СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"интербелсенді әдістер арқылы бастауыш сынып оқушыларынының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ" БОЙЫНША БАЯНДАМА

Просмотр содержимого документа
«"интербелсенді әдістер арқылы бастауыш сынып оқушыларынының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру"»


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Ж.С.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.    Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет екендігі айқын.Функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс .Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:

• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); оқыту нысандары мен әдістері;

• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Функционалдық сауаттылық – оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени  дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол  оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден, отбасынан басталады. Өйткені, ата – аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген. Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез – құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата – ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата – ананың функционалдық сауаттылығы тұр.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы аталған  шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.   Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек.  Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда  жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді деген қағидамен, өзім оқып, үйреніп, тәжірибеде пайдаланып келе жатқан сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы зор деген тұжырымға келдім.Әр технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. 

Қорыта айтқанда, тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

2.   «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын ана тілі сабақтарында  пайдаланып оқушылардың шығармашылығын арттыру» Бастауыш сынып №10 2013ж. Ә.Рысбаева

3.  Бастауыш сынып №7 2014ж   «Бүгінгі білім, ертеңгі байлық» Б.Смагулова

4. Ұстаз №1 2013ж  «Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерарқылы   оқушылардың сауаттылықтарын арттыру»  А.С Батыркаирова

5.   «Оқушылардың функциональдық

сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. , 2012. - 42-47 б.