйлеуді дамыту» және «Көркем  әдебиет»   қызметінде  балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Қазіргі таңда балалардың дамуында  біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Соңғы уақытта осы жаңа заманауи технологияларды  өзімнің шығармашылық жұмысыма енгіздім.Сондықтан мен ұйымдастырылған оқу қызметінде  аудио, видео, құралдар, компьютер, интернет, электрондық оқулықтар пайдаландым. Осындай қызықты  ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар қызығушылық танытып білімдерін шындай түсті. Мысалы:«Дәрумендердің пайдасы»ойын сауық,«Ертегіні есіне түсір» интелектуалды ойыны және қызықты дамытушы ойындар ойналады.   Баланың     қандай      болып    өсуі   ересектерге байланысты.  Балабақша балаларының адамгершілікке,  имандылыққа  тәрбиесі алуан түрлі ықпал  ету құралдарының көмегі  арқылы  іске  асырылады:  саяхат,  мұражайларға бару, мақсаттық  серуен, телебағдарламалар, бейнефильмдер,ертегі  туралы көркем әдебиеттер,   суреттерді,    фотосуреттерді,    иллюстрацияларды    тамашалау, музыка     тыңдау,   дидактикалық   ойындар,  мақал-мәтелдер.   Мен осы шығармашылық жұмысым бойынша  жылдық жоспар құрып оны ұйымдастырылған оқу қызметінде, бос уақытында, ойын кезінде тиімді пайдаландым.

Ертегілер туралы түсініктері кеңейіп, ой - өрістері дамиды. Ертегі мәтінін мазмұндап, аңдар туралы түсінік қалыптасады. Сахналау, рөлге бөлене отырып ертегіні айтып беруді үйренеді.

  Жоспарды құра отырып  балалардың деңгейін, шығармашылығын, ізденімпаздығын, білімін дамытқым келіп жобаны енгіздім.  Жоспарыма «Ертегіде  қонақта» атты   жобаны  кірістірдім.Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға өте тиімді,онда балалардың өздерінің жан-жақты екендігін  көрсете білді. Жоба ұзақ мерзімді болды.Осы уақыт аралығында  балалармен жұмыстанып көптеген нәтижелерге жеттік.  Мен бұл жобамда заманауи технологияларды енгізе отырып  интерактивті тақта  арқылы дидактикалық ойындар және анимациялық мультфильмдер қарау арқылы балалардың қызығушылығын  тудырдым.Осы жоба кезінде топта"Ертегілер елінде" бұрышы,«Кел,ертегі тыңдайық» ертегілер топтамасы жасақталды. Балалардың ертегіге деген қызығушылық сезімдері оянып,әр бала үйден ертегілер кітаптарын алып келді.





























БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІНІҢ ӨЗІНДІК БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

Ай аты

Тақырыбы

Басқа жұмыстармен сабақтастығы

Мақсаты


Қыркүйек

Ертегі дегеніміз не?

Әңгімелесу.

Ертегі туралы дыбыс файлдар.Жұмбақтар.

Қ/ойын:«Кейіпкердің жүрісін сал»

Сурет салу «Менің сүйікті ертегім».

Ертегілер арқылы бала дүниетанымын қалыптастыру. Ертегінің түрлерімен таныстыру.

Қазан

«Шалқан» ертегісі

Конусты театр


Қ/ойын: «Қармақ», «Тым-тырақай»

Қимыл-қозғалыс арқылы балалардың денсаулығына дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, қимыл-әрекет ойынға деген белсенділіктерін арттыру.


Қараша

«Бауырсақ» ертегісі

Үстел-үсті театры

Дид/ойын «Ертегіні аяқта»

Балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Топтасып тапсырманы орындау арқылы бір-бірімен тату дос болуға тәрбиелеу.

Желтоқсан

«Мақта қыз бен мысық қалай достасты»

Сахналау

Қ/ойын: «Көлеңке». Мысықтың суретін салу. Жұмбақтар жасыру. Д/ойын:«Жануарларды орналастыр»

Ертегі кейіпкерлерінің көңіл- күйіне сәйкес бет құбылысы, қимыл-қозғалысымен жеткізе білу арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастыру, ойда сақтау қабілетін жетілдіру.

Қаңтар

«Әтеш пен тоты»ертегісі бойынша

Топтық сахналау

Сурет салу.

Д\о: «Құтының ауызын жап» «Гүлдерді түймеле» «Ұнтақ ішінен үрмелі бұршақ пен күрішті айры білу»

Ертегі арқылы қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Жанұя туралы білім беру,Ұсақ қол мотрикасын дамыту.

Ақпан

«Түлкі мен қоян »

Ертегісі.

мультимедия қарау

Сурет салу.

Аңдар іздері.

Ертегі арқылы қоршаған орта туралы білу.Мұз бен ағашты зерттеу тәжірибесі арқылы айырмашылығы мен ұқсастығын айыра білу.

Наурыз

«Ертегі кейіпкерлері қонақта» Ойын-сауық

Тәжірибе жасау

дауыс ырғағы, қимыл – қозғалыс дағдысын

үйрену.

Сахна қойылымына атсалысуына, сөйлеу мәнерін көркемдік әдіс – тәсілдерін қолдануды дамыту.

Сәуір

«Саңырау-құлақ саясында»

(Серуен сабақ)

Д/о: «Түсіне қарай топтастыр»

Құм терапиясы «Күн мен жаңбыр»

Ертегі ене білу, қимыл-қозғалыстарын салу. Ұсақ қол моторикасын дамыту

Мамыр

Желілі рөлді ойын:«Ертегіні сахналауға шығайық»

Әңгіме: «Өздеріңді дұрыс ұстаңдар»

Ойын: «Жақсы-жаман»

Ертегілер туралы түсініктері кеңейіп, ой - өрістері дамиды. Ертегі мәтінін мазмұндап, аңдар туралы түсінік қалыптасады. Сахналау, рөлге бөлене отырып ертегіні айтып беруді үйренеді.


Жоспарды құра отырып балалардың деңгейін, шығармашылығын, ізденімпаздығын, білімін дамытқым келіп жобаны енгіздім. Жоспарыма «Ертегіде қонақта» атты жобаны кірістірдім.Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға өте тиімді,онда балалардың өздерінің жан-жақты екендігін көрсете білді. Жоба ұзақ мерзімді болды.Осы уақыт аралығында балалармен жұмыстанып көптеген нәтижелерге жеттік.

Мен бұл жобамда заманауи технологияларды енгізе отырып интерактивті тақта арқылы дидактикалық ойындар және анимациялық мультфильмдер қарау арқылы балалардың қызығушылығын тудырдым.Осы жоба кезінде топта"Ертегілер елінде" бұрышы,«Кел,ертегі тыңдайық» ертегілер топтамасы жасақталды. Балалардың ертегіге деген қызығушылық сезімдері оянып,әр бала үйден ертегілер кітаптарын алып келді.