СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегілер елінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегілер елінде

Просмотр содержимого документа
«Ертегілер елінде»


«Құлыншақ» кіші топ

Тәрбиеші: Тлеубаева Г.Д

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық»

Бөлімі: «Көркем әдебиет», музыка, денешынықтыру

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсініп, тыңдай білуге үйрету. Берілген тапсырманы орындау дағдысын бекіту. Көтеріңкі көңіл- күй сыйлау.

Көрнекілігі:Тақырыптық суреттер, ертегі кейіркерлері, ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтары, ширма.

Сөздік жұмыс: Саяхаттау

Влигвальды компонент: Ертегі сказка


І Кіріспе бөлім:

Тәрбиеші: Саламатсыздар ма, балалар! (балалардың амандасуы)

Шаттық шеңберін құру:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.


ІІ Негізгі бөлім:

Тосын сәт:

«Ертегі ханшайымы» қонаққа келеді.

Ертегі ханшайымы:

Саламатсыңдар ма, балалар!

Мен сендерге бүгін арнайы келдім.

Сендермен бірге саяхатқа шыққым келіп тұр. Сендер саяхатқа шығасыңдар ма? (Балалар жауабы)

Қанекей, ол үшін мына «Сиқырлы орамалға» кіріңдер, осы «Сиқырлы орамал» бізді ертегілер еліне алып барады.


(Ертегі ханшайымы сиқырлы сөзін айтып, әуен ырғағымен ертегілер еліне алып келеді)

Тәрбиеші: Балалар ертегілер елінде көптеген аялдамалар тұр. Ол аялдамалардан өту үшін кедергілерден өту керек.


Алдымызда шалшық сулар бар екен, осы сулардан аттап өту керек.


  1. Аялдама:

«Бауырсақ» ертегісі аялдамасы

(Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін атау)



Балалар алдымызда тағыда кедергі күтіп тұр екен. Жолда шашылған қар кесектерін жинау .


  1. Аялдама:

«Шұбар тауық» ертегі аялдамасы

Тауықпен сәлемдесіп, балалар тауықпен бірге би билейді.


  1. Аялдама:

«Ақылды ою» аялдамасы

Ақылды ою: Балалар ертегі кейіпкерлері жағымды және жағымсыз деп екіге бөлінеді. Ертегіні орыс тілінде сказка деп айтады (Балалар Ақылды ою айтқан ақпаратты қайталайды)

Ақылды ою балалармен сәлемдесіп, өзінің ақылды кітабынан ертегі тамалауға шақырады.


«Үйшік» ертегісін қуыршақ театры арқылы сахналау.


ІІІ Қорытынды:

Балалар біз қайда келдік?

Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Сендер қандай ертегі кейіпкерлерін білесіңдер?

Бізге қонаққа кім келді?

Сендерге Ақылды ою, «Ақылды кітабынан» қандай ертегіні әңгімелеп берді?

Ертегіні орыс тілінде қалай айтады?


Ертегі ханшайымы: Балалар , бізді ата аналарымыз іздеп қалап, мен сендерді «Сиқырлы орамалыма отырғызып, балабақшаларыңы жеткізіп салайын»

Балалар «Сиқырлы орамалға» тұрып балабақшаға оралады.

Балаларды мақтау, мадақтау, бағалау.