І - нұсқа 1. Адамның өзін-өзі тануында білімнің рөлін атап көрсеткен қазақ ағартушы-ғалымдары: A) М. Өтемісұлы Б) Ө. Жолдасбеков В) И. Тайманов Г) Ы. Алтынсарин 2. Жүрек қалауымен мамандық таңдауда сізге көмек көрсете алады: A) Хисса-дастандардағы кейіпкерлер Б) Ата-анаңыз В) Аңыз кейіпкерлері Г) Батырлар жырының кейіпкерлері 3. Адам жан дүниесіндегі рухани қажеттіліктер туындайды: A) Қауіпсіздік пен қорғанысқа ұмтылысынан Б) Билікке қол жеткізу қуанышынан В) Өмірге, сұлулыққа іңкәрлік және тұрмыс қуанышынан Г) Қоршаған заттар мен құбылыстардың әр алуандығынан 4. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қарым-қатынасқа қажеттілік анық көрінеді: A) Қонақжайлылықтан Б) Сенімсіздіктен В) Агрессивтіліктен Г) Тұйықтықтан 5. Кез келген дау-дамай жағдаятында болады: A) Жеңімпаздар, жеңілгендер Б) Бақылаушылар, жәбірленушілер В) Жеңімпаздар, бақылаушылар Г) Бақылаушылар, келісушілер 6. Махаббаттың адамшылықтың және адамгершіліктің жоғары көрінісі екендігі білінеді: A) Сезімнің буырқануынан Б) Рухани, дене, интеллектуалдық құштарлықтың бірлігінен. В) Құпия-сырлылығынан Г) Адамды биікке көтеруі мен ізгілендіруінен 7. Туыстық байланыстар басты рөл атқарады: A) Өз отбасын құруда Б) Достарымен көңіл көтеруде В) Өмір жолын таңдауда Г) Болашақ жарын таңдауда 8. Патриотизм: A) Өз елінің қазба байлықтарын пайдалану Б) Әртүрлі ұлттардың тілін білу В) Өз Отанына деген сүйіспеншілік Г) Отаны үшін құрбандық пен ерлікке дайын тұрушылық |