«Үздік сабақ жоспары» облыстық байқауы.
Сабақ тақырыбы: «Қазіргі Қазақстанның өндіріс ошақтары»,
«Құрмалас сөйлем, оның түрлері»
Кәсіптік қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. “Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер”,- деп Ж.Аймауытов айтқандай, қазіргі кезде кәсіптік қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру.Ал, заман талабына сай сабақты өз деңгейінде игерту үшін, көп ізденіп, жұмыстануға тура келеді. Кәсіптік қазақ тілі пәнінен әдебиет қорының аздығына орай, оқытушылардан көп ізденісті талап етеді. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Менің өз әдісім – ізденіс, ізденіске жұмылдыру.
Мен көбіне «Ұжымдық оқыту технологиясын» және оқушыларды қабілеттеріне қарай әртүрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы «Деңгейлеп оқыту» әдісін қолданамын. Бұл өзі оқи отырып, өзгені оқыту. Осы технология түрлері оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге, ынтымақтастыққа, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Шәкірт үйретуші міндетін атқарады.
«Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіндігіне қарай мультимедиалық проекторды пайдалана отырсақ, оқытушының ұтары мол деп ойлаймын.
Мен өзім көбіне мектепті орыс тілінде бітірген, бірақ қазақша түсінетін ауызекі сөйлеу тілін меңгерген топтарда сабақ беремін. Осы топтарда оқушылардың танымдық ой-өрісін қалыптастыру мақсатында сабақтың әр кезеңінде өз қалауыммен жаңа тақырыпты бекіту үшін сабақ соңында тіл дамыту сабақтарында немесе пән бойынша аудиториядан тыс өткізілетін шараларды мультимедиалық проекторды қолдануға көңіл бөліп жүрмін.
Олай болса, мен өз іс-тәжірибемнен жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, кәсіптік қазақ тілі пәнінен 08.12.99 ж. МГ-431 «Мұнай газ кен орындарын пайдалану» тобына өткізген бір сабағымды үлгі етіп көрсетуді жөн көріп отырмын.
Кәсіби қазақ тілі сабағынан «Қазіргі Қазақстанның өндіріс ошақтары», «Құрмалас сөйлем, оның түрлері» тақырыбын өткен кезде оқушыларды бір сұрақ төңірегіне жинақтаушы бір нәрселерді шешу құқы бар тұлға ретінде алдын ала тақырыптық ізденіс жұмыстарына бағыттадым. Алдын ала оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар бердім.
Алдымен үй тапсырмасын тексеріп шығамын. (Еңбек жолы қарсаңында. Құрмалас сөйлем.) Сұрақтар қоя отырып үй жұмысын тексеремін.
* Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
* Еңбек туралы мақал-мәтелдер.
* Тәжірбиеден өткен күндерін жазбаша жазып келу.
Жаңа сабақ. “Қазіргі Қазақстанның өндіріс ошақтары”
Құрмалас сөйлем, оның түрлері
Сабақ мақсатын ашып көрсету. (Слайд арқылы түсіндіру)
*Балалар алдымен грамматикалық тақырыпқа тоқталып өтейік.
*Құрмалас сөйлем және оның түрлері. (кесте арқылы түсіндіру.)
«Қазіргі Қазақстанның өндіріс ошақтары»
*Қазақстан Республикасы қандай қазба байлықтарға бай?
(Қазақстанның қазба байлықтарын географиялық картадан көрсетіп,оқушы жауап береді.)
Қазақстанның жерінде кездесетін қазба байлық түрлеріне тоқтала отырып, қай өңірде кездесетінін атап өту. Мысалы: «Жері байдың – елі бай» мәтіні. (Слайд)
Сонан соң, өзіміздің Батыс өңіріндегі ірі кен орны Қарашығанаққа тоқталу. (Слайд) Тақырып күрделі болған соң, алдын ала оқушылардың білім деңгейіне, қабілеттеріне орай тапсырмалар берілген болатын.
* Енді оқушылар Батыс Қазақстан облысындағы қазба байлықтарға тоқталайық.(слайд. Қарашығанақ картасы.)
*Қарашығанақтың басты күш-қуаты.Главный потенциал Карашыганака.(бейне таспадан үзінді көрсету.3мин.)
Алдын-ала өткен сабақта оқушыларға ІІІ топқа бөлініп, тапсырма берілген болатын.
І-топ. Қарашығанақ туралы мәлімет.
ІІ-топ. «Ағылшынның «Бритишгаз» және «Аджип»
компаниялары Қарашығанақта»
ІІІ-топ. Әлеуметтік бағдарламалар.
Алдын ала тапсырмалармен жұмыстанған топ оқушылары өз беттерімен ізденіп, мол мәлімет жинақтап, сол бойынша мәтіндер құрастырып, сөздікпен жұмыстар жүргізіледі. (Сабақ үрдісінде қолданылған мәліметтер деректің соңында тіркелді.)
Мақсатым: Оқушыларға Қазақстанның қазба байлықтары жөнінде, Батыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі кен орны туралы әр түрлі деректер келтіре отырып, Қарашығанақ жөнінде білімдерін толықтыру.
Тапсырма №2
Жаңа сабақ бойынша өтілген жаңа сөздерді пайдалана отырып, құрмалас сөйлем түрлеріне мысалдар жазу.
І-топ. Салалас құрмалас сөйлем
Мысалы: Батыс Қазақстанда кен орындары көптеп кездеседі, бірақ Қарашығанақ кен орны ең ірі болып табылады.
ІІ-топ. Сабақтас құрмалас сөйлем.
Мысалы: Алдымен бұрғылау жұмыстарымен В.Я.Серединнің бригадасы айналысса, кейіннен шетелдік компания серіктестері өз үлестерін қосты.
ІІІ-топ. Аралас құрмалас сөйлем.
Мысалы: Ағылшынның «Бритишгаз» және «Аджип» компаниялары маңызды шартқа қол қойды да, шарт бойынша Қарашығанақта мұнай, газ өңдеу зауыттары салынып, көптеген құрылыс компаниялары жұмыспен қамтылды.
Мақсатым: Грамматиканы және лексикалық тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін тексеру.
Тапсырма №3
- Оқушылар, өткен сабақта биылғы облыстық Жұбан жырларына байланысты өткізілген көркем сөз байқауында жүлделі ІІІ- орынға ие болған Каримова Эльвираға арнайы тапсырма берілген болатын.Каримова Эльвира Эльгизқызы.Ұлты-татар. Өзге ұлт өкілдері арасында өткізілетін байқауларға қатысып отырады.Әр сабақ сайын әр түрлі тапсырмалар беруге тырысамын.Қазақ, орыс,татар,ағылшын тілдерінде сөйлей алады.Жауапкершілігі мол оқушы.
( Қ.Жұмағалиевтың «Мұнайшы» өлеңін жатқа айтып берді.)
Өлеңнің мәтіні қосымша тіркелді.
Мақсатым:Өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйрете отырып, әдебиетімен таныстырып және ақын жазушылар туралы деректер беру.
Тапсырма №4
- Ал, енді оқушылар,Қарашығанақ туралы мәліметтерді қазақша, орысша айтып өттік.Енді ағылшын тілінде айтып көрейік.
Қарашығанақ туралы қысқаша мәліметті үш тілде айту
1978 – Қарашығанақ кеніші ашылды.
1997 – Шеврон мен Лукойл халықаралық консорциумға кіріп, Қараша айында 40 жыл мерзімге қол қойды.
1998 – өнімдерді бөлу жөнінде келісім (ӨБЖК) жұмыс жүргізе бастады.
1999 – құрылыс жұмыстары басталды.
2038 – келісім мерзімі аяқталады.
(Осы мәліметтерді оқушылар оқып, орыс тілінде, ағылшын тілінде айтып өтті.)
Мақсатым:Оқушыларға мемлекеттік тілді үйретумен бірге, заман талабына сай үш тілді меңгеру саясатын ұстану.
Тапсырма№5
Мұнай, газ, кен, өңдеу, өнімдер, бұрғылау, технология, сапа, дамыған.
Берілген жаңа сөздерден үш топқа деңгейлік тапсырмалар беру.
І-топ. Есімді сөз тіркесін құру.
ІІ-топ. Етістікті сөз тіркесін құру.
ІІІ-топ.Сөйлем құру.
(Оқушылардың жазба жұмыстарын жинап, компьютермен теріп, тіркеп отырмын.)
Мақсатым:Жаңа сабақта түсіндіру барысында кездескен жаңа сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрастыру.Оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Тапсырма №6
Мәтінмен жұмыс. Сөздікпен жұмыс.
Мұнай мен газдың халық шаруашылығына маңызы.
Мұнай грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан. «Нафта» жарық шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді.
Мұнайдың шаруашылықтағы маңызын халық ерте кезден-ақ жоғары бағалаған.Оны «жер майы», «асыл май», «тау майы» деп құрметпен атаған.
Мұнай және одан алынатын өнімдер техникада ғана емес, сонымен бірге басқа салаларында да кеңінен қолданылады.Мысалы,көптеген иіс судың түрлері,кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар осы мұнайдан дайындалады. Мұнай тектес газдардан алынатын майлардан пластикалық масса,жасанды дәрі-дәрмектер, фотография пленкалары және қысымға шыдамды сынбайтын әйнектер т.б. жасалады.
Қазіргі уақытта мұнай құрамынан мыңнан астам халық шаруашылығына қажет заттар алынып отыр.
Мақсатым: Мәтінмен таныстырып, мұнайдан алынатын өнімдердің күнделікті тұрмыстағы қажеттілігін түсіндіру.Сөздік қорларын молайту.
Тапсырма №7
«Қарашығанақ» деген сөзді тірек сөз ретінде ала отырып, жаңа сөздер құрастыру.
Мақсатым: Бұл ойын элементі ой-өрісі мен ойлау қабілетінің жақсы дамуына үлкен әсер етеді.Сөздік қорларын молайтады.
Тапсырма №8
Бекіту тапсырмалары.
Интерактивті тақта арқылы бекіту жұмысын жүргізу.
(Тапсырманы проектор арқылы интерактивті тақтаға түсіріп, тақтаның бетін перде арқылы жауып, сұрақтарды ретімен оқи отырып,жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін анықтау.)
1.Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
3 түрге бөлінеді.
2.Бір-бірімен өзара тең дәрежеде байланысатын,баяндауыштары тиянақты сөйлемдер.
Салалас құрмалас сөйлем.
3.Бірінші жай сөйлем екіншісіне бағына байланысатын,баяндауыштары тиянақсыз сөйлемдер.
Сабақтас құрмалас сөйлем.
4.Өзара салаласып та,сабақтасып та байланысатын сөйлемдер.
Аралас құрмалас сөйлем.
5.Мұнай қай тілден алынған?
Гректің «нафта» деген сөзінен алынған.
6.Қарашығанақ қай жылы ашылды?
1979 жылы.
7.КПО басшысы кім?
Роджер Фокс.
8.Келісімге неше жылға қол қойылды?Қай жылға дейін?
40 жыл. 2038 жылға дейін.
Үйге тапсырма: Құрмалас сөйлем,түрлері.
Қарашығанақ туралы шағын мәлімет жазу.
Бағалау. Бағаға пікір ( рецензия )беру.
Қорытындылау.
Сабақ барысында осындай элементерді қолдану арқылы оқушылар ұжыммен, топпен, парласып, командаға бөлініп түгелдей сабаққа араласады. Сабаққа қатыспай отырған оқушы қалмайды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысады. Бұл сіздерге өз тәжірибемнен бір ғана сабаққа қолданған элементтерді көрсеттім. Бұндай элементтерді кейде бір сабақта, кейде әр түрлі сабақтарда қолданып отырамын.
Сабақ өткізу барысында әр түрлі тәсілдер қолданып, мультимедиалық проекторларды қолданып отырсақ, біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы да ұтады, себебі өз ойын еркін жеткізуге мүмкіншілік алады, өз бетімен еңбек етуге баулиды, өздерін сөйлету оқушының ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді, оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжіриебеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, танымдық күшін қалыптастырып және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Мен мектепті орыс тілінде бітірген бірақ, қазақша түсінетін ауызекі сөйлеу тілін меңгерген топтарда қазақ тілінен және қазақ топтарында әдебиет пәнінен сабақ беремін.
Мен өз сабақтарымда «Ұжымдық оқыту технологиясын» қолданамын. Бұл технологиялар оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге, ынтымақтастыққа, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді.
Бұл әдіс мультимедиялық проектордың көмегімен әсіресе, дәстүрлі емес сабақтарда тиімді. Үлгі ретінде мен сіздердің назарларыңызға қазақ тілінен өткізген «Түркістан» тақырыбындағы саяхат түріндегі сабағымды мысалға келтіргім келіп отыр. Сабақтың тәрбиелік мақсаты өз Отанына, қасиетті Түркістанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру болса, осы мақсатты бетке ұстай отырып жұмысымды құрастырдым. Алдын ала оқушыларды топқа бөліп тапсырмалар берілді. Оқушылар дайындалған тапсырмалары бойынша саяхат жүргізді. саяхат барысында Түркістанның көрнекті жерлеріне тоқталып өтті. мысалы: бір топқа берілген «Тарихи Түркістан» деген тақырыбы бойынша оқушылар слайд дайындап қала тарихына тоқталып өтті.
Біздің көпұлтты мемлекетімізде тұратын халықтар үшін өз ана тілін білумен қатар мемлекеттік тіл-қазақ тілін меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті парызы және өмір талабы болып есептеледі. Осы жұмысты іске асыру ең бірінші кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушыларына жүктеледі.Сондықтан да оларға қойылатын талап та жоғары.Әр оқытушы сабақтарына жоғары деңгейдегі дайындықпен келуі тиіс. Қазақ тілі пәні оқытушыларының мақсаты «сауатты, білікті,тиісті дәрежеде өз ойын жеткізе білетін мамандарды даярлау.Мен осы тұрғыда жұмыс жасап тәжірбие жинақтаудамын.0
Қарашығанақ
Қара, ар, ара, қар, арық, қан, ағаш, ақ, шық, аш, ық, шар, аға, ана, ашық, қыр, шана, нағашы, шақыр, араша, қарақшы, шаған, қараша, ақын, нар, нашар, ғашық, анар, ақын, нашар, ағыр, ғарыш, арқан, шыны.
МГ-431 топ. Берсебаев Асқар.
«БҚОББ Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжді» МКҚК
Облыстық « Үздік сабақ жоспары » байқауы
Пәні: Кәсіптік қазақ тілі.
Дайындаған: Қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Қайырлиева Айнұр Миразатқызы.
Орал – 2009 жыл
Орал – 2009 жыл.