СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Газдардың, сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы.

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды зат күйлерінің атауы жазылған стикерлер арқылы топқа біріктіру  (Газ, сұйық және қатты).

І. РАФТ тәсілі

Физика пәнінің ерекшелігін ескере отырып топтар РАФТ тәсілі арқылы жаңа сабақты меңгеретін болады. Әр топ өздерінің атаулары бойынша берілген материал мен суреттер арқылы РАФТ кестесін  толтырады. Сол зат күйінің атынан рөлге еніп, тақырыптарын қорғайтын болады.

 

РАФТ кестесі

Просмотр содержимого документа
«Газдардың, сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы.»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3

Мектеп: Ю.Гагарин атындағы ЖОМ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жакыпова Майра Бектасқызы.

Сынып: 7

Қатысқандар

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Газдардың, сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың , сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Зат күйлерін біледі және олардың түрін ажырата алады.

Көптеген оқушылар: Зат күйлеріне тән қасиеттерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Денелердің молекулалық құрылымын сипаттай отырып, мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийі

  • Заттардың молекулалық құрылысын біледі.

  • Газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттап, мысалдар келтіре алады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

орысша

ағылшынша

Газ

Газ

Gas

Сұйық

Жидкость

Liquid

Қатты

Твердый

Solid

Су

Вода

Water

Мұз

Лед

Ice

Бу

Пар

Couple

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сө тіркестері:

Заттың құрылысы-

Агрегаттық күй -

Молекула-кинетикалық теория-



Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану және химия

Алдыңғы білім





Біледі: зат күйлерін біледі

Білуі керек: зат күйлерінің қасиеттерін біледі, молекулалық құрылымына талдау жасай алады.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

2 мин











5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Сабақта қарастырылатын мәселелер:

Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу"

1. Қандай күшті теңәрекетті күш деп атайды?

2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең?

3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші қай жаққа қарай бағытталады.?

4. Формуласы қандай?

Дескриптор:

  • Теңәрекетті күштің анықтамасын біледі.

  • Бір түзудің бойымен бағыттас екі күштің теңәрекетті күшін біледі.

  • Айырмашылықтарын айта алады.

  • Формуласын біледі.













Оқулық






Сабақтың ортасы

16 мин















































7 мин























5 мин

















7 мин

Жаңа тақырып

Оқушыларды зат күйлерінің атауы жазылған стикерлер арқылы топқа біріктіру (Газ, сұйық және қатты).

І. РАФТ тәсілі

Физика пәнінің ерекшелігін ескере отырып топтар РАФТ тәсілі арқылы жаңа сабақты меңгеретін болады. Әр топ өздерінің атаулары бойынша берілген материал мен суреттер арқылы РАФТ кестесін толтырады. Сол зат күйінің атынан рөлге еніп, тақырыптарын қорғайтын болады.



РАФТ кестесі



Рөл

Мәтіннің кімнің атынан жазыла тыны

Аудитория

Мәтіннің кімге арнап жазылаты ны

Форма

Мәтін қандай түрде жазылатыны, жанры (хат, арыз, өтініш, алғыс, түсініктеме хат, өлең, т.б.)

Тақырып

Мәтін не туралы болады?

Мәтінге арқау болатын тақырып







Дескрипторлар:

  • Ең ұсақ бөлшек атомдар екенін біледі.

  • Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі.

  • Сурет бойынша молекулалар құрылысы арқылы заттың күйін анықтай алады

БББ кестесі

Oқушыларға БББ кестесін таратамын. Бірнеше минут бойында әрбір оқушы тірек сөздер арқылы берілген тақырыпқа байланысты бар білгендерін Білемін бағанына толтырып жазады (жекe жұмыс). Сoсын жұпта жәнe шағын топта талқылап, тақырыпқа қатысты деректер мен қозғалыстар тізімін толықтырады. Білгім келеді бағанына тақырып бойынша не білгісі келетінін жазады. Тoптарға берілген мәтін бoйынша мәтінді oқып шығып, топта талқылап Білдім бағанын толтырады.

Тапсырмадан соң оқушыларға ауызша кері байланыс беремін.

"Бұл - жақсы жауап"

"Сен жетістіктерге жетудесің!"

"Сенің тəжірибені сипаттауың нақты жəне логикалық түрде. Келесі жолы саған өз көзқарасыңа қатысты қателіктерің туралы ойлану қажет"

"Бұл мен күткен жауап емес".

ІI. "Сәйкестендіру" тәсілі

Тақтаға әртүрлі заттардың суретін және соған сай зат күйлерінің атауларын жазып магнитпен іліп қоямын. Оқушылар сол атаулар мен суреттерді сәйкестендіріп қойып, жауабын табатын болады.

Дескриптор:

  • Зат күйлерін ажырата алады.

  • Атаулары мен суреттерін сәйкестендіре алады.

Кері байланыс:

ІII.Физикалық эксперимент. Stop-кадр тәсілі.

Интербелсенді тақтаға зат күйінің молекула қозғалысының бейнежазбасын қосып, белгілі бір уақытта тоқтатамын. Оқушылар бұл қай зат күйінің молекулалық қозғалысы екенін атап, оны қалай анықтағанын айтады. Сол арқылы оқушылармен диалог құрамын.

Дескриптор:

  • Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі.

  • Зат күйлерінің молекулаларының қозғалысын біледі.

  • Бейнекөрсетілім бойынша молекулалар қозғалысы арқылы заттың күйін анықтай алады.

Кері байланыс (Смайликтермен) :

Зат күйлерінің атауы жазылған стикерлер арқылы топқа біріктіру



Газ



Сұйық





Қатты









































БББ кестесі





Білемін

Біл гім келеді

Біл дім
































































Сабақтың соңы





3 мин

Рeфлексия пирамидаcы: (үлестірме қағаз бeрілeді)Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:



Еске сақтау

керек маңызды

бір нəрсе

































Үлестірме



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардыңматериалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

  • "РАФТ" тәсілін пайдаланып, оқушылар зат күйлерінің рөліне еніп, сабақ мақсатына жетуіне ықпал жасаймын.

  • Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.

  • Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.



Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?