Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.
Қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл оқытушыға қойылатын талап та жаңашыл болатыны сөзсіз. Оқытушы алдындағы басты міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілетінің, бірінші кезекте, оның білім деңгейімен айқындалатынын атап көрсеткендей,бүгінгі заман оқытушысы жаңаша ойлай білетін, жаңа идеялардың авторы болуымен қатар озық технологияларды меңгерген, сол арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра алатын қасиетке ие болуы шарт.
Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Оқытушылар тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру қажет», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісінде пайдалану мен тиімділігін арттыру керек . Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану – өмір талабы. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді дайын күйінде бермей, оқушыладың алдына белгілі бір мәселені міндет қылып қойсақ, олар инновация элементтерін пайдалана отырып, іденіп шешуге талпынады. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтарды тәрбиелейміз.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
Оқытушының уақытын үнемдейді
Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
Барлық баланы оқыту;
Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Сондықтан арнайы пән сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыстануға көп мән берем. Инновациялық технологияларды пайдалану маған сабақтарда зерттеу ісін, ынта –ықыласты қалыптастыру бірнеше тәжірибелі нәтиже береді:
Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасайды және оның шығармашылығының өздігінен іс – әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына септігін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап – оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет – ретімен толық жеткізуді үйрету. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінен ең маңызды бөлігі.
Қазір қысқаша сабақта қолданатын инновация элементтерін келтірсем.
Оқушыларды жаңа тақырыпқа ендіру үшін бірнеше әдіс қолдануға болады. Бұл әдістері оқушының логикалық ойлауын, қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізіледі.
«Бас ауырту » Тақтада шашырап орнатылған сурет қиындыларын құрап, жаңа сабақтың тақырыбын шығару керек. Сол суретке қарап жаңа тақырыпты атын болжауқажет.
«Иллюстрация» әдісі: жаңа тақырып бастамас бұрын тақырыпқа қатысты фильм, видео роликті қарау. Фильмді көріп болған соң оны талқылап, өтілейін деп отырған сабақ тақырыбы мен мақсатын формировать етеді. .
Сонымен қатар өтілген тарау бойынша негізгі кілт сөздерін берем, оқушылар сол бойынша ақпарат жинап, өз түсінгендерін жеткізе айту керек.
Немемсе үй тапсырмасы сұрау кезінде бір кілт сөз берем. Оқушы сол сөз бойынша схема құрастырып, айтып береді.
«Б-Б-Б» кестесі («білемін – білгім келеді – білдім»)
Материалды графикалық ұйымдастырудың және логикалық-мағыналық құрылымдаудың бір тәсілі. Тақырыптың мазмұны кешенді түрде қарастырылатын болғандықтан, түр ыңғайлы.
1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.
2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады.
3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру.
Студенттерге қосымша екі – «ақпарат көздері» , «ашылмаған не қалды» бағандарын ұсынуға болады.
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін мозайка әдісін қолданамын. Топ оқушыларын 4 оқушыдан топқа бөліп тастаймын. Әр топтағы әрбір оқушыға жаңа тақырып бойынша негізгі сұрақтарды бөліп берем. Әр боп өз бетінше берілген тапсырма бойынша үйден дайындалады. Әр топтағы бірдей сұрақтың эксперттері топ болып жиналып өздерінің материалдарын ортаға салып, талқылайды. Өз сұрақтарын қысқаша қортындылайды. Болған соң өз топтарына оралып, бір – бірден өз топтарына өз материалдарын түсіндіреді. Мұндағы мақсат оқушылар бір – бірін оқытады.
Сонымен қатар сабақта триз технологиясының элементтерін қолданамын. Триз технологиясының басты бөліктері: проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі, ақпараттық қор, шығармашылық ойлауды дамыту. Осы технологияны мен өз сабақтарымда былай қолданамын. Шығармашылық қиялды дамыту. Бір – бірімен байланыссыз сөйлемдерді байланыстыру керек. Сабақта мәтінді де бірнеше бөлікке бөліп, бірінші сөйлем мен соңғы сөйлемді алып, ортасын байланыстыратындай сөйлемдерді өздері құрау керек.
Бұл тәсілді кез келген сабақта қолдануға болады, мен сабақты бекіту, қортындылу кезінде пайдаланамын.
Мағынасы бойынша дұрыс құрастырылмаған сөйлемнің қатесін тауып, дұрыстау қажет.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларының әдістемелік тәсілінің бірі.
«Мағынаны тану» әдісі кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді.Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады.
Бір сабақта барлық элементтерді қатарынан қолдану мүмкін емес, мүмкіншілігіне қарай сабақтың әр этаптарында тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы керек. Соңғы жылдары білім жүйесінде көптеген тәжірибелі әдіс – тәсілдер жиналды, соның ішінен әрбір оқытушы өзіне сай келетіні таңдап, оны одан әрі дамытып оқушылардың жеке тұлғалық сапасына, қабілеттілігіне ашу қажет. Ең бастысы – өз пәніне, жұмысқа, оқушыға деген сүйіспеншілік, талап, үздіксіз еңбек.