Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамына орай өтетін қалалық мектепаралық
«Үкілі ару» байқауының өтілу сценарийі
Арқалық қаласы 17.03.2017ж, сағ:15.00
Шымылдық ашылады
«Мен қазақтың қызымын» арнауы оқылады
Арнау аяқталысымен «Қазақ қызы» әні орындалады
Қыздар сахна төріне ән ырғағымен шығады
Музыка ойналады, сахнаға Айша-бибі аруы шығады
Фан-фар
Ортаға жүргізушілер шығады
Жәнібек:
Армысыздар қадірменді арулар, аяулы ұстаздар және барша қауым!
Ханзада:
Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын құрбыласым
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Жәнібек:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып отырған қалалық «Үкілі ару» байқауына қош келдіңіздер. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ханзада:
Қазақтың жаңа жылы Наурыз мейрамы тек қазақ халқына жақсылығын әкелсін!
Жәнібек:
Қазақ халқында жаудың бетін қайтарған қайсар қыздарымыз, ел басына күн туғанда елін қорғаған батыр Әлия мен Мәншүк апамыз, қасиетті Домалақ ана мен Айша бибі аруымыз, Зере мен Ұлпан, Әмина мен Роза апаларымыз қазақ қыздарының символы емес пе?
Ханзада:
Мен-қазақтың қызымын, байлығымын. Ата-анама күш беретін айбынымын. Ойласам тәуелсіз елім қазағымды, ұмытылар бойымдағы қайғы-мұңым.
Мен-қазақтың қызымын, ұланымын. Биікке самғап ұшар қыранымын. Әлия, Мәншүк апамызды ұран еткен, мен елімнің мақтанышы жыр-әнімін.
Жәнібек:
Ендеше көп созбай бүгінгі «Үкілу ару» байқауын бастайық!
Ханзада:
Олай болса сахна төріне жайғасқан бүгінгі байқауға қатысушы арулармен таныс болыңыздар!
Шоқан Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің аруы Жәнтіш Ақмарал.
Бейімбет Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің аруы Закен Гүлмерей.
№4 жалпы білім беретін орта мектебінің аруы Бауыржанқызы Жазира.
Абай Құнанбаев атындағы №6 жалпы білім беретін мектебінің аруы Сапабекова Әдемі.
№8 жалпы білім беретін орта мектебінің аруы Сапарғали Диана.
№10 жалпы білім беретін орта мектебінің аруы Ыбырай Дана.
Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның аруы Хасен Аружан.
Родина орта мектебінің аруы Аппоз Гүлназ.
Жәнібек:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Ханзада:
Бүгінгі байқауға қатысып намысты қолдан бермейміз деп келіп отырған ару қыздарымызға әділ бағаларын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрайымы «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары Шапаева Зәуреш Рыскелдиевна;
Қазылар алқасының мүшесі халықтық педагогика бөлімінің жетекшісі Кәрім Тоғжан Қарашқызы;
Қазылар алқасының мүшесі «КВН» клубының жетекшісі, көркемдік жетекші Баймуратов Сырым Болысбекұлы;
Қазылар алқасының мүшесі «Ай-ару» би студиясының жетекшісі Шакенова Айгерім.
Жәнібек:
Қазылар алқасымен таныс болдық, көрермендер залда лық толы, ару қыздарымыз сақадай дайын.
Ханзада:
Ендеше қатысушыларымызды сахна сыртына ду қол шапалақпен шығарып салайық.
Музыка ойналады
Қыздар сахна сыртына шығып кетеді
Жәнібек:
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
Ханзада:
Байқауымыздың алғашқы кезеңі «Мен қазақтың қызымын...» өзін-өзі таныстыру кезеңін бастаймыз. Алғашқы болып сахна төріне Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің аруы Жәнтіш Ақмаралды шақырайық.
Тізім бойынша аруларды шақырады
Жәнібек:
Құрметті қазылар алқасы бірінші кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер
Ханзада:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі үкілі ару байқауынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
Жәнібек:
Байқауымыздың екінші кезеңі «Өнерліге өріс кең» өз өнерлерін көрсету кезеңін бастаймыз. Сахна төріне Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің аруы Жәнтіш Ақмаралды шақырайық.
Ханзада:
Құрметті қазылар алқасы екінші кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер
Жәнібек:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
Ханзада:
Байқауымыздың соңғы кезеңі «Білгенге маржан». Қатысушыларымызға қазақ тарихынан, ұлттық салт-дәстүрінен сұрақтар қойылады. Ол үшін сахна төріне барлық аруларымызды шақырамыз.
Музыка ырғағымен барлық арулар сахна төріне шығады
Жәнібек:
Қазылар алқасы толық жауапқа 5 ұпай, жартылай жауапқа 4, жауап бермесе ұпай қойылмайды.
Ханзада:
Құрметті қазылар алқасы соңғы кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер
Жәнібек:
Осымен барлық аруларымыз сайыс шарттарынан сүрінбей өтуге тырысты. Ал, кімнің бүгінгі байқауда жеңіске жеткенін анықтау үшін қазылар алқасын кеңесу бөлмесіне ду қол шапалақпен шығарып салайық.
Ханзада:
Олай болса достар, жеңімпаздарды есімін бірге естейтін боламыз, әзірше тамаша әндерге кезек берейік.
/музыкалық сәлемдемелер/
Жәнібек:
Қазылар алқасы дайын болған екен. Ендеше барлық қазылар алқасы мүшелерін сахна төріне шақырайық.
Ханзада:
Байқау жайлы өз ойларыңызбен бөліссеңіздер. Сөз кезегі өздеріңізде.
/жеңімпаздар марапатталады. Алғыс хаттер мен арнайы дайындалған сыйлықтар табысталады/ Фон
Жәнібек:
Міне, бүгінгі байқаудың негізгі жеңімпаз аруымыз анықталды. Құтты болсын, қатысқан барлық қатысушыларға байқау ұйымдастырушысы атынан мектеп басшыларына, жетекшілерге, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Ханзада:
Бүгінгі «Үкілі ару» қалалық байқауы аяқталды, Сіздерге амандық, қашанда қазақ қызы деген атқа лайық болыңыздар. Сау болыңыздар.
«Білгенге маржан» білім сайысы
Сұрақтардың толық жауаптары
Ат тергеу
Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым».
Асар жасау
Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды.
Ат тұлдау
Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды.
Аузына түкірту
Бұл – қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындарға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ғана жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен туған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.
Бастаңғы жасау
Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.
Бәсіре атау
Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.
Жылу жинау
Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан бір адам ұйымдас тырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады.
Көрісу
Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.
Қазан шегелеу
Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
Қорықтық құю
Ол – емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді.
Сауын айту
Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, бір жыл бұрын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне жан-жақты қолдау көрсетеді.
Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы
Ұлыстың Ұлы мейрамы «Наурыз» мерекесіне орай өтетін қалалық мектепаралық
«ҮКІЛІ АРУ»
байқауының өтілу жоспары
Іс-шараның өтілуіне жауаптылар: Маженов Б.А.
Мырзахметов Ж.К. .
Арқалық қаласы
2017 жыл