№ 5 мектеп-лицей
(«Қауіпсіз жол!» атты онкүндікте өткізілген іс-шара)
Жолда сақ бол !
Сынып: 4 «А»
Сыныа жетекші: Нүрымбетова Н.О
2019-2020 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол!
Мақсаты: білімділік: – ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім-білік жағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілерімен таныстыру;
Дамытушылық : сөздік қоры, сөйлеу мәнері, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік :жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:бағдаршам макеті, сақтандырғыш белгілер,көшеде жүру ережесі, жөнге салушының бас киімі мен таяқшасы, суреттер, оқушының салған суреттері, нақыл сөздер, шарлар (қызыл, жасыл, сары)
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта бүгін «Жолда сақ бол» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер! Біздің шарамызды жас инспектор өткізеді.
Жас инспектор: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
І кезең «Таныстыру»
І топ: «Жол белгілері»
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
ІІ топ: «Жүргізуші»
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!
ІІІ топ: «Бағдаршам»
Топтың ұраны: Ережені бұзбайық
Тәртіпті біз сақтайық
Бағдаршамға қарайық
Аман алып қалайық!
ІІ кезең «Викториналық сұрақ».
Сайысымыздың шартына көшейік. Әр топқа 10 сұрақтан оқылады. Сұраққа сол топтың оқушылар жауап беруі керек.
1-топ «Жол белгілері»
1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)
2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)
3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)
4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)
5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)
6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)
7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)
8) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)
9) Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)
10) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтейміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)
2- топ. «Жүргізуші»
1) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)
2) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?
3) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)
4) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)
5) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)
6) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)
7) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)
8) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)
9) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)
10) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек - яғни аяғы)
3топ: «Бағдаршам»
1.Жүрісті реттеп отыратын адам?(жол реттеуші)
2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек? (келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)
3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?
(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)
4.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?
(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)
5.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)
6..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?
(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)
7.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)
8.Транспорт құралы дегеніміз не?(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)
9.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған
машинаға мән бермейді)
10.Қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?( Аялдамадан отырамыз).
ІІІ кезең «Ойлан топ» бөлімі (жұмбақтың шешуін табу)
1-топ «Жол белгілері»
1. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы түзеткен (полиция)
2. Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды (автобус)
3Арқаным бар тым ұзын
Ала алмайсың бір үзім
Ақылға салып ойланып
Тапшы мұны пысығым (жол)
2-топ: «Жүргізуші»
1. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді (трамвай)
2. Қатар жатқан қос білек
Үстінен келер күш үдеп (темір жол)
3. Жер асты даңғылы
Көлігінің зулаған
Естіледі соңғылы (метро)
3топ: «Бағдаршам»
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)
Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.
(Бағдаршам)
IVкезең «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру
Өлең құрастыру
------------ балалар
------------- тротуар
-------------- ұмытпа
-------------- сақта!
Vкезең «Кім жылдам» кезеңі? Алдарыңызға мына қиындылар беріледі. Сол қиындыларды құрап, белгілі бір белгіні табу және де сол белгінің нені міндеттейтінін айтып бересіңіздер
«Жолда жүру ережелері» тақырыбына постер жасаймыз. Жол тәртібіне қандай ережелер қоскыларыныз келеді.
Қорытынды: Хор «Бағдаршам»