Жайма шуақ жаз жетті жүректерге жылуын төгіп. Жыл бойына тынбай еңбек еткен үлкендер мен тоғыз ай бойы білім алып, тәрбиеге сусындаған балалар да мәз-мейрам. Шат-шадман көңіл күйге бөленудің де себебі бар. Өйткені жаз – демалып, тынығатын, күш-қуат жинайтын мамыражай мезгіл. Айнала құлпырып, табиғат анна түрленетін, гүлденетін мезгіл...
Просмотр содержимого документа
«Қош бол жайдарлы жаз!»
Қош бол жайдарлы жаз !
Жайма шуақ жаз жетті жүректерге жылуын төгіп. Жыл бойына тынбай еңбек еткен үлкендер мен тоғыз ай бойы білім алып, тәрбиеге сусындаған балалар да мәз-мейрам. Шат-шадман көңіл күйге бөленудің де себебі бар. Өйткені жаз – демалып, тынығатын, күш-қуат жинайтын мамыражай мезгіл. Айнала құлпырып, табиғат анна түрленетін, гүлденетін мезгіл...
Жаз келсе, балалардың тәрбиесі назардан тыс қалады деген сөземес. Қайта бала біліміне, тәрбиесіне жауапты маман иелерінің жұмысы артады десек артық айтқандық болмас. Олардың қауіпсіздігі, сана-сезімінің қалыптасуы, денсаулықтарының нығаюы жаз кезінде де қырағы бақылауда болады. Жазғы демалыс басталғаннан білім мен тәрбие беру орындары балалардың уақытын демалыс айларында қызықты әр іпайдалы өткізуді мақсат етіп, іс-шараларды қолға алады. Яғни мектеп жанынан лагерлер ашылады,балабақшаларда жазғы сауықтыру жұмыстары жүргізіліп бос уақыттарын тиімд іұйымдастыру үшін сауықтыру орындары қызу жұмысқ акіріседі.
Биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, «Жұпар» балабақшасының тәрбиешілеріде балаларға тек білім беріп қана қоймай, бос уақыттарын жақсы өткізу үшін сана-сезімдерін дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету секілді пайдалы іс-шараларды қолға алды. «Балаларды қорғау күні», «Рәміздер күні», «Астана күні» мерекелерінде концерттік және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырды. Болашақта балалар құқықтық сауаттылығын арттырып, әр бала бақытты өмір сүруге лайықты екендігін сезіндірдік. Елордамыз – Астананың дамуымен таныстырып, балалар суреттері мен өлеңдері арқылы бас қалаға деген махаббаты нжеткізді. Рәміздер күнінде өскелең ұрпақтың патриоттық рухы асқақ екенін аңғардық. Мемлекеттік нышандардың авторларын жатқа біледі, әр қазақтың жүрегіндегі әнұранның әр сөзін жанынан өткізіп орындайды.
Шығармашылық байқауларда балалардың таланттарын дамытуға үлесімізді қостық. «Ерекше бас киім» сайысын ұйымдастырып, ақылымен, ажарымен көпшілікті таңғалдырған сұлуларды анықтап, марапаттадық. Қуыршақтар театрында балалар актерлік шеберліктерін шыңдап, халық ертегілерін сомдап, балабақша бүлдіршіндеріне жақсы көңіл күй сыйлады.
Әртүрлі көрмелер де ұйымдастырылды. Мәселен, шебер қолды балаларымыздың қол өнер көрмесі, түрлі тақырыпта суреттер көрмесі, әсіресе жолға сурет салып, балалардың жай-күйін, арман-мақсатын біліп, психологымыз жеке жұмыс жүргізді. Біздің балабақшадағы балалар үшін спорттық қимылдардың пайдасы орасан. Сондықтан біз спорттық сайыстарға ерекше ден қойып, денсаулықтарын нығайтуға ат салыстық.
Әлбетте, жүзден жүйрік шыққандар жүлдесіз қалмады. Грамоталармен марапаттап, мәртебелерін асқақтатып отырдық.
Бұдан бөлек ауданымыздың көрнект іорындарға экскурсия жасап, өлкеміздің тарихымен танысты. Мұражайлар мен кітапханаларға барып, таным-түйсіктерін тереңдетті. Балалрмен табиғатты қорғау, ата-ананы сыйлау,адамгершілік қасиеттерін жоғалтпау, Отанды сүю, тақырыптарында еркін әңгемелесулер жүргізілді. Міне, біз күнделікті әртүрлі іс-шаралар өткізу арқылы бүлдіршіндердің жадында жаз ерекше жаңғырып тұрсын деген мақсатпен жұмыс жасаймыз.
Амангелді ауданы
«Жұпар» балабақшасының тәрбиешісі
Немзорова Светлана Андреевна


Рөлдік ойындар


Ауданымыздың көрікті жерлеріне экскурсия жасау сәті








