СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қазақ халқының ою-өрнегінің ерекшелігі" сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дәстүрлі сабақ. Сабақта ұйысдастыру ерекшелігі өте жақсы қамтылған және талапқа сай.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақ халқының ою-өрнегінің ерекшелігі" сабақ жоспары»

Төлеген Еркеш Есенболқызы

Бұрма ЖОББ мектебі технология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқы ою-өрнегінің өзіндік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Бідімділігі: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама бере отырып,олардың ерекшеліктері туралы түсінік беру.Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ұлттық өнер туралы,білімдерін жүйелендіру,саусақ қимылдарын шеберліктерін дамыту.Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту; шығармашылық ізденісін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың бұйымдарын эстетикалық талғаммен, ұқыптылықпен, әсемдікпен жасауға тәрбиелеу, қолөнерге, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Керекті құрал жабдықтар: Желім, қайшы, түрлі –түсті қағаз.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, тарих.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ

4.Сарамандық жұмыс.

5.Қорытынды бөлім.

6.Үйге тапсырма.

7.Жұмыс орнын жинастыру
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын түгендеу.

2.Үй жұмысын тексеру: Cонымен оқушылар ылғалды жылумен өңдеу тақырыбын қорытындылайық.

1. Бұйымды дымқыл – жылулық өңдеу дегеніміз не ?

2. Бұйымды дымқыл – жылулық пен өңдеуге қанша уақыт кетеді ?

3. Дымқыл – жылулық қандай мақсатпен жүргізіледі ?

4. Тұтас дымқыл – жылулық процессі неше сатыдан тұрады , олар

5. Өңдеу процессі нешеге бөлінеді ?

6. Үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі .

3. Жаңа сабақ. Ою өрнек ( лат- «ORNAMENTUM» ) әсемдеу, сәндеу, әр түрлі заттарды үй іші мүліктері, тоқыма бұйымдары, еңбек құралдары, архитектура, ғимаратты әшекелеуге арналған жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімдікке құрылған өрнек нақыштары. Қазақтың ою-өрнектері мен атаулары сан алуан. Ғалымдар әзірше 200дей түрін ғана анықтаған. Ою-өрнектің қарапайым элементтері Андрон дәуіріне жеткен кезде әшекейлей бастаған. Слайд (оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аударту)

Қазақ ұлтының ою-өрнектері мативтеріне қарай

а) зоморфтық ою-өрнек; бұл өрнекке негізінен жануарлардың, түрлі жәндіктердің мүшелері бейнеленген, мысалы: қошқар мүйіз, түйе табан, өрмекші, сынық мүйіз.т.б. "Қошқар мүйіз" – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.


ә) өсімдік тектес ою-өрнек; көкеніс өрнектері, гүл жапырақ , дән.т.б элементеррі жатады.«Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады

б) геометриялық ою-өрнектері- геометриялық фигуралар жатады, олар бес бұрыш, алты бұрыш. "Ботакөз"– сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

В) космогониялық ою-өрнек жер көрінісінің элементтері жұлдыз, ай, космос, табиғаты байланысты элементке жатады. "Жұлдыз"– аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

4.Сарамандық жұмыс.Сонымен оқушылар, бүгінгі сабағымыз жалпы ою-өрнек тақырыбының қортынды сабағынан нені үйрендік?нені білдік?бүгін соны дәлелдеп көрейік.Бүгін сіздер өздеріңіз қалаған оюды матаға түсіріп,жастықша,көрпеше тігеміз.Қане,барлығымыз жұмысқа кірісейік.Кім қандай оюды таңдады екен?Ойланамыз,ой қиялымызды жүзеге асырып жақсылып ойланып бір ою-өрнек түрін таңдап аламыз.Содан ол ою-өрнекті алдымен қағазға содан матаға бормен сызып аламыз.Содан қайшымен қиып аламыз матаға көмкеріп тіге бастаймыз

1-кезең 2-кезең 3-кезең



5.Қорытынды бөлім: Шеберлікке шек жоқ,

Жалқаулыққа жол жоқ,

Өнерлінің қолынан

Тамып тұрған бал көп - деп бүгінгі сабағымызды қорытылындау үшін жұмбақ шешіп , мақалды аяқтап сұраққа жауап беріп көрейік.

Назарымызды интерактивті тақтаға аударайық

  • Кім еңбек етсе ... сол тоқ.

  • Еңбек етсен елге өкпелеме,

Егін екпесен ... жерге өкпелеме.

  • Бір тышқанда екі құйрық ( ине, жіп)

  • Қолымда бір құсым бар, екі басты

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты (қайшы)

  • Кішкене өзі, мың көзді (оймақ)

  • Ою-өрнек неше түрге бөлінеді (4 түрге)

  • Жұлдызша оюы оюдың қай түріне жатады ( космогониялық)

  • Түйе табан деп аталатын ою түрі оюдың қай түріне жатады (жан жануар)

6.Бағалау: үй тапсырмасын істеп келгенге байланысты, белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

7.Үй тапсырмасын : ою түрлерін бүктеме жасау .

8.Жұмыс орнын жинастыру



































Өзіндік талдау

Тақырыбы: Қазақ халқы ою-өрнегінің өзіндік ерекшелігі

Сыныбы: 5 «а»

Пәні:Технология

Пән мұғалімі:Төлеген Еркеш Есенболқызы

Бағалау талаптары

Баға

Оқытуды ұйымдастыру.

+

Сабақтың мақсатының берілуі, оқытылатын материалдың маңыздылығын түсіндіру.

+

Танымдық белсенділігін арттыруды ұйымдастыру

(қызықты фактілерді, мағлұматтарды қоса беруі).

+

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра білуі.

+

Өз бетінше жұмысты ұйымдастыра білуі.

+

Жалпылама және топтық жұмысты ұйымдастыра білуі.

+

Оқушыға жеке дара көңіл бөлуді іске асыру.

+

Тақырып бойынша арнайы іс-әрекетті ұйымдастыруы

(тәжірибеде оны талдау, пікір айтқызу).

+

Оқушылармен қарым қатынасы.

+

Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.

+

Оқытылмақ материалдың мазмұны, ғылымилығы.

+

Қазіргі кездегі маңыздылығы, өмірмен байланысы.

+

Материалдың тартымды берілуі.

+

Пәнаралық байланысы.

+

Оқытылмақ материалдың жүйелілігі.

+

Үй тапсырмасы ( мөлшері, берілуі).

+

Сабақ өткізу тиімділігі.

+

Уақытты ұтымды пайдалануы

+

Сабақты түрлендіруі: жаңа технология әдістерін тиімді пайдалануы.

+

Көрнекілік, техникалық құралдарды дұрыс қолдана білуі.

+

Сабақтың тәрбиелік мәні.

+

Оқушылардың білім деңгейі.

+

Оқушы білімінің дұрыс бағалануы.

+

Сабақтың мақсатына жетуі және нәтижесі.

+

Қортынды___________________________________________________________Ұсыныс______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________