Курбанбаева Маржанай Садвакасовна
№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Қордай ауданы .Жамбыл облысы
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сын есім туралы алған білімдерін кеңейту, қарсы мәндес
сын есім туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын
молайту,сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауаттылыққа , ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге , әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтел , оқулық, сәйкестендіру тесті т.б.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,СКТТ.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр,барлығымыз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.Хормен: Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау міндетіміз.
Сәлем бердік сіздерге ,
Басымызды иіп бәріміз.
Психологиялық дайындық : Мақсатымыз білім алу ,
Міндетіміз еңбек ету,
Еңбектену арқылы 4 пен 5-ке қол жеткізу.
II. Үй тапсырмасын сұрау: 5-жаттығудың орындалуын тексеру.
Оқы. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қой.
Өлеңді жатқа айт.
III. Өткен сабақты бекіту: « Кім тапқыр?» ойыны арқылы сәйкестендіру тестін орындау.
Сәйкестендіру тесті: тәртіпті қылық
қалың оқушы
қызыл бала
ұқыпты ағаш
ұстамды алма
тәртіпті бала
IV. Сергіту сәті:
Көктемгі жаңбыр себелеп,
Алдымнан жел еседі.
Көп іздеген балалар,
Білімді болып өседі.
V. Жаңа сабақ:
5.1.Жаңа тақырыпты мақалдардың мағынасын түсіндіру арқылы түсіндіремін.
Батырдың өмірі қысқа , даңқы ұзақ.
Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс тындырады.
-Осы мақалдардың ішінде бір - біріне қарсы мәндес сын есім сөздер бар ма?
(Қысқа- ұзақ, ақылды- ақымақ).
Ереже: мағыналары бір -біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз. Мысалы: алыс- жақын,қалың- жұқа,жуас -қатал,кең- тар.
VI.Оқулықпен жұмыс:
Жаттығулардың орындалу жолдарын түсіндіремін.
7-жаттығу. «Кім тапқыр» ойыны арқылы орындау.
Сөйлемдерді қөшіріп жазу. Сын есімдерді табу.
Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
Жақсы бала- қуаныш,жаман бала- өкініш.
Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.
Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.
8-жаттығу. «Кім зерек» ойыны арқылы орындау.
Өлеңді оқып, жатқа жаз. Қарсы мәндес сын есімдердің астын сыз.
Үйрен жақсы әдептен,
Жирен жаман әдетт
9-жаттығу. «Кім зейінді» ойыны арқылы орындау
Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Мейірімді, инабатты, жуас. Айгүлдің анасы мейірімді жан.
10-жаттығу. «Кім жылдам?» ойыны арқылы орындау.
Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде, оларға қарсы мәндес сын есім тауып жаз.
Ірі, жұқа, құрғақ. (Ірі- ұсақ, жұқа- қалың, құрғақ- ызғар).
11-жаттығу. Ауызша орындау.
12-жаттығу. «Кім зейінді» ойыны арқылы орындау.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарсы мәндес сын есімдердің астын сыз.
Жаман адамға да жақсы көзбен қара.
Аш болсаң да, тоқ болсаң да, құдайыңды ұмытпа.
Ақылды мақтанса, істі тындырар, ақымақ мақтанса, аяғын сындырар.
13-жаттығу. «Жұбын тап» ойыны арқылы орындау.
Берілген сын есімдерді жұптастырып жаз.
Қымбат арзан,қою-- сұйық, қараңғы жарық, жақын-- алыс, қалың- жұқа, аласа- биік, жуан- жіңішке.
Осы сөздердің ішінен бірнеше сөз алып фонологиялық талдау жасау.


![]()







Қымбат Жұмсақ.
![]()
1 . жуан буынды сөз 1.жуан буынды сөз








![]()
2. қымбат 2. жұм-сақ
![]()
![]()
![]()
б.б б.б. б.б. б.б. 3.қа болып бір жағдайда 3 . жұм болып бір жағдайда
тал тасымалданады. сақ тасымалданады.
![]()
4.Қатал. 4.Жұмсақ.
VII.Сабақты бекіту.
-Бүгінгі сабақтан не алдық?
-Білім.
-Қандай жұмыс түрлері болды?
-Сәйкестендіру тесті,жаттығулар орындадық,фонологиялық талдау жасадық,
сөйлем құрадық. т.б
-Көңіліміз қандай?
-Жақсы.
-Сезіміміз қандай?
-Тамаша.
VIII.Сабақты қорыту. « Кім тез айтады?» ойыны арқылы қорытамын.
-Қарсы мәндес сын есім сөздер айту.
-Ереже айту.
IX.Үйге тапсырма беру. 14-жаттығу.167-бет.
X.Бағалау.